Байланысты: Мазм ны. Кіріспе. I. Tapay. А ылшын сленгтеріні ерекшеліктері
§2.2. Сленгтің метонимия. Сөздік қорды байытатын тиіміді жолдың бірі метонимия болып табылады. Метонимиядер арасында жақындығы бар екі нәрсенің атын ауыстырып, бірінің орнына бірін қолдануды айтамыз. Метонимия сонымен қатар ауыспалы мағынада, бір зат пен екінші заттың өзара ұқсастығының негізінде жасалатын сөздердің қолданылуы болып та табылады. Мысалы: «crown» is used for king and queen яғни тәжі ханның да ханшайымның да орнына келе береді; «сир» or «glass» for «drink in it», стакан немесе шыны ішіндегі сусынның орнына, «hand»for «workers», қол жұмысшының орнына тағы басқа.
Создердің метонимиялық жолмен мағынасының ауысуының нөтижесінде өдеби сөздердің мағыналары кеңейтіп, сленг сөздерінің қатар саны арта түседі. Сленгтік метонимияларға мынадай мысалдарды келтіруге болады: «red» сөзі ағылшын тілінде қызыл түсті білдірсе, метонимиялық магынаның ауысуымен сленгте «қызыл әскер, коммунист» деген магынаны береді. Мысалы:
«Better red than dead» [A.S, 207]
«Өлгеннен коммунист болған артық».
Метонимияда сөздерді былай қарастыруға болады. Заттың бір бөлігі оның өзінің орнына келеді яғни «Жарты бүтіннің орнына қолданылады» делінеді. Мысалы: «face» - бет деген әдеби сөз, сленг ретінде «beezer» және «kisser» деген сөздермен қолданылады. «Beezer» негізнен сленгте мұрын, ал «kisser» болса ауыз дегенді білдіреді. Алайда мұрын да, ауыз бетте орналасқандықтан яғни беттің бір бөлігі болғандықтан, оның өзінің орнына алмасып келеді. Мысалы:
Jack got it in the kisser by Ivallisse for calling her a flat slob. [A.S, 131]. «Джэк Ивалиссені ақымақ деп айтпақшы үшін, бетіне сұрап алды» «Джордж Вашингтон Британияның әскерлеріне «redcoat» деп атайды.
Бұл жерде «redcoat», «қызыл пальто» деген сөзге жан бітуі, метонимиялық мағынаның ауысуын көрсетуде.
Юрий Волошин өзінің сленг туралы диссертациялық жұмысында метонимияның жолмен мағынаны иемденген сленгтерге бірнеше қызықты мысалдарды көрсеткен. Мысалы: «derby» - ер кісінің шляпасы сленгте «бас» деген мағынаны береді, сол секілді «chill» - соттау сөзі сленгте «өлтіру», «duds» - «мата», сленгте «киім», «hayseed» - «жем-шөп», сленг ретінде «әдепсіз ауыл тұрғыны» және тағы басқалары. Көрсетілген мысалдарға қарап метонимияда метафра сияқты сөздік қорды дамытатын бірден-бір жол деген қорытындыға келеміз
.