Мазмұны. Кіріспе. I. Tapay. Ағылшын сленгтерінің ерекшеліктері



бет9/22
Дата01.09.2022
өлшемі0,75 Mb.
#148573
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Байланысты:
Мазм ны. Кіріспе. I. Tapay. А ылшын сленгтеріні ерекшеліктері

«ama» және «ема» суффикстері сөздің мағынасын өзгертпейді. Мысалы: «elomacution» сленг сөзі стандартты тілдегі «elocution» яғни «сөз өнері» деген мағынасында қолданылды. «Stratemagee - strategee» -»стратегия» сөзінің мағынасын өзгертпей қолданылуда. Қалған «fucking», «goddamn»; «bloody» суффикстері де сөзді өзгертпей тек мағынасын күшейтіп, бірнәрсені асыра айту үшін қолданылады. Мұндай инфиксы бар сленгтер тек ауызша сөйлеу тілдегі емес, сонымен қатар көркем әдебиеттерде де кездеседі:
1. He said «Funfuckingtastic!» over and over [Tom Keene, 42] «Ол қайта -қайта «фантастика» деп айтты».
2. It's the absobeloodylutely awful censors [Kathleen.A, 191] «Бұл тіптен нашар цензуралар».
3. The drivers of army motor vehicles were said to be «ambigoddamndextrous» and knew the roads besides [Niles, 46]
«Әскердің көлік жүргізушілері керемет алғыр және жолды да жақсы біледі деседі».
4. Selma, ever-loving Alagoddamnbama [L.A.Times] «Селма мәңгілік сенің сүйікті Алабамаң».
Ағылшын сленг сөздері префикспен де тіркесіп жасалады. Біз бұл жұмыста қарастырылған префикстердің барлығы дерлік болымсыздықты білдіреді және күлдіргі, юморлық сипатында болады. Сол префикстердің бірі «no» префиксі басқалардан дефис арқылы жасалатындығымен ерекшеленеді. Қалған «поп», «ип», «under» - префикстері сөзбен тіркесіп яғни бір сөз болып келеді. Мысалы; «no-taste» - «талғамсыз»; «no-brain» - «мисыз»; «no dice» -немесе «no way» - «ешқашан, ешқандай»; «no-sweet» - «қиындықсыз»; «no-no» - «тыйым салынған»; «no-joy» - «ешқандай жаңалықсыз» т.б. «поп» префиксіне мынадай сөздер мысал ретінде көрсетуге болады; және де айта кететіні «поп» префиксі «мағынасыз» дегенді білдіреді. Мысалы «non-book» - «маңызы жоқ альбом не кітап»; «non-graded» - «еркін жағдайдағы яғни ешқандай емтихансыз, бағалаусыз болатын оқыту, курс», «non-person»
- «маңызы жоқ, тіпті білмейтін адам;» «non-U» - «жоғарғы қоғамға қатысы жоқ адам» және тағы басқа
«Under» префиксімен келетін сленг сөздері: «under-achiever» -»үлгермейтін оқушы», «underemployment» - «өзінің жағдайын толық пайдаланбайтын жұмыс»; «underkill» - «нәтижесіз іс-әрекет»; «under-whelm»
- «әсер қалдырмау»; «unflappable» - «суық қанды»; «understeer» - «жеңіл көлікті дұрыс бұрмау»; «ип» - префиксіне мысал келтірер болсақ: «unknown»
- бұл әскери код ретінде қолданылып «білмеймін» немесе «жаңалық түскен жоқ» деген мағынаны береді: «unperson» - «елінде тіркелген», өзі туралы ешқандай «мәлімет жоқ адам» «unstrikable» - «көтеріліске хақысы жоқ адам» не «жұмысшы» және т.б. Болымсыз префикстермен келетін сленг сөздеріне төмендегідей мысалдарды көрсетуге болады:
You think it's easy to make a non-brain action movie [N. Y. Times, 2000] «Сіз ессіз, ақылсыз іс-әрекеттегі фильмді түсіру оңай деп ойлайсыз ба?»
Without revealing myself as a no-name lame [Business week, 2005]
«Өзімді есімі жоқ, жолы болмайтын адам деп санамай»
When Tom asked Sheila for another date, she said no dice
«Той Шейладан тағы басқа күнді сұрағанда ол оған мүлдем болмайды деп жауап қайтарды.»
Smoking pot on the Campus of Columbia University is a no-no. [A.S., 157б]
«Колумбия Университетінде темекі шегуге қатаң тыйым салынған».
Dr. Broccoli showed us his family photograph album. Which for us was just a huge nonbook? [A.S., 23 б]
«Браколи мырза бізге көрсеткен озінің жанұсының альбомы түк қызығы жоқ, маңызсыз қалың альбом болып көрінеді».
I took a course in Advanced German which was nongraded. [A.S., 156 6] «Мен емтихансыз болатын тереңдетілген неміс тілінің курсынан өттім».
Sheila's intense study of philosophy was an underkill for applying to Barnard College. [A.S., 267 6]
«Шейланың Барлард колледжіне түсу үшін философияны оқыған едәуір еңбегі нәтижесіз болды».
I always have a case of underemployment - now I'm working as cashier in a drugstore. [A.S., 266 6]
«Мен үнемі қызметімді пайдалана алмайтын жағдайға түсемін - қазір мен үлкен дәріханада кассир боп жұмыс істеймін».
Raoul Wallenberg has been a unperson in the Soviet Union for a long time. [A.S.,267 6]
«Раол Уоленберг Совет Үкіметінде ұзақ уақыт басты тіркеуді жоқ адам болып жүрді».
Eric is an unflappable type of person, he always knows what he has after. [A.S.,267 6]
«Эрик өзінің үнемі не істеу керек екеніне білетін, суыққанды адамның бірі».
Келесі қарастыратын «up» және «over» префикстері болымсыз емес, өзіне тиісті басқа мағынаны ұстанады. Мысалы: «up» префиксі алдын-ала, артығымен, үстеммен деген мағынаны береді. Бұл префикспен тіркескен мынадай сленг сөздеріне кездестуруге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет