1.2 Мұнайгаз мәтіндерінің грамматикалық ерекшеліктері
Ағылшын тіліндегі мұнайгаз материалдарында бірқатар грамматикалық ерекшеліктер де табылады. Әрине, қандай-да бір «ғылыми -техникалық грамматика» деген ұғым жоқ. Ғылыми-техникалық тілде басқа функциональдық стильдердегі сияқты дәл сондай синтаксистік құрылымдар мен морфологиялық формалар қолданылады. Бірақ, басқа стильдерге қарағанда , бұл стильде грамматикалық құбылыстардың бірқатары жиірек кездеседі, кейбір құбылыстар, керісінше салыстырмалы азырақ кездеседі, енді басқалары - тек қана лексикалық "толықтыру" сипатында ғана қолданылады [4; 40].
Жоғарыда біз айтқан толық ғылыми-техникалық және ішінара мұнайгаз мәтіндерін баяндаудың жалпы қасиеттері - айтылғандардың синтаксистік құрылымына әсер етпей қоймайды.
Сонымен, ұқсас материалдар үшін олардың қасиеттерін көрсете отыра, ұғымдарды айқындау мен нақты объектілерді баяндаудың қажетті болатындығын біз бұған дейін атап өткенбіз. Бұл «А дегеніміз Б» типіндегі құрылымның, яғни етістікті-жалғаулықтан және атаулы мүшеден (предикативтен) тұратын екі құрамды қарапайым сөйлемдердің кеңінен қолданылуын алдын-ала белгілейді:
A breakdown is an electric discharge through an insulator.
Сын есім немесе жатыс септікті оралым предикатив ретінде жиі қолданылады :
These materials are low-cost. Control is by a foot switch.
Мұнайгаз материалдарында жиі қолданылатын көптеген атрибутті топтар жасырынды анықтауыштар болып табылады. Құралды a mechanically timed relay деп атау, оны - а relay which is mechanically timed деп анықтаумен бірдей. Осындай жасырынды анықтауыштар нысанның (объектінің) түрліше белгілерін атап көрсетуге мүмкіндік береді немесе black mud flow rate sensor, gas-cutting machine equipment set, pressure testing blanking plug etc. Бұндай тіркестерде анықтауыштардың саны айтарлықтай едәуір болуы мүмкін. (Ср.: Full length Magnetic Particle Inspection) [3; 139].
Нақты объектілерді көрсетуге, заттарға сүйенуге ұмтылыс - ағылшын тілінің номинативтігіне орай, ағылшын ғылыми-техникалық стилінде атаулы құрылымдардың басымдырақ болуын молайтады. Істің мәні техникалық мәтіндерде нақты заттар атауларының көп болуында емес. Бұндай мәтіндерде үдерістер мен іс-әрекеттердің де нақты баяндалуын зерттеулер көрсетті. Мысалы, to clean after the welding деп айтудың орнына маман to do post-welding cleaning деп айтады; the contents of the tank are discharged by a pump деудің орнына discharge of the contents of the tank is effected by a pump деп айтуды жақсырақ санайды. Құралдағы алынбалы-салынбалы қақпақ тек қана оны тазалауға және жөндеуге жеңіл болу үшін ғана емес, сонымен бірге for ease of maintenance and repair үшін де қажет. [5; 127].
Іс-әрекетті нақты баяндау функциясы атаулыға берілгендіктен, сөйлемдегі баяндауыш іс жүргізудің жалпы белгіленуі болып, яғни атаулының өзінше бір “операторы" болып қалады.
Мұнайгаз мәтіндерінде осындай оператор – етістіктердің кең қолданылуы байқалады, мысалы effect, assure, per-form, obtain, provide, give, involve, entail, imply, result in, lead to, to be ascribed to, to be attributed to, etc., сияқты мәнісі мен аудармасы сөйлемдегі негізгі мән-мағынаны білдіретін зат есімдерге тікелей тәуелді.
Номинативтікке ұмтылыс үстеулердің жатыс септікті – есім тіркестеріне ауыстырылуын талап етеді. Мысалы, accurately болу, with accuracy, very easily - with the greatest ease немесе the easy way (Ср.: to do something the hard way), etc.
Күрделі мұнайгаз мәтіндерінің баяндалуында бөгде элемент болып көрінбейтін және негізгі модальды-бейнелі (экспрессивті) құрал ретінде пайдаланатын күшейткіш үстеулер ғана бұл үрдіске (тенденцияға) бағынбайды. Бұндай үстеулер: clearly, completely, considerably, essentially, fairly, greatly, significantly, mark-edly, materially, perfectly, positively, reasonably, etc [6; 81].
Ensure that swivel load carrying component s are MPI inspected regularly.
Securely fix shakers to the tank
Етістіктердің орнына етістіктен жасалған сын есімдерді көмекші сөздермен бірге кеңінен пайдалану, ғылыми-техникалық стильдегі сондай етістіктікке қарсылық (антиетістікті) үрдісінің (тенденциясының) куәсі болып табылады: to be attendant on, to be conducive to, to be destructive of, to be incidental to, to be responsive to, to be tolerant of, etc.
This system is conducive to high volumetric efficiency.
This type of mixing is often incidental to other stages of the industrial process, e.g. size reduction.
Әрине, ғылыми-техникалық стильдің номинативтік сипаты осы стильдегі материалдарда толық мәнді етістіктің жақтың тұлғаларының тұтасынан жоқ болатындығын білдірмейді. Кейбір есептеулер бойынша мұнайгаз мәтіндеріндегі етістіктің предикативті жақтарының саны, сондай көлемдегі әдеби шығармалардағы санынан екі есе кем болса да, бұндай етістіктерсіз көлемді мазмұндаманың орамдылығын ойлаудың өзі қиын. Ағылшын тілінің ғылыми-техникалық стилінде қарапайым осы шақ формалары мен пассив формалары сияқты етістіктердің айтарлықтай басымды қолданылу ерекшелігі бір емес, әлденеше рет тіл зерттеу жұмыстарында көрсетілді, бұның өзі ғылыми баяндаудың мақсаты және сипаттамасымен сөзсіз байланысты.
Арнайы мәтіндерде сабақты етістіктердің, ырықсыз мәнді салт етістіктер түрінде пайдаланудың кең таралуын аудармашы ерекше ескеруі тиісті:
These filters adapt easily to automatic processing of many materials.
The steel forges well.
Тіл құралдарын таңдап алу мен қолдану ағылшын тіліндегі ғылыми –техникалық стильдің басты сипаттамасы болып табылады, сонымен бірге бұнда эллипстік құрылымдарды біршама кеңінен пайдалану арқылы баяндаудың жинақтылығы мен ықшамдығына да басты назар аударылады. Бұл құрылымдарды дұрыс түсінбеу аудармада талай қисынсыз қателіктердің жасалуына апарады. Аудармашы мәтінде a remote crane немесе а liquid rocket тіркестерін кездестірсе, ол бұл тіркестердегі а remote-operated crane немесе а liquid-fuelled rocket тіркестерінің эллипстік түрін айырып тануы тиісті. Аудармашы келесі А non-destructive testing college is to open in London this October сөйлемін оқығанда, ол ашылатын колледждің (testing) сынаушы немесе (non-destructive) бұзылмайтын колледж болатындығын емес, ашылатын колледждің материалдарды берік сынау әдістерінің саласы бойынша мамандарды даярлайтын колледж екенін еске ұстауы қажет. Осыған ұқсас, low-pressure producers төменгі қысым әдісімен полиэтилен өндірушілері болып қалуы мүмкін. [7; 343].
Аталған тенденция (үрдіс) бірқатар басқа да грамматикалық ерекшеліктерден байқалады. Мысалы, ғылыми-техникалық стильде анықтауыш бағыныңқы сөйлемдерді постпозияциядағы сын есімдермен ауыстыру да тән (әсіресе -able, -ive және басқа да жұрнақтармен бірге): the materials available excellent properties never before attainable; all factors important in the evaluation of; problems difficult with ordinary equipment, etc. Етістіктің тұйық райын анықтауыштың қызметінде қолданып та осы мақсатқа жетуге болады: the properties to be expected; the temperature to be obtained; the product to be cooled, etc [8; 350].
Жалпы алғанда ғылыми-техникалық материалдарда, атап айтқанда мұнайгаз мәтіндерінде және кейбір басқа типті мәтіндерде артикльді қолдану міндетті деп есептелсе де, артикльді, әсіресе анықтауыш артикльді қалдырып кетудің көптеген жағдайларын атап өтуге болады: General view is that... First uranium mine in the region was...
Техникалық сипаттамаларда, нұсқауларда нақты тетіктер мен бөлшектер атауларының алдында артикль жиі-жиі алынып тасталады: Armstrong Traps have long-live parts; valve and seat are heat treated chrome steel; lever assembly and bucket are stainless steel.
Ғылыми салалардың атаулары алдында да осы жағдай байқалады: ...in such fields as work study; mechanical engineering; civil engineering; telecommunication; standardization; higher education, etc.
Қазіргі ағылшын тіліндегі ғылыми-техникалық стильдің өзгешелігін зерттейтін лингвистикалық еңбектерде келесі: заттық зат есімнің көптік түрін кеңінен қолдану (fats, oils, greases, steels, rare earths, sands, wood, gasolines, etc.), құрал-саймандардың атауларында көптік жалғауды (dippers, jointers, shears, dividers, compasses, trammels, etc.) қолдану, түр-туысты қатынасты білдіру үшін of демеулігін пайдалану (the oxidizer of liquid oxygen; the fuel of kerosene) сияқты бірқатар жеке грамматикалық ерекшеліктер де көрсетіледі.
Жоғарыда аталған ғылыми баяндаудың рет-реттілігі мен дәлелділігіне байланысты since; therefore; it follows that; so; thus; it implies; involves; leads to; results in, etc сияқты себепті-салдарлы жалғаулық шылаулар мен логикалық жалғаулықтардың да көбірек пайдалануы байқалады.
Мұнайгаз материалдарының аталған лексикалық-грамматикалық ерекшеліктері осындай материалдарды аудару барысында суреттеліп баяндалуы тиісті мәтіннің коммуникативтік (қатынас) сипатына тікелей әсерін тигізеді.
Аударманың арнайы теориясы нақты функциональдық стильге жататын мәтіндерді аудару барысында стилистикалық бейімделудің әр түрлі формаларын баяндап жазады. Бұндай бейімделу тек қана айтылып отырған тілдердің айырмашылықтарымен ғана негізделмейді. Аударма барысындағы стилистикалық бейімделу БТ мен АТ-дегі ұқсас стильдерде бір мезгілде байқалуы мүмкін стилистикалық белгілерге қатысты да қажетті болады. Бір ғана стилистикалық белгі тілдердің әрқайсысында түрліше дәрежеде байқалуы мүмкін, ал оның тек қана түпнұсқада бар болуы, оның аударма мәтінінде тек қана баяндалып қайталану мүмкіндігін білдірмейді [3; 70].
Мысалы, қазақша да, ағылшынша да ғылыми-техникалық стильдерге - баяндаудың қатаң нақтылығы мен айқындылығы, терминдерді дәл қолдануға, объектілердің атауларын жанама сипаттаудан бас тартуға, арнайы лексиканың стереотиптері мен штамптарын кеңінен пайдалануға ұмтылыс бірдей дәрежеде тән. Бірақ егжей-тегжейлі талдау барысы, терминдер мен әдеттегі тұжырымдамалардың ағылшын тіліндегі ғылыми-техникалық стильде қатаң қолданылуынан гөрі, қазақ тіліндегі ғылыми-техникалық стильде көбірек қолданылатындығын көрсетеді.
Сондықтан, аудармашы түпнұсқада "стилистикалық түзету" жүргізуге өзін міндетті санайды, парафразаның ( белгілі бір мәтінді, ойды, өз сезімін айтып берудің) орнына дәл термин енгізеді, нақты жағдайда не қарастырылып отырғанын түсіндіреді, авторлық сөз орамдарын әдеттегі штамптармен алмастырады және т.т. Мысалы, келесі аударманы оның түпнұсқасымен салыстырыңыз:
Бірақ, атомдарда шашыраған рентген сәулелері тек қана түскен сәуленің Vo жиілігіне ғана емес, сонымен бірге бастапқы рентген сәулелерінің спектрінде бұрын болмаған, жаңа Vi жиілікке де ие екендігі анықталды.
- Однако было обнаружено, что рентгеновское излучение, рассеянное на атомах, содержит не только частоту Vo падающего излучения, но также новую частоту Vi, которой не было в спектре первоначального рентгеновского излучения.
- It was discovered, however, that X-rays scattered by atoms exhibited not only the frequency Vo of the incident X-rays but also a new frequency Vi not present in the original X-rays.
Екі мәтін де ғылыми қатаң, бірақ аудармашы терминологиялық тұрғыдан дәлірек болуды қажетті деп есептеген. Аудармашы жаңа жиіліктің рентген сәулелерінде ғана емес, рентген сәулесінің спектрінде табылғанын атап көрсетеді.
Келесі мысалда, ағылшын авторы біршама сипаттамалы баяндап жазуға өзіне рұқсат берген, бірақ аудармада істің мәнісін ашып көрсету үшін терминологиялық айқындыққа «көшкен» :
The time between а research idea and its translation into Product is diminishing quite rapidly. - Время между возникновением идеи при исследованиях и ее осуществлением в виде промышленной разработки весьма быстро сокращается. – Зерттеу барысында идеяның пайда болуы мен оның өндірістік талдамасын әзірлеу түрінде жүзеге асуының арасындағы уақыт тез қысқарады [9; 112].
Мұнайгаз материалдарын аударуда стилистикалық бейімделудің кең таралған көріністерінің бірі - бұл стилистикалық жат элементтерді "тырнақшаға алуға" тырысу: It is thus the trademark of the results of this new theory. – Ол (яғни. Планк тұрақтысы) осы жаңа теория нәтижелердің "фабрикалық таңбасы" сияқты.
Енді, аудармашының түпнұсқаны стандартты баяндаудың орнына еліктемемелі (стереотиптік) сөздерді пайдалануына бірнеше мысал келтірейік:
Its solutions must be capable of requiring under some circumstances the discreteness of energies. – Кейбір жағдайларда, оның шешімі энергия дискреттілігінің талаптарын қанағаттандыруы тиісті.
We shall discover in the succeeding sections of this chapter that... – Осы тараудың алдағы бөлімдерінде ..... болатындығы көрсетіледі.
Let us rewrite Eq. (1-6) as follows... - (1-6) теңдеулерін келесі түрде жазайық...
Equations (1-8) and (l-5) may be combined as follows... - (1-8) және (1-5) теңдеулерін біріктіре отыра, келесі .... аламыз.
Екі тілдің де ғылыми–техникалық стильдері әсерлілік пен стилистикалық «көркемдіктен» жұрдай болғанмен, объективті-сипаттамалы мазмұндау мәнері екеуіне де тән, дегенмен ағылшын тіліндегі ғылыми мәтіндерде көркем тіл мен әңгімелесу стиліне біршама жақын болатын және мазмұндауды қызғылықты ететін әсерлі эпитеттер, бейнелі және астарлы сөз саптаулары, риторикалық сұрақтар мен осы сияқты стилистикалық амалдар кездесіп тұрады.
Мәтіннің стилистикалық бірлігінің осылай бүлінуі қазақ тіліндегі мұнайгаз материалдарына онша тән емес. Аудармаларды салыстырмалы талдау аудармашылардың түпнұсқадағы әсерлі стилистикалық элементтерін ескермей, «маңызды» ғылыми мазмұндауда ондай элементтерді орынсыз деп санайтындығын, әрі аударылатын мәтіннің стилистикалық бейімделуін үнемі жүзеге асыратындығын көрсетеді. Мысалы, келесі dramatic, successful, excellent, etc., сияқты бағалаушы эпитеттер қазақ аудармаларында қажет емес артықшылық болып табылады. «Артық» бейнелілікке қатысты да дәл осындай үрдіс (тенденция) байқалады:
Modern technology is growing at a very rapid rate, and new devices are appearing on the horizon much more frequently. - Современная техника развивается настолько быстро, что новые типы приборов появляются значительно чаще, чем это было раньше.- Қазіргі техниканың тез дамығандығы соншалықты, тіпті жаңа құралдар бұрынғыға қарағанда дүркін-дүркін пайда болуда.
Біздің көкжиегімізде пайда болады, біздің көру өрісімізде пайда болады т.т. – осы сияқты дағдыдан тыс әсерлі бейнелеудің бәрі мүмкін, бірақ қазақ тіліндегі ғылыми мәтінге тіпті тән емес. [9; 115].
Ағылшынша және қазақша ғылыми-техникалық стильдерде толық сәйкестіктің болмауы, бұларда жеке сөз таптарының қолданылу жиілігін салыстырмалы зерттеу барысында да байқалады. Бұған дейін айтылғандай, басқа функционалдық стильдермен салыстырғанда ғылыми баяндап жазуда зат есімдерді кеңінен пайдалану, яғни номинативтік белгінің көбірек қолданылуы осы стильге аса тән. Бірақ, бұнда да аудармаларды салыстырмалы талдау нәтижесі бұл үдрістің (тенденцияның) қазақ тілінде аса айқын көрінетінін және ағылшын етістіктерінің аударма барысында зат есімдермен ауыстырылатынын көрсетті:
The fuel system is designed to store liquid gasoline and to deliver it to the engine cylinders in the form of vapor mixed with air. - Система питания предназначается для заправки жидким топливом и подачи его в цилиндры в виде смеси паров бензина с воздухом. - Қуат көзінің жүйесі сұйық отынды құйып және оны ауа мен бензин булары қоспасы түрінде цилиндрлерге беру үшін тағайындалған.
A fuel pump, which pulls the gasoline through the fuel line. - Бензонасос, обеспечивающий подачу горючего по бензопроводу. Бензин құбыры бойынша жанармайдың берілуін қамтамасыз ететін бензосорғы (насос).
Осылайша, ағылшын және қазақ тіліне ғана тән ғылыми-техникалық стильдің бір ерекшелігі, әртүрлі айқындылықпен көрініп және түрліше тіл амалдарымен айтылуы мүмкін. Жоғары дәйектілік (логикалық) пен реттіліктің ғылыми мазмұндауға тән екендігін біз бұрын атап өткенбіз. Бірінен соң бірі айтылатын тұжырымдар түрліше жолдармен логикалық байланыста болады: бір тұжырымнан екіншісі туындайды, бірін-бірі түсіндіреді, олармен себепті, уақыттық, кеңістіктік қатынасты белгілейді. Бұл ерекшелік ағылшын тіліндегі түпнұсқада да, қазақша аудармада да табылады. Дегенмен, ағылшын тілінде жеке тұжырымдардың арасындағы логикалық байланыс тек қана оның мазмұнында ғана жиі табылады және көп онша айтылмайды. Ал, қазақ тілі байланыстың қандай да бір типін көрсететін арнайы сөздер мен кіріспе тіл орамдарын пайдалануды жөн санайды. Сондықтан түпнұсқада жоқ болатын осындай қосымша нақтылаулар аударма жасау барысында жиі болып тұрады. Осыған бірнеше мысал келтірейік:
Қазақша мәтінде оқырмандардың білімін атаудың талап етілуі өзінен өзі белгілі екенін атап өтейік. Бұндай анықтауларды көрсету қазақ тіліндегі мәтінде орынды болып табылса, ағылшын мәтіндерінде бұны атап өтудің қажеті жоқ. Аударма барысында логикалық байланысты дәлдеп анықтаудың тағы да, келесідей мысалдарын көрсетейік:
In the not too distant future, whole circuits will be fabricated in single crystals. The engineers who design such devices will need to know both circuits and devices. - В не столь отдаленном будущем целые схемы будут создаваться в одном кристалле. Поэтому инженерам, которым придется конструировать такое устройство, необходимо знать как схемы, так и приборы. - Жуық арадағы болашақта тұтас сұлбалар (схемалар) бір ғана кристаллда жасалады. Сондықтан осындай құрылғыны жинақтаушы инженерлер схемаларды да, құралдарды да білуге міндетті. [10; 64].
Материалды нақты және дәл ешқандай әсерлі элементтерсіз баяндап жазу мұнайгаз мәтіндерінің негізгі ерекшелігі; бұнда сұрақтың мәнісін қалай болса солай түсіндіру деген мүлдем жоқ. Сол себепті мұнайгаз мәтіндерінің жақсы аудармасы келесі талаптарға сай болуы қажет:
Дәлдік - түбегейлі зерттеп баяндалатын барлық ережелер, түпнұсқада баяндалып жазылатындар;
Қысқалық - түпнұсқадағы барлық ережелер қысқа және ықшамды болуы тиісті;
Айқынды саралық – аударма тілінің қысқалығы мен ықшамдылығы лексиканы баяндауға, оны түсінуге кедергі келтірмеуі тиісті;
Әдебиеттілік – аударма мәтіні түпнұсқа тілінің синтаксистік құрылымдарын қабылдамай–ақ, әдеби тілдің жалпы қабылдаған нормаларын қанағаттандыруы тиісті. [11; 70].
Егер туынды тақырыбының аудармасы,сұрақтың мәнісін ашатын болса, ол түпнұсқаға жақынырақ болуы қажеті, ал егер тақырып басы қысқа болып жарнамалық сипатқа ие болса, онда аудармашы ақпараттық мақсатта қолдану үшін тақырып басына қысқаша андатпа (аннотация) береді. Түпнұсқа мәтінінде кездесетін барлық қысқартулар жалпы қабылданған және олардың мағынасы арнайы қысқартуларға сәйкес ашылып көрсетілуі тиісті. Мағынасы ашып жазуға бағынбайтын қысқартулар түпнұсқа тілінде қалдырылады.
Аударма мәтінінде өзгертілмей түпнұсқалық жазылған күйінде қалдырылады:
Түпнұсқа тілінде жазылмаған сөздер мен сөйлемдер;
Бұйымдар мен құралдар маркаларының қысқартылған атаулары;
Шетел баспа басылымдарының атаулары.
Аударма мәтінінде аударылады:
Мекемелер мен ұйымдардың бөлімдері мен бөлімшелерінің атаулары;
Лауазымдардың, атақтардың, ғылыми дәрежелердің, атақты лауазымдардың атаулары;
белгіленген практикаға сәйкес жеке аттар мен атаулар.
Аударма мәтінінде транскрипцияланады:
шетел тектері (фамилиялары), жеке аттары мен әйгілі тектердің (фамилиялар) дәстүрлі жазылуын ескере отыра атаулары ;
шетел тектеріндегі артикльдер мен көмекші сөздер;
шетел фирмаларының, компанияларының, акционерлік қоғамдардың, корпорациялардың, концерндердің, монополиялардың, өндірістік бірлестіктердің атаулары;
фирма атауларындағы жалғаулықтар мен көмекші сөздер;
машиналардың, құралдардың, химиялық заттардың, бұйымдардың, материалдардың фирмалық атаулары.
Аударма мәтінінде қазақша баламалармен алмастырылады:
ғылыми-техникалық терминдер;
географиялық атаулар.
Аударма мәтіндерінде ұлттық тұрмыс ерекшеліктерімен, қоғамдық өмірмен, тарихпен, географиялық және ауа-райымен (климатпен) байланысты айрықша сөздер мен сөз тіркестері өзгеріссіз сақталады. [12; 203].
2 «АЛТИУС ПЕТРОЛЕУМ ИНТЕРНЭШНЛ» КОМПАНИЯСЫ ҚҰЖАТТАРЫНДА КЕЗДЕСЕТІН АРНАУЛЫ ТЕРМИНОЛОГИЯНЫҢ АУДАРМА ҚИЫНДЫҚТАРЫ
Достарыңызбен бөлісу: |