Мазмұны кіріспе мұнай-газ материалдары аудармасы мұнай-газ терминдері бар мәтіндерін аударудың ерекшеліктері Мұнай-газ мәтіндерінің грамматикалық ерекшеліктері «алтиус петролеум интернэшнл»



бет6/25
Дата06.02.2022
өлшемі0,49 Mb.
#79583
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
мұнай және газ терминдерін аудару ерекшеліктері

Транскрипция тәсілі дегеніміз – түпнұсқа тіліндегі лексикалық бірліктерді аударма тілінің фонемаларының көмегімен қайта құру.
Транслитерация – түпнұсқа тіліндегі лексикалық бірліктердің аударма тілінің әліпбиінің көмегімен қайта құрылуы.
Калькалау тәсілі дегеніміз – түпнұсқадағы сөздің құрамды бөлігін (морфемалар) немесе лексемаларды аударма тіліндегі сәйкес элементпен аудару.
Суреттеу немесе түсіндірме аударма тәсілін қолдану барысында аударма тілінде түпнұсқа тіліндегі лексикалық бірліктің белгілерін ашатын сөздер арқылы түсіндіріледі.
Біз қарастырған аударма тәсілдері тілден, контексттен тәуелсіз тіл бірліктерін аудару үшін қолданылады. Бірақ, контекстке, жағдайға байланысты түрлі мағына беретін тіл бірліктерді аудару үшін ерекше аударма тәсілдері қажет. Бұндай бірліктердің аудармасын табу сөздік мақалаларын зерттеумен басталады. Кей жағдайларда әр түрлі сөздіктердің мақалаларын зерттеп, сөздің түрлі контексттегі мағыналары салыстырылады. Бұл талдау нәтижесінде түпнұсқа сөзінің аударма тілінде сәйкес бір мағыналы баламасының жоғы анықталуы мүмкін. Түпнұсқа тіліндегі контекстте сөз емес, сөздің мағынасы маңызды болған жағдайда аудармашы аудару модификацияларына көмекке жүгінеді. Олардың құрамына түпнұсқа мағынасын кеңейту, тарылту, бейтараптандыру, функционалдық ауыстыру, суреттеу немесе түсініктеме беру кіреді.
Түпнұсқа мағынасын тарылту, конкретизация түпнұсқа тіліндегі кең ауқымды мағынасы бар бірлікті тар мағыналы бірлікпен ауыстыру үшін қолданылады. Бұл тәсіл ағылшын тілінің мынадай сөздерін аудару кезінде кеңінен қолданылады: to be, to have, to get, to do, to take, to give, to make, to come, to go және т.б.
Мысалы, “man” сөзі ағылшын тілінде кең ауқымды қолданысқа ие. Ал қазақ тіліне аударғанда, бұл сөз түрлі контексттерде әр түрлі аударылады:
Не is a man of taste – Ол талғамы бар адам;
All the king's men – Корольдің барлық сарбаздары.
Түпнұсқа мағынасын кеңейту, генерализация түпнұсқа тіліндегі тар мағыналы бірлікті кең ауқымды мағынасы бар сөзбен ауыстыру үшін қолданылады. Мысалы, қазақ тіліндегі “емдеу” сөзі. Ағылшын тіліндегі аудармасы – treatment. Алайда, ағылшын тілінде бұл сөз контекстке байланысты әр түрлі мағыналарға ие бола алады:
Емдеу сәтті өтіп, ол толықтай сауығып кетті – The treatment turned to be successful and she recovered completely;
Олардың жағдайды түсінуі – their treatment of the situation.
Функционалдық ауыстыру түпнұсқа тіліндегі сөзге сөздіктегі берілген ешбір мағына контекстке сәйкес келмеген жағдайда қолданылады.
Осы айтылған тәсілдер түпнұсқа бірлігіне сәйкес балама таба алмаған жағдайда аудармашы суреттеу тәсілін қолданады. Мысалы, ағылшын тілінің “packer” сөзі – пакер (ұңғының бір немесе бірнеше оқпан бөлігін бір бірінен ажыратуға арналған құрал. Диаметрі бойынша шамамен шегендеу құбыр тізбегінің диаметріне сәйкес келеді және отырғызу барысында ұңғы оқпанын тығыз жабады. Цементаж, қышқылмен өңдеу, т.б жұмыстарда қолданылады) деп аударылады. Бұл жерде сөздің мағынасына түсінік беріп қана қоймай, сөз транслитерация тәсілі арқылы да аударылып тұр.
Осы тәсілдердің бірін таңдап, аударма барысында қолдану аудармашының кәсіби шеберлігінің маңызды тұстарының бірі.
Термин сөздерді аудару барысында терминнің ұтымды баламасын құру үшін төмендегідей талаптарды орындау қажет: түпнұсқаның қысқалылығын сақтау, түпнұсқа түсінігінің көлемін нақты етіп беру және қазақ тілінде бар терминмен қайталамау. Терминнің нақты баламасын құру үшін аудармашы тақырыпты жақсы ұғынып, контексттегі мағынасын түгелдей білу қабілетіне ие болуы керек. Мысалы, аудармашыға жұмыс барысында мынадай сөйлемді аудару керек болды делік: There had been an accident at the welding shop when using a pipe-bender. Бұл сөйлемдегі welding shop дегеніміз не? Егер сөздерді жекелеп аударатын болсақ, welding – пісіру (мысалы, металды), shop – дүкен немесе дүңгіршек дегенді білдіреді. Алайда, пісіру дүкені деп аударсақ, мұндай дүкендердің тіптен болмайтыны белгілі. Егер мұнай және газ өндіру саласының терминологиясының сөздігін қарайтын болсақ, онда shop сөзі ұстахана, шеберхана деп аударылатынына көз жеткіземіз. Сөйтіп, бұл сөйлемнің аудармасы: Құбырдың иілген жерін пайдалану барысында пісіру шеберханасында оқыс оқиға орын алды.
Ал мынадай сөйлемді аудару мұнай және газ өндеру компаниясына жұмыс жасауға келген тәжірибесі жоқ аудармашыға біршама қиындық тудыруы мүмкін: Before the crew change the crew collected tools: crescent, socket, pipe and hammer wrenches. Себебі, көріп отырғанымыздай, мұнда бұл салада жұмыс жасап көрмеген аудармашыға аударма кезінде қиындықтыр тудыратын терминдер баршылық. Мысалы, crescent wrench, socket wrench. Hammer wrench тіркес-терминін аудару үшін әр компонентін бөлек қарастыру дұрыс емес. Өйткені, әр компонентті бөлек қарастырып, аударатын болсақ, hammer – балға, wrench – кілт, сонда “балға кілті” тіркесі пайда болады. Алайда, бұндай кілттің түрі жоқ. Сол себептен, көп компонентті терминдерді аудару кезінде аудармашы абай болуы керек. Ал осы сөйлемнің дұрыс аудармасы: Қайта кезекшілік қою алдында кезекші топ құрал-саймандарды, оның ішінде ажыратқыш, дөңбекті, құбыр және бастыру кілттерін жинады.
Енді мынадай бір сөйлемді талдап көрейік: In order not to pollute environment they usually build a water treatment station to clean up water from sewage system. Бұл сөйлемде қиындық тудыратындай сөздер жоқ. To pollute (ластау), environment (қоршаған орта), to build (құру), sewage system (канализация жүйесі) сөздері барша аудармашыларға таныс сөздер. Water treatment station тіркесіндегі treatment сөзі бұл жерде “емдеу” деп аударылмай, контекстке байланысты “тазарту” деп аударылады. Түгел сөйлемді аударатын болсақ: Қоршаған ортаны ластамау үшін олар, әдетте, суды канализация жүйесінен тазалайтын су тазарту орнын салады.
Сонымен, термин сөздер аудармасын жасамас бұрын дұрыс сөздікті таңдап алу керек. Осылайша сөз таңдай отырып, аудармашы контексттің де маңызды екендігін естен шығармауы керек. Аудару барысында сөздіктермен жұмыс жасаудың маңыздылығы зор. Кейде бұл жұмыс сөздік сәйкестіктерін қойып қана қоймай, олардың айырмашылығының деңгейін анықтауды талап етеді. Сөздіктерден бөлек, қиын жағдайларда аудармашының қиялы, ішкі түйсігі және мәдени жан-жақтылығы қол ұшын беретіні анық.
Ғылыми-техникалық мәтінді дұрыс түсіну үшін жоғарыда жазылғандай, ең алдымен тиісті тақырыпты және осы тақырыпқа байланысты ағылшын тіліндегі терминологиясын жақсы білген жөн.
Бұдан басқа, мәтінді дұрыс қазақшаға аудару үшін тиісті қазақша терминологияны біліп, қазақ әдеби тілін жақсы меңгеруі тиісті. Көрнекті мысал үшін 1-Қосымшаны қараңыз (газет мақаласы).
Oxygen, ionosphere сияқты мағынасы таныс болмаған терминдерді сөздікпен аудару қиын емес [13; 167].
Бұл жағдайда, осы берілген тақырыпты жақсы білгенде ғана саналы түрде сәйкес балама сөз таңдап алынуы мүмкін.
Сөйлемді алып көрейік:
Most of the modern radio-transmitters can communicate both telegraph and telephone signals.
Радионың жұмысын және тиісті қазақша терминологиясымен таныс емес аудармашы бұл сөйлемді төмендегідей аударатын еді:
Қазіргі радио хабарлағыш құралдардың көбі телеграф және телефон сигналдарын жібере алады.
Бірақ техникалық сауатты аударма төмендегідей болуы тиісті:
Қазіргі радио хабарлағыш құралдардың көбі телеграф пен телефон режимдерінде жұмыс жасай алады [13; 85].
Қазақша ғылыми-техникалық стильдің негізгі ерекшеліктері: баяндаудың айқын саралығы, анықтамалардың нақтылығы және формалардың ықшамдылығы.
Аудармашы, ағылшын тіліндегі мәтіннің аудармасы барысында ағылшын түпнұсқа ерекшеліктерін қазақша мәтініне көшірмей, аударманы қазақша ғылыми-техникалық стиліне сай формаға ауыстырып, автордың ойын толық және нақты түрде жеткізуге міндетті.
Мысал үшін қазақша ғылыми-техникалық әдебиеттің стиліне жатпайтын ағылшынша мәтіннің кейбір стилистикалық және грамматикалық ерекшеліктеріне тоқталайық:
а) Ағылшын мәтіндерінде етістіктің жеке формалары бар, ал қазақша ғылыми стилінде жақсыз немесе белгісіз жеке сөз оралымдары қолданылады, мысалы:
«They also demonstrated that under a given set of conditions the hydrochloric acid-catalyzed reaction yielded the same ratio of orto p-chloroacetanilide as did the reaction of acetanilide with chlorine».
Одан басқа, келтірілген жағдайларда хлорсутекті қышқылмен катализделетін реакция ацетанилидтың хлормен реакциясы секілді дәл сондай орто-пара-хлорацетанилид байланысын беретінін көрсетілді
б) Сипаттамалы ағылшын мәтіндерінде қазіргі уақыттағы іс-әрекетті білдіру үшін жиі- жиі келер шақтағы уақыт қолданылады.
Контексті басшылыққа ала отыра, осындай сөйлемдерді келер шақтағы уақытта емес, осы шақ уақытында кей кезде модальдық кейіпті қолданып, аудару қажет:

«The changes in the -CH absorption will be dealt with more fully in the section on ring structures».

«These polymers will be called linear whether the chain is open or closed».

СН сіңірілуіндегі өзгертулер толықтай циклды құрылымдар бөлімінде қарастырылып жатыр

Буын ашық немесе жабық болуына қарамастан, осы полимерлер сызықтық деп аталады.

«The changes in the -CH absorption will be dealt with more fully in the section on ring structures».

«These polymers will be called linear whether the chain is open or closed».

в) Ағылшынша ғылыми-техникалық мәтіндерде жиі пассивті сөз оралымдары кездеседі, ал қазақшада ырықсыз етіс сирек қолданылады.
Осыған орай, аударма барысында біз пассивті сөз оралымдарын қазақ тіліне сай басқа амалдармен алмастыруды қолдануымыз қажет.
This question was discussed at the conference – сөйлемін , төмендегідей аударуға болады:
Конференцияда бұл сұрақ талқыланған болатын.
Бұл сұрақ конференцияда талқыланды.
Бұл сұрақты конференцияда талқыладық.
Конференция бұл сұрақты талқылады.
г) Ағылшын ғылыми-техникалық әдебиетінің авторлары қазақ тілінде ешбір жағдайда қолдануға келмейтін әр-түрлі қысқартуларды мол пайдаланады, мысалы:

d.c. (direct current)
а.с. (alternating current)
s.a. (sectional area)

b.p. (boiling point)



постоянный ток
переменный ток
площадь поперечного сечения
точка кипения и др

тұрақты ток
айнымалы ток
көлденең қимасының ауданы
қайнау нүктесі

Аудармадағы бұндай қысқартулар түсіндіріліп, олардың толық атауы берілуі тиіс.
д) Ағылшын тілі мәтіндеріндегі кейбір сөздер немесе сөйлемшелер біздің тілімізге мүлдем жат болатын бейнелі сөздер. Мұндай сөздер аудармада үйлесетін сөздермен ауыстырылуы, яғни, қазақша мәтінге сай және сөздің мағынасына сәйкес келетін сөздер қолданылуы қажет, мысалы:
We have learned to manufacture dozens of construction materials to substitute iron.
«Dozen» сөзінің орнына қазақ тілінде әдетте «он шақты» сөзі қолданылады, осыған байланысты бұл сөйлемді төменде көрсетілгендей аударуымыз тиіс:
Мы научились производить десятки строительных материалов, заменяющих железо [13; 91].
Біз, темірді ауыстыра алатын он шақты құрылыс материалдарын өндіруді үйрендік [13; 91].
Көркем әдебиеттің аудармасына қарағанда ғылыми - техникалық әдебиеттің аудармасы басқа тәсілдермен жүзеге асырылады. С.Маршак, көркем әдебиет аудармашысын фотографиялық емес, кескін ұқсастығы емес, порттертік ұқсастыққа қол жеткізетін портретшімен салыстырады. Т.Савори, көркем әдебиет аудармашысын – суретші деп, ал ғылыми-техникалық әдебиет аудармашысының еңбегі оның техникалық шеберлігіне байланысты болатындығын ескере отыра, бұл аудармашыны фотограф деп есептейді [14; 31].
Көркем әдебиет аудармасын өнер бөліміне, ал ғылыми-техникалық әдебиет аудармасын ғылым бөліміне ұқсас деп айтуға болады. Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, ғылыми-техникалық әдебиет аудармашысы қажетті тілдер мен тақырыптарды білгенімен қатар, ғылыми ойлау мен логикалық қисынды санаттарды меңгеруі тиісті екендігі көрінеді. Осыған орай, ғылыми-техникалық әдебиет аудармасындағы анық және нақты ақпарат аудармасының басты міндетін қамтамасыз ететін негізгі айқын заңдылықтарды табу мүмкіндігі туындайды.
Т.Савори, аударманың қандай болуы тиіс туралы жақсы сөз айтты: «аудармада өзіндік шығармашылық еркіндігінің болуы, түпнұсқа тілі іздерінің болмауы және түпнұсқаны аудармамен салыстырғанда, қайсысы түпнұсқа, қайсысы аударма болғанын көрсетпеуі керек екендігін айтатындарға күмәнсіз қосылуға болады» [14; 41].
Бұдан басқа, кейбір жағдайларда, ғылыми-техникалық мәтіннің аудармасы түпнұсқадан асып түсу қажеттілігін бекітуге болады. Бұл әдеттен тыс пікір әрі жөнді, әрі орынды және ғылыми-техникалық әдебиетінің аудармашыларына Я.И.Рецкер тарапынан ұсынылған екі талапқа байланысты туындайды. Бұл талаптар: а) аударма нақты болуы қажет, яғни, аз да емес, көп те емес тек қана түпнұсқа мазмұнының берілуі; б) түпнұсқаның анықты саралық дәрежесіне қарамастан аудармада айқынды саралық пен нақтылық болуы тиіс [15; 33].
Кей кезде авторлар өздерінің мақалаларында барлығы анық және түсінікті деп ойлайды. Белгілі-бір тар шеңберлі салада көп жыл жұмыс жасап жүрген авторлар, өздерінің жақсы білетін кейбір заттарын, басқаларға да түсінікті деп есептеп, бұл заттарды түсіндіру немесе нақтылау қажеттігін кейде ұмытады. Ал кейбір авторлар, мақалаларды жазу жөнінде тиісті тәжірибесі жоқ немесе өз ойларын анық түрде баяндай алмайды, сондықтан олардың жұмыстарында қажетсіз қайталаулар немесе алынып тасталса да, мақаланы мән мағынасын бұзбайтын сөздер мен сөйлемдер кездеседі.
Бұндай жағдайларда, нақты аудару барысында аударманың басты шарты - логикалық-формальды стилдің қолданылуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Себебі алдын-ала логикалық байланыстарды дәлдеу қажет. Тәжірибелі аудармашы, ағылшын тілінің құрылысына қарай логикалық-формальды стиліне сай барлық элементтерді қолданып, қысқа, нақты және барынша қисынды түрде автордың ойын жақсы тілмен баяндап береді. Аудармашының осындай жұмысы аударманың түпнұсқадан да жақсы болатындығын көрсетеді [15; 140].
Аудармашының ғылым мен техникада тар мамандануына байланысты, оның аударма барысында мәтінге енгізілетін барлық түзетулерге жауапкершілікті өзіне жүктеуі қиынға түседі, осыған орай ол түзетулерді автормен мақұлдауы тиіс.
«Егер түпнұсқа авторының ойы анық болмаса немесе басқа кемшіліктері бар болса, онда аудармашының міндеті – автордың айтқысы келген сөзін анықтау, оны барынша жақсы ағылшын тілімен баяндау және мүмкіндігінше аударманың түпнұсқадан жақсы болуы үшін тырысу» [15; 31]. «Мен, осындай мінсіз аудармашының түпнұсқадағы қателерді, қисынсыз дәлелдерді, сәйкессіздіктерді және т.б. анықтау үшін өзінің критикалық-сынау қабілеттерін қолданатындығын, оларды түзетіп, тапсырыс берушіге бұл қателерді көрсетуін қалаймын» [15; 23].
Ғылым мен техника әдебиетінің аудармасы – қиын, мұқият еңбекті көп қажет ететін, дербес жұмыс, тіл мен нақты мамандық саласында ынталы-қызу іздестіру жұмысының жемісі. Бұндай жұмысты жүзеге асыру үшін аудармашының жоғары білікті маман болуы, түпнұсқа мен аудармада ғылыми-техникалық әдебиет тілдерін жетік білуі қажет етіледі. Теориялық тұрғыдан мұндай жағдай тек қана белгілі бір тар шеңберлі мамандық аясында болуы мүмкін. Алайда, шын мәнінде осындай адамдар жоқтың қасы, ал осы бар адамдардың ішінде аталған талаптарға сай тұлғалар аудармамен айналыспайды. Ғылыми-техникалық әдебиетінің штатты аудармашыларының көпшілігі - гуманитарлық жоғарғы оқу орындарының түлектері.
Шет тілдер институттарының түлектері жиі жиі тек қана сөйлеу тілін біле тұра, ғылыми-техникалық әдебиетінің аудармашысы ретінде жұмысқа кіреді және жаңадан басқа мамандықты меңгеруге мәжбүр болады. Іс жүзінде, ғылыми-техникалық әдебиетін аудару үшін ғылым мен техниканың барлық салаларында терең білімді болу міндет емес.
Жақсы аудармаларды жасау үшін ғылыми-техникалық әдеби тілін, оның заңдылықтарын білу қажет. Егер филологтар әлеуетті логикалық ойлау қабілетіне ие болса және өздері де аударманың ғылыми жолын жетілдіретін болса, бұдан басқа ең маңыздысы өздерінің жаңа мамандықтарын сүйе білсе, осы мамандықты шығармашылық ынталылықпен жүргізсе және ғылыми-техникалық әдебиеттің құрылысына қарай логикалық-формальды стилінің әдемілігі мен сымбаттылығын көре білсе, олардың көпшілігі келешекте өте жақсы аудармашы болады.
Белгілі ғылым немесе техника саласында жұмыс жасап жүрген үлкен маманның өзі, ғылыми-техникалық әдеби ағылшын тілінің негізіндегі лексикалық және грамматикалық заңдылықтарды білмесе, барабар аударманы жаса алмайтындығын есте сақтау қажет.
Кәсіби лексиканың ерекшеліктерін қарастыра келе, ағылшынша мұнайгаз тақырыбындағы мәтіндер мен олардың қазақ тіліндегі аудармасына салыстырмалы – салыстыру талдау жасалды.
Зерттеу материалына негізінен техникалық сөздіктер және мұнай, газ саласындағы еңбектер мен оқулықтар, сондай-ақ мұнай жөніндегі журналдар кірді. Материалды іріктеу кезінде жаппай іріктеу әдісі қолданылды.
Төменде аудармашылардың жұмысында жиі қиындық туғызатын кейбір терминдер аудармасының мысалдары келтірілген. Бұл мысалдар мәнмәтіндік сипатқа ие және көп жағдайда аударманың мүмкін болатын бір нұсқасының көрінісі екендігін ескерткеніміз жөн.
"DEVELOPMENT" ЖӘНЕ "ИГЕРУ" / "ӨҢДЕУ"
development термині (field development) кен орнын игеру жөніндегі мәнмәтінде жиі қолданылады:



develop reserves

кен орнын игеру / өңдеу

plan of development

кен орнын игеру жоспары

full-field development

толық масштабты игеру

integrated oil and gas development

мұнай және газ кен орындарын кешенді игеру

Sakhalin-2 is a colossal
development in the Russian Far East.

"Сахалин-2" – бұл Ресейдің Қиыр Шығысында іске асырылатын кен орнын игерудің масштабты жобасы.

Геологиялық мәнмәтінде development термині "жер қабатын өңдеу" мағынасын білдіреді:





development engineer

жер қабатын өңдеуші инженер

co-mingled development

жер қабатын бірлесіп өңдеу

Но: reservoir management / reservoir engineering

жер қабатын өңдеу / кендерді өңдеу (техникалық пән ретінде)

reservoir management technique

өңдеу технологиясы

reservoir management plan

кен орындарын өңдеудің технологиялық схемасы

well және drilling development тіркестері "пайдаланымдық" деп аударылады:

development well

пайдаланымдық ұңғыма

Development drilling

пайдаланымдық бұрғылау

«Игеру» және «игерілу» сөздері басқа мағыналарда да мұнай, газ жобасымен айналысатын мамандардың сөздік қорында кеңінен қолданылатынын айту керек. Бұл терминдерді әртүрлі әдіспен аударуға тура келеді:



терминологияны меңгеру

become conversant with the terminology

қаржы жұмсауды меңгеру

absorb investment

шығын сметасын игеру

budget spending

сметаны игеру болжамы

latest estimate

жаңа технологияны меңгеру

learning to use new technologies

игерілмеген аумақта іске асырылатын жоба

greenfield project

игерілген аумақта немесе қандай да болмасын қолданыста бар объекті негізінде іске асырылатын жоба

brownfield project

Сондай-ақ өңдеу" және "әзірлеу, дамыту, жетілдіру т.б.» терминдері өздерінің кең мағыналығынан аударма кезінде ұқсас қиындықтар туғызады. Олар көбінесе тұрақты сөз тіркестеріне еніп кетеді, мысалы:





сулықпен өңдеу

Waterflooding

суалуға өңдеу

depletion drive

жобаны әзірлеу

design a project

құжат әзірлеу

Produce a document

қаулы жобасын әзірлеу

draft an executive order




Компания әрі қарай даму мүмкіндігін қарастырады

The company is maturing further opportunities.

Ұңғыма ұңғысын анықтау

Reaming

Техникалық шешімді пысықтау

refine the design solutions

Тағы да мағынасы жағынан ұқсас көпмағыналы термин - бұл «пысықтау», оны үнемі мәнмәтінмен аударуға тура келеді:


RESERVES" ЖӘНЕ "ҚОРЛАР",
Мұнай мен газ қорларының жіктелуіне қатысты (classification of oil and gas reserves) жобалық терминология аудармасының қиындығын ағылшын және қазақ тілдеріндегі негізгі ұғымдардың кейбір бөліктерінің сәйкес еместігімен түсіндіруге болады.
Халықаралық термин reserves қазақша жіктелуде «қорлар» терминінің толық үйлестігі болып табылады (мағынасы бойынша ол «ұңғымамен қазылған учаскеден шығарылған қорлар» мағынасына жақын»).
"SUBSURFACE" ЖӘНЕ "ЖЕР ҚОЙНАУЫ"
Subsurface терминінің сөзбе-сөз аудармасы – жер қойнауы, геологиялық орта".
Геологиялық барлау, ұңғымаларды бұрғылау, құнарлы қабат т.б. тақырыптарына қатысты жобалық құжаттама аудармасы жөнінде тағы бірнеше тәжірибелік кеңес бере аламыз. Алайда бұл саланың кейбір терминдері мағыналарының сәйкес келмейтінін естен шығармау керек.
Мысалы: "кезеулеткіш" – шеген құбырлардың бірінші легі. Дұрысы: surface casing, бұрысы: conductor («құбыр - бағыттаушы»).
Conductor (casing) - дұрысы: "бағыттаушы құбыр»; «ұстын – бағыты»; «субөлгіш бағанасы» (теңіз астында бұрғылағанда), бұрысы: "кондуктор" (surface casing).
(Tectonic) fault – «(тектоникалық) бұзушылық». Сонымен қатар «сейсморазлмен» терминін де қолдануға болады.
Well intervention - дұрысы: «ұңғымаішілік жұмыстар», бұрысы: «ұңғымаға басып кіру».
Well surveillance - дұрысы: «ұңғыма жұмысының параметрлерін бақылау» (жұмыс барысында), бұрысы: «ұңғыманы геофизикалық зерттеу» (well survey).
«Жер қойнауы» мен «кен учаскесі» терминдерін аудару кезіндегі кейбір күрделілікті атап көрсетейік:



жер қойнауы жөніндегі заң

Underground Resources Law

жер қойнауын өңдеу

development of mineral resources

кен учаскесі

(mining) allotment / subsoil plot

кенді пайдалану үшін төлем ( СРП сай)

Royalty (as per the PSA)

"WELL DESIGN" ЖӘНЕ «ҰҢҒЫМА ҚҰРЫЛЫМЫ» / «ҰҢҒЫМА ЖОБАСЫ»
Ұңғымаларды жобалау терминологиясын түрлі әдіспен аударуға болады. «Ұңғыманы бұрғылау жобасы» кей кездерде well construction project деп аударылады (әсіресе - ЦКР Роснедра (CDC, the Central Development Committee) және ГКЗ (SRC, the State Reserves Committee) ресейлік қадағалаушы органдары келісетін жұмыс құжаттамасына қатысты) .Алайда «ұңғыма құрылысының жобасы» мен «ұңғыма құрылымын well design деп аударған дұрыс.
Төменде бұрғылау ұңғымасы типтік құрылымының арнайы терминдер аудармасымен берілген:

Well Design - ұңғымасының құрылымы

  1. құбыр-бағыттаушы – conductor

  2. кондуктор - surface casing

  3. аралық лек - intermediate casing

  4. техникалық артқы ілмек - intermediate liner

  5. пайдаланымдық бағана - production casing

  6. пайдаланымдық сорапты – компрессорлық -ұстын production tubing

Төмендегі аудармаларға назар аударалық:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет