Мазмұны. Кіріспе. I. Tapay. Ағылшын сленгтерінің ерекшеліктері


§2.5.Сленгтердің классификациясы



бет20/22
Дата01.09.2022
өлшемі0,75 Mb.
#148573
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Мазм ны. Кіріспе. I. Tapay. А ылшын сленгтеріні ерекшеліктері

§2.5.Сленгтердің классификациясы.
Алдыңғы тарауда біз орыс және американдық лингвистердің ұсынған сленг сөздерінің классификацияларына тоқталып өттік. Біз осы лингвистердің жұмыстарына назар сала отырып, салардың ішінде американдық лингвистердің ұсынған классификацияларын дұрыс деп табамыз. Өйткені қазір сленг қоғамдық саларадың барлығында кездеседі кәне оны сол қоғамдардың арасынан қолданыс ерекшеліктерін зерттеу заман талабына сай болып табылады. Басқа орыс лингвистерінің классификацияларында біршама ауытқушылықтар байқалады. Мысалы:
1. Жаргон мен сленгті бір етіп қарастыру.
2. Сленг сөздерінен ауытқу.
3. Сленг құрылымын, стилистикалық ерекшелігін араластырып. Бұл бөлімде біз Американдық лингвистердің пікірін қолдай отырып, сленгтің қолданыс аясына байланысты төмендегідей классификациясын ұсынуды жөн көрдік. Біз бұл классификациямызда сленг сөздеріне және де түрлі ағылшын түсіндірме сөздіктерінің негізінде жасадық. Сонымен біз сленгті үлкен топқа бөліп топтастырамыз.
1. Студенттерінің қолданатын сленгтері.
а) Әртүрлі студенттердің ерекшелігін сипаттайтын сленгтер жаңадан келген «студент» - «fresher», «еріншек студент» - «a slader», «тырысып оқитын студент» - «wonky», «басы жақсы істейтін студент» - «braniac», «очки тағатын» - «four eyes», «білім емес дипломның соңында жүрген студент» -«grunt», «денсаулығына байланыста демалыста жүрген студент» - «stop out teacher's pet» - «жағымсыз студент», «өзін білгіш деп санайтындар» - «smart arse» тағы басқалар.
b. Емтихан кезінде кездесетін сленгтер:
«to cram» - өте аз уақыт қалған кезде емтиханға дайындалу; «to swot up» -емтиханға жаттап алу арқылы дайындалу; «to flunk on exam»; «wash out» -емтиханнан өте алмау; «tough exam» - өте қиын болған емтихан; That's a cockamamie - қиындықсыз өткен емтихан тағы басқа.
c. Жалпы оқу барысында жүретін сленгтер:
«a dragon» - «қатал оқытушы»; «to skive a lesson» - «сабақтан қашып кету»; «prelims» - «бақылау жұмысы»; «sandwich course» - «техникалық ЖОО-да болатын практикалық сабақтар».
2. Түрлі қоғамдық салаларда кездесетін сленгтер:
a. Мамандық аттарымен сленгтер:
«flyboy» - «үшқыш»; «flea» - «терапевт, дәрігер»; «grunt» - «телефон жөндейтін адам»; «hack» - «кәсіби жазушы»; «hair bag» - «полиция қызметкері»; «pink collar» - «хатшы»; «leatherneck» - «теңізші»; «Narc -nаrс» - «тергеуші»; «lu» - «лейтенант»; «gyno» - «гинеколог» тағы басқа.
b. Медицина саласында кездесетін сленгтер:
«holistic medicine» - «комплексті түрде медициналық қызмет көрсету»; ME (Medical Examiner) «медициналық тексеруден өту»: ER (Emergency Room) «ауыр науқасты қабылдау бөлмесі»; «dump» «жедел жәрдеммен әкелінетін науқас»; OR (operating room) - «операция жасайтын жер»; «mee- too» - «тек санаулы ғана жерде сатылатын дәрілер».
c. Спорт саласында кездесетін сленгтер:
«fat-farm» - «спортзал»; «ref» - «спорттағы әділқазы»; «reliever» - «топтағы ойыншыны алмастырушы»; «геіпк» - «бір топпен келесі жолы да ойнауға келісім шартқа отыру»; «game -plan» - «ойын кезінде жеңіске жету»; «dunk» - «баскетболда ойнайтын доп»; «airball» - «баскетбол ойынында допты дәлдей алмау»; «airmail» - «керісінше дәлдеп кіргізу»; «gruntег» - «күресші» тағы басқа.
d. Компьютер сленгтері.
«Intelligence» - «компьютердің ұсынатын қызметтері»; «crash» -«компьютердің іске қосылмай қалуы»; «paging» - «компьютерлік мәліметтің бір құжаттан екінші құжатқа көшуі»; «machine art» - «бағдарлама»; «interface» - «компьютердің бағдарламаларының бірі»; «hack» - «жарамсыз бағдарламалардың құрылуы».
3. Қылмыс әлемінде қолданылатын сленгтер: а. Қылмыс түрлеріне айтылатын сленгтер: «kife», «do a bank» - «алдау», «erase», «piff», «magnicide» - «өлтіру»; «blow away» - «атып кету»; «crack a cirb» - «тонау»; «mushroom», «shroom» - «атыс кезінде жазықсыз адамның шейіт кетуі».
b. Қылмыскерлерді айқындайтын сленгтер:
«iceman», «mug» - «ұры»; «agger», «lagger», «jailbird» - «отырып шыққан қылмыскерлер»; «wipe» - «жалдамалы бас кесер»; «yard bird» -«қылмыскер»; «gyp», «wrongo» «ұры» тағы басқалар. [A.S, 121-136 б]
c. Қылмыскерлер қолданатын сленг сөздері:
«полиция қызметкерлері»: «Dacon», «bag», «broom», «cop», «shoo fly» [A.S, 20,37,52,225 6]
«түрме»: «Big House», «Slammer», «Pen», «on vacation» тағы басқалар. [A.S, 29,165,179,229 6]
«суық қару түрлері» - «Shank», «shiv», «chrome» «Story» - «полиция қызметкерлерінің қылмысты сипаттауы». «Tijmana - Taxi» - «полиция көлігі»; «Т- man» - «нашақорлықпен айналысатын адам»; «kangaroo club» -«әділсіз өтілетін сот түрі»; «log» - «қылмыскерлердің жазасын өтейтін уақыты»; «on the lam» - «түрмеден қашу»; «have to go» - «сотталу»; «сор а plea» - «сотқа шағым жасау»; «street time» - «түрмеден тыс уақыт».
4. Ішімдік және нашақорлыққа байланысты сөздер:
a. Ішімдік аттары:
«Роо» - «шампан»; «Painkiller» - «вино»; «ріпкеу» - «төмен сападағы виски»; «brew brewski» - «сыра»; «three-two» - «спирті аз сыра».
b. Ішімдік көп ішетін адам;
«alky», «bum», «willied», «hammered», «wembled», «trollied» тағы басқа.
c. Наша аттары мен келетін сленгтер:
«keef», «knockout drops», «philly blunk», «chronic», H, J, тағы басқа. [A.S? 48, 93, 120, 134, 181]
«Head» - «нашақор»,
«Mustier», «pusher» - «наша сатушы»,
«El» «нашаны шегу»; «mailine» - «ине салу»,
«open», «high», «lit», «burn out», «on a cloud nine» — «нашаның әсерінен болатын жағдай».
«Jag-jag», «strike», «dime», «bag» - «кішкентай бөліктегі наша».
Бұл бөлімдегі жұмыстың барысында стандартты сөздердің мағынасының кеңейтілу нәтижесінде сленгтік мағына тудыруыдың тәсілдерінің мол екендігі, сонымен қатар. Сленг сөздерінің қоғамының барлық саласында көрініс табатыны анықталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет