Мазмұны кіріспе мұнай-газ материалдары аудармасы мұнай-газ терминдері бар мәтіндерін аударудың ерекшеліктері Мұнай-газ мәтіндерінің грамматикалық ерекшеліктері «алтиус петролеум интернэшнл»


Мұнай-газ арнаулы терминологиясын аударудың қиындықтары



бет13/25
Дата06.02.2022
өлшемі0,49 Mb.
#79583
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Байланысты:
мұнай және газ терминдерін аудару ерекшеліктері

2.2 Мұнай-газ арнаулы терминологиясын аударудың қиындықтары

Жұмысын жаңа ғана бастап отырған жас аудармашының өзі, қазақша және ағылшынша бірдей «жазылған» сөздердің және бұл сөздердің аударылуы қажет болмайтындығын, яғни аудармашының жалған достарының бар екендігін біледі. Мысалы: history сөзі, тәжірибесі жоқ аудармашы «мұнда ойланатын еш нәрсе жоқ, осы сөзді тарих деп аудара тастаймын» деп ойлайды. Негізінде бұл іс шын мәнінде жеңіл шаруа емес, себебі ағылшынша history сөзі қазақшада тарих сөзімен салыстырғанда көп мағынасы бар бір сөз. Атап айтқанда, техникалық әдебиетте history сөзі уақыт тәуелділігі (параметр, өлшем) немесе уақыттың тәуелділігі болып табылады. Осыдан 30 жыл бұрын шамамен 900 «аудармашының жалған достары» сөздері бар сөздік баспада басылып шығарылды. Бірақ өкінішке орай, бұл сөздердің көбісі техникалық сөздерге қатысы жоқ немесе техникалық әдебиетте кездесетін сөздерге де қатысы жоқ (history сөзі де жоқ).


Әділдік үшін кейбір «жалған достар» техника саласында қолданылғанда «жалған» мағынанын өзін білдіреді. Мысалы: history «тарих/история» болуы мүмкін, бұдан басқа expertise тек қана «құзыреттілік/компетентность» мағынасында емес осымен қатар «сараптама/экспертиза» мағынасында; ал standard тек қана «үлгі/эталон» емес осымен бірге «стандарт»; effect тек қана «әсер/влияние» емес «нәтиже/эф­фект» болуы мүмкін; problem – «міндет/задача» және де «мәселе/проблема» бола алады; procedure – «нұсқаулық/инструкция», (технологиялық) «операция», «әдіс/способ», «әдістеме/методи­ка» болуы мүмкін және де «шара/процедура» мағынасын білдіреді.
«Екі еселі жалған достар» да кездеседі, мысалы: instrument air. Өзімізге мәлім болғандай, ағылшын instrument сөзі (жалған дос) «құрал» мағынасын білдіреді, бірақ құралдар ауада пайдаланбайды, осыған орай «құралдың ауасы» термині жарамайды. Бір жалған досты анықтаған соң, басқа бір жалған досқа тап болдық, себебі өндіріс шарттарында сығылған ауа пневматикалық құралдарда (дрель, шой балға, бұрандама және т.б.) қолданылады, бірақ оны «құралдың ауасы» деп аударған дұрыс емес, себебі сығылған ауа пневматикалық реттеуіштерде де қолданады. Пневматикалық реттеуіштер автоматиканың пневматикалық жүйесіне жатады. Өнеркәсіпте автоматика және құралдармен жұмыс жасайтын біріктірілген бөлімді – бақылау-өлшеу құралдары мен автоматиканың қызметі (БӨҚменА) қызметі деп атайды. Осыған байланысты, instrument air сөзінің нақты және дәл аудармасы «БӨҚменА қызметінің ауасы» болады.
Тағы бір мысал, ағылшын field сөзі – «дала» және «пайдалану» мағыналарын білдіреді, осыған орай, field tests – тек қана (танктердің, зеңбіректердің) «далалық сынақтарын» емес, бұдан басқа жиі -жиі «пайдаланушылық сынақтарын» да білдіреді. Ал in-field office сөзін қалайша аударуға болады? Бұнда «Екі еселі жалған доспен» қайтадан кездестік. Бұл терминді «пайдалану бөлімінің кеңсесі» немесе «құрылыс алаңындағы кеңсе» деп аударуға болмайды. Себебі, шетел мекемесінің бас кеңсесімен (home office) салыстырғанда, бұл термин көп жағдайда «мекеменің өңіраралық кеңсесі» мағынасын білдіреді. Бас кеңсе шетелде, ал өңіраралық кеңсе Ресей бір өңіріндегі қалада орналасқан [15; 79].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет