Мазмұны кіріспе мұнай-газ материалдары аудармасы мұнай-газ терминдері бар мәтіндерін аударудың ерекшеліктері Мұнай-газ мәтіндерінің грамматикалық ерекшеліктері «алтиус петролеум интернэшнл»



бет2/25
Дата06.02.2022
өлшемі0,49 Mb.
#79583
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
мұнай және газ терминдерін аудару ерекшеліктері

КІРІСПЕ


Мұнайгаз материалдарын білікті дәрежеде аудару үшін ең алдымен авторлық құзыреті талап етіледі және шетел тілінің едеуір пассив білімі жеткілікті.


Мұнайгаз мәтіндерін аударуға сұраныс көбеюде және бұдан әрі де арта түседі, бірақ тек қана жоғары сапалы аудармалар болуы тиісті. Ал, жоғары сапалы техникалық аударма дегеніміз не және «жақсы аудармашы» дегеніміз кім. Аударылуы тиісті мұнайгаз түпнұсқаларының мәтіндерін орташа қиындықты немесе жоғары қиындықты деп бөлудің өзі жасанды, себебі жалпы алғанда ғылыми-техникалық аудармалардың, оның ішінде мұнайгаз терминдерін аударудың ерекшелігі әр уақытта қиын, себебі бұл ретте аудармашыдан айқын кәсіби білім талап етіледі және міндетті түрде мәтіннің мазмұнында бір емес бірнеше «бас қатырғыш» кездеседі, бұлардың шешімін табу үшін аудармашының немесе редақтордың бір күнгі жұмыс уақыты толығынан сарп етіледі; сондықтан түпнұсқаның қандай-да бір қиындылық коффициентін анықтау аудармашыны аттестациялау үшін емес, тек қана тапсырыс берушіге аударманың құнын бағалауға қажет болуы мүмкін.
Білікті маман берілген аударма саласына білім дәрежесінің жеткіліктігін немесе аударылатын мәтіннің «бөгде» екендігін өзі-ақ анықтайды: ол бөгде маманның тақырыбына жоламайды және еңбек өнімділігі жоғары болатын таныс тақырыппен салыстырғанда бұндай аударманың «тиімсіздігін» де біледі.
Ал, қысқа уақыт аралығында жазбаша аударма жасау дағдысы өте маңызды, себебі аударма қауырт жасалған жағдайда, аударма фирмалары білікті ғылыми редакторларды жұмысқа тартпайды және іс жүзінде жасалған аударма аудармашының қаламынан тікелей тапсырыс беруші ұсынылады. Демек, аудармашы өзіне-өзі редактор болады, яғни өз еңбегінің нәтижесін сын көзбен бағалап, қарастырылып отырған пәндік саланы жеткілікті дәрежеде меңгеруі тиісті, әрине қазақша де жақсы білуі қажет.
Жақсы техникалық аудармашылар баршылық және олар әр кезде қажет. Дегенмен, бүгінгі таңдағы инженерлер аударма жасау барысында ондаған анықтамалықтарды жиі қолданады, бір-бірімен байланысты саладағы мамандармен кеңеседі, Интернет желісінде өздерінің көптеген сұрақтарына жауап іздейді, ал кейде терминологияны дәл айқындап, келісу үшін тапсырыс берушінің өкілдерімен іс жүзінде нақты уақыт аралығында электрондық пошта арқылы хабарласады.
Біз таңдап алған тақырыбымыздың өзектілігін - облысымыздың географиялық орналасуын ескере отыра айрықша атап өткіміз келеді. Қазіргі кездегі, аударма нарығында орасан зор бәсекелестік орын алған жағдайда, мұнайгаз терминологиясын аудару бойынша білім және оны дұрыс пайдалану талассыз басымдылық болып табылады.
Дипломдық жұмыста мұнайгаз саласындағы терминдердің құрылу негізі мен мұнайгаз терминологиясының ерекшеліктері сияқты айтарлықтай маңызды аспектілер қарастырылған.
Зерттеу нысаны болып табылады: мұнай мен газ ұңғымаларын бұрғылау барысында, көмірсутекті шикізаттың кен орындарын қазу барысында, сонымен бірге мұнай мен газды шығару кезінде қолданылатын терминдер.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: мұнайгаз терминологиясының ерекшеліктерін және аударма қызметінің барысында туындайтын қиыншылықтарды ашып көрсету. Мақсат келесі міндеттерді анықтады:

    1. «Термин» ұғымының мәні мен мағынасын ашу;

    2. Мұнайгаз терминдері бар мәтінмен жұмыс істеудің өзгешеліктерін зерттеу;

    3. Мұнайгаз мәтіндерінің грамматикалық ерекшеліктерін айқындау;

    4. Мұнайгаз материалдарын аудару барысында туындайтын негізгі қиыншылықтарды талдау.

Ю.В. Ванниковтың, А.Л. Пумпянскийдің және басқа да шетел авторларының еңбектері Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі болып табылады.
Бүгінгі таңда мұнайгаз терминологиясын аударудың жоғары сұранысына қарамастан, мұнайгаз терминологиясын аударудың ерекшеліктері жеткіліксіз зерттелген. Сол себепті, дипломдық жұмыстың нәтижелерін - аударманың жеке теориясы бойынша оқытушылар, сонымен бірге техникалық аудармашылар өз қызметінде пайдалануы мүмкін. Мұнайгаз терминдерін аудару бойынша әдістемелер мен ұсыныстарды іс жүзінде жасау осы жұмыстың практикалық құндылығы болып табылады.
Осы дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеттері ашылған, зерттеу заты мен нысаны анықталған, зертеудің ғылыми жаңалығы мен жұмыстың практикалық құндылығы айқындалған.
Жұмыстың бірінші тарауында мұнайгаз терминологиясы бар жұмыстың өзгешелігі мен мұнайгаз саласындағы терминдердің құрылуы қарастырылған.
Екінші тарауда мұнайгаз материалдарын аудару ерекшеліктері мен мұнайгаз мәтінінің сипаты ашылған.
Қорытындыда мұнайгаз терминдерін дұрыс және сәйкес мағыналы аудару және аударма қызметінің үдерісінде (процесінде) туындайтын қиыншылықтарды жеңу бойынша негізгі ұсыныстар мен тұжырымдар баяндалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет