Байланысты: Мазм ны. Кіріспе. I. Tapay. А ылшын сленгтеріні ерекшеліктері
§1. Сленг- лингвистикалық құбылыс Кез-келген тілдің лексикасы екіге бөлінеді: әдеби және әдеби емес. Біздің қарастыратын сленг әдеби емес лексиканың құрамына енеді. Сленг көптеген жылдар бойы талқыға салынып жүрген мәселелердің бірі болып табылады. Оның болмысы жайлы түрлі анықтамалар беріліп, ғылыми және ғылыми емес пікірлер айтылуда дейді әйгілі ғылшын лингвистерінің бірі Эрик Петридж [Patridge E., 17]. Біз оның пікірін қолдай отырып мынадай анықтамаларға тоқталғымыз келіп отыр:
1. Қоғамның төменгі сатысындағы адамдар қолданатын арнайы көбіне құпия болып келетін сөз қоры.
2. Стандартты тілге сай келмейтін көбіне эмоционалды - экспрессивті болуы бар, жанама мағына қосатын сөздер. Бұл сөздердің бірден қолдау тауып әйгілі болатын немесе қолданыстан мүлдем түсіп қалатын кездері де болады. [W.T.N.I.D. 195].
Ал жаңа Оксфорд ағылшын сөздігінде сленгті төмендегідей айқындайды:
Белгілі бір төменгі әлеуметтік топтың тілі.
1. Стандартты тіл яғни әдеби тілден төмен мүлдем жаңа сөздерге жасалған немесе жаңа, сескендіретін әсер беру үшін қолданыстағы сөздердің басқаша тіркесі. [O.E.D., 856].
Біз бұл сөздіктерде берілген анықтамалардан сленгті жаргоннан ара жігін ажыратпай екеуін бір етіп қарастырып отырғанын байқаймыз. Ағылшын тілінің оқушысы өзінің мақаласында біршама тіл білімі адамдарының сленг туралы түрлі көзқарастарын айтып өткен. Солардың бірі журналист Амбрес Берг сленг туралы келесі пікірін ұсынады: «сленг әдеби тілдің қалдықтарын жинайтын сөйлеу тілі». Оливер Венди Холмс өз кезегінде «сленгті қолдану ақылдың кемуінің бірінші белгілері Карл Сэндбург болса»; [А.В., 191]. «сленг пальтосын шешіп, қолына асып алып жұмысқа кете беретін тіл» дейді. [D.C., 182].
Ағылшын жазушысы Честертон «сленг ол метафора, ал әр метафора - ол поэзия» дейді. [O.U.P., 199]. Гальперинннің «Stylistics» деген кітабында Притиокс пен Киттеридждің төмендегідей сипаттамасын атап өткен: «Сленг әдеби тілге кіруге талмай ұмтылып, алайда ешқандай нәтижесіз қалатын «көшінің тілі» дейді». [G.,K. 205]. Бұл кітапта ауыз екі сөйлеу тілін жақсы меңгерген Эрик Петриджтың да пікірі тыс қалмаған. «Сленг» - дейді ол -әдеби емес көбіне ауыз екі сөйлеу тіліне тән, оның негізі жазба деректерде емес, сөйлеу тілінде жатыр. Егер сленгті қағазға түсірер болсақ, оны неологизм ретінде қарастырамыз. Егер де ол неологизм ретінде қабылданбаса, мағынасыз сөздер ретінде қалып қояды. Тек өте сирек кезде сленг өз қалпын сақтап қалады. Эрик Щтридж сленгке тек қана анықтама беріп қоймай, оның не үшін қолданылатындығы жайында психологиялық тұрғыдан бірнеше себептер берген:
1. Көңілін көтеру үшін.
2. Ақыл, ой-санаға жаттығу ретінде.
3. Ойын қысқа да нұсқа жеткізу үшін.
4. Басқаларға ұқсамау үшін.
5. Қолданыстағы сөздермен қайталанбас үшін.
6. Тілді байыту үшін.
7. Аса мәнерлікті, әсіреушілікті азайту үшін.
8. Достық, жылылық атмосферасын туғызу үшін.
9. Белгілі бір топтың тілін табу үшін, солармен бірдей деңгейде екенін көрсету үшін.
10.Басқалар түсінбес үшін (оқушылар, студенттер, ғашықтар) тағы басқа. 11. Эвфемизм ретінде, өлім немесе тағы басқа ыңғайсыз жағдайды жеңілдетіп айту үшін.
12.Ыңғайсыз, қиын ситуацияны күлкіге айналдыру үшін.
13.Үнемі жаңашылдықта болу үшін.
14. «Сленг тілінде» сөйлейтін қоғамнан қалмас үшін.
15. Ештеңені жүрегіне жақын қабылдамас үшін.
16.Өзін жалықтырып алмас үшін (әдеби сөздермен), және тағы басқа. [Р.Е. 36 6]
Ағылшын сленгі АҚШ-та жалпыхалықтық сипатқа ие, оны халықтың барлығы дерлік өздерінің күнделікті өмірінде, ауыз-екі сөйлеу тілінде қолданылады. [Patridge, 286 б].
Сленг - әр американдықтың лексикасына кішкентай кезінен бастап, өмір бойына әсер ететін лингвистикалық фактор болып табылады. Осыған байланысты Г.Бредли 1911 жылы мынаны ескерген: «АҚШ-та сленг әлдеқайда көбірек қолданылады және оның сөздігі ағылшын тілінде сөйлейтін басқа елдерге қарағанда әлдеқайда көбірек қолданылады» [Bradley, 209 б]. Эрик Патридж өз кезегінде мынаны атап өткен.
«Американдық білімді азаматтарының сөзі ағылшындардың сөзінен, сленгке деген қонақжайлы қарым-қатынасымен ерекшеленеді». [Patridge, 95б]. Сленгтердің барлық қоғамда кеңінен таралуына, одан шығып ауыз-екі сөйлеу тілінде көптеп кездесуінде: қазіргі американ әдебиеті, кино, театр, БАҚ-ры: радио, теледидар, газет-журналдар өзінің үлкен үлесін қосып отыр.
Қазіргі кезде АҚШ-тың көптеген баспаханаларында сленгке байланысты кең ауқымды, қызықты мақалалар басылуда. Солардың қатарында Солтүстік Америкадан шығатын «American Speech» «журналы болып табылады».
«Comments on Etymology» баспасының авторы және редакторы Джералд Хокен сленгке өзінің көп уақытын, күшін, назарын аударған. Бұндай ауқымды жұмыстың нәтижесі ретінде Миссури штатының Ролла университетінде баспаның отыз томы шықты, бұл баспада басқа авторлық да мақалалары қарастырылған.
Сол сияқты Г.Меккен 1919 жылдағы өзінің бірінші баспасында сленгті қарастыруға кітабының он бетін бөлген, төртінші баспасында 1936 жылы елу төрт бет және 1948 жылы қосымша тағы жүз елу бет бөлген.
Американ сленгтеріне лингвистердің тарапынан да американдардың өзінің тарапынан да мұндай үлкен қызығушылық бұрын-соңды қазіргідей болмаған. Бұған 1960 және 1975 жылдарда шыққан «американ сленгтерінің сөздіктері» және осы сияқты тағы басқа сөздіктер түрткі болуы мүмкін. 1961 жылы Вепстер-3 сөздігінің редакциясы ұзаққа созылған талқыдан кейін, сленг сөздерімен сөз тіркестеріне сөздіктен орын бөлуге шешім қабылдады. Сол уақытта бұндай жаңалық АҚШ-ты таң қалдырып, газет-журналдардың бетіне редакцияның шешімін қолдайтын, қолдамайтын туралы түрлі пікірлер жазылды. Алайда бертін келе редакцияның шешімі дұрыс деп табылып, көптеген басқа сөздіктер, оның ішінде сленгтің өзіне арналған сөздіктер де шыға бастады. Сленг сөздіктеріне Д.Ж.Лайтер төмендегідей анықтаманы береді: «Сленг сөздіктері әдеби сөздердің жаңартылған синонимдерінің тұратын, стандарттқа сай емес лексикада жататын сөз қорынан құралған». [Lighter, 190 6].
Американ сленгтеріне деген мұндай бетбұрыс сленгтерінің Американың тілінің, мәдениетінің маңызды бір бөлігі болып табылатындығымен түсіндіріледі.