Мазмұны Кіріспе Негізгі бөлім


Бастауыш сынып оқушыларының дене дамуының



бет6/12
Дата11.05.2022
өлшемі124,85 Kb.
#141852
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
stud.kz-63832 2

Бастауыш сынып оқушыларының дене дамуының
морфофункционалдық және психиологиялық ерекшеліктер
Бастауыш сынып жасы кездерінде балалардың бойлары,дене мүшелері тез
өседі. Әсіресе аяқтары тез өседі. Бала жылына 2 кг салмақ қосады.
Осы жаста сүйек тез қатая бастайды. Бірақ сүйек тканьдарында әлі де
органикалық заттар көп те,минералды тұздар аз. Сондықтан,сүйек
икемді,созылмалы,әлі толық қатаймай,шеміршекті түрде болады. Осы
ерекшеліктерін ескеріп,бастауыш сынып оқушыларына қозғалмайтын
статистикалық жаттығулар жүктемесін аз береміз. Үлкен биіктіктен
секіру,қатты жерге секіру жаттығуларын бермеуге тырысуымыз керек.
Омыртқаның байланыстары мен бұлшық еттері әлсіз,омыртқа арасындағы
шеміршек қалың болып келеді. 7 жаста барлық омыртқа айқын білініп
тұрады. Қыздарда 7-11,ер балаларда 7-13 жас арасында омыртқаның
денесі мен эпифиздердің арасында жұқа болса да,шеміршекті қабаты
сақталады. Омыртқа аралық шеміршектер қалың болғандықтан
омыртқалар әлі де өседі,олар 14-15 жаста бекіп,қатаяды. Омыртқа өте
икемді,бірақ оқыс жағдайларда қисайып кетуі мүмкін. Сондықтан осы жас
кездерінде әр түрлі омыртқа қисаюлары скалиоз,лордоз,кифрз байқалады.
Омыртқа эпифиздерінің сүйектенуі 18-20 жаста аяқталады.
Балалардың бұлшық ет тканьдарында су көп те,белоктық заттар аз болып
келеді. 7-8 жастағы балалардың бұлшық ет тканьдері олардың жалпы
салмағының 27 % алады. Салыстырмалы түрде қарасақ 18 жастағыларда
40 % болады. Бұлшық еттер әлсіз болады,әсіресе арқа және іш бұлшық
еттері,ұсақ бұлшық еттерге қарағанда жақсы дамыған. Бұл кезеңде бала
бұлшық еттерінің жұмыс қабілеттілігітөмен болады. Осы бұлшық ет
жүйесі ерекшеліктеріне байланысты ұзақ статикалық-қозғалыссыз
жаттығулар,бір жақты жүктемелер қайта-қайта бір түрлі қозғалыстар
беруге болмайды. Жүктемелерді әр бұлшық еттер тобына ауыстырып
беріп денені үйлесімді дамыту қажет. Жаттығуларды үлкен амплитудамен
кіші бұлшық ет тобына көбірек беру керек.
Бастауыш сынып оқушыларының жүректері үлкен,қан тамырларының іші
кең,қабырғалары созылмалы болып келеді. Жүрек соғу жиілігі 50-90
соғу/мин төңірегінде болады. Жүректің бұлшық еттері әлсіз созылмалы.
Жүректің жиырылуы кезінде шамамен 25-33 мл қан жүректің сол жақ
қарыншасынан қолқа тамырына айналады. Мұны қанның систолалық
көлемі дейді. Жүрек қан тамыр жүйесінің осы ерекшеліктеріне
байланысты ұзақ қатаю,күшене ұзақ көтеру,ұзақ тарту,ауыр нәрсе
көтеру,қарсылақты жеңу жаттығуларын аз беруге тырысу қажет. Олар
орындай алмайтын,бұлшық еттерін қатайтатын көп күш керек
ететін,жүрек соғу жиілігі көп жиілеп кететін жаттығуларды байқап беру
қажет. Балалар мен жасөспірімдердің жастарына байланысты жүрек соғу
жиіліктері мен қанның систолалық көлемі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет