Мазмұны кіріспе мұнай-газ материалдары аудармасы мұнай-газ терминдері бар мәтіндерін аударудың ерекшеліктері Мұнай-газ мәтіндерінің грамматикалық ерекшеліктері «алтиус петролеум интернэшнл»



бет11/25
Дата06.02.2022
өлшемі0,49 Mb.
#79583
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Байланысты:
мұнай және газ терминдерін аудару ерекшеліктері

Light distillates тіркесін «ашық і дистилляттар» деп аударған дұрыс емес, мұның себебі бұл жерде ашық түсті мұнай өнімдері туралы айтылған. Осы сөйлемнен біз yield сөзін кездестіреміз, қазақша аудармасында ағылшынша- қазақша политехникалық сөздікке сәйкес: 1) өндіру, шығару; 2) өнімділік, шығу; 3) өңделгіш, икемді. Мәнмәтінге сай бізге бұл сөздің бірінші мағынасы үйлеседі, бірақ ашық мұнай өнімдерін өндіру немесе ашық мұнай өнімдерін шығару деп аудару дұрыс болмайды. Аталған қондырғымен немесе мұнай дистилляциясы процесімен біршама таныс аудармашы бұл процесс кезінде ашық мұнай өнімдерінің лақтырындысы болатынын біледі.
Келесі сөйлемде washing тіркесін кездестірдік, бұл сөзді сөзбе-сөз аударған кезде каустикалық содамен жуу деген аударма шығады және бұл мағынасына ұқсас аударма, алайда Теңіз, Әлібекмола кен орындарының мамандары бұл жағдайда сілтілеу терминін қолданады және, біздің пікірімізше, бұл сөз осы мәнмәтінге сәйкес келеді деп ойлаймыз.
Енді келесі абзацта кездестірген naphtna сөзіне тоқталайық. Атмосфералық – вакуумды түтік және онда жүретін техникалық процестер туралы ештеңе білмейтін адам аталмыш сөзді шикі мұнай немесе керосин деп аударуы мүмкін, бірақ дұрысында лигроин сөзін қолданған жөн.
Rreduced crude тіркесін қысқартылған немесе қалпына келтірілген шикі мұнай деп сөзбе-сөз аударуға болмайды, әйтпесе сөздің мағынасы бұрмаланады. Бұл сөз тіркесі мазут деп аударылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет