Бала жүрегінің соғу жиілігі мен қанның систолалық көлемі
Жасы
|
Жүрегінің соғу жиілігі рет/мин
|
Қанның систолалық көлемі,мл
|
Жаңа туған
|
120-168
|
2,5 мл
|
1-2 ай
|
132-171
|
-
|
6 ай
|
120-150
|
-
|
1 жас
|
103-150
|
10,0
|
2 жас
|
96-135
|
10,2
|
5-6 жас
|
83-119
|
20,6
|
Ер балалар
|
8 жас
|
50-93
|
25,0
|
10-12 жас
|
53-86
|
33,4
|
15-16 жас
|
50-77
|
41,4
|
Ересек
|
55-75
|
60 және одан да көп
|
Қыз балалар
|
8 жас
|
67-99
|
27,0
|
10-12 жас
|
60-89
|
31,6
|
15-16 жас
|
55-85
|
38,5
|
Ересек
|
60-75
|
55-65
|
Балалардың зат алмасу үрдісі үлкендерге қарағанда тез жүреді. Балалардың
кеуде клеткалары домалақ түрде,қабырғалары аз иілгендіктен терең дем
алуға кері әсер етеді. Дем алу жиілігі тез,терең емес,минутына 22 рет терең
дем алу жиілігі төңірегінде. Дем алу жолдары үлкендерге қарағанда қысқа.
Тыныс алудың минуттық көлемі 7 жастағы балаларда 3500 мл/мин болады,ол
11 жасқа келгенде көбейіп 4400 мл/мин дейін жетеді. Өкпенің тіршілік
көлемі 7 жаста 1200 мл-ден,10 жаста 2000 мл-ге дейін көтеріледі. Бастауыш
сынып оқушыларын терең,бірқалыпты мұрынмен дем алуға үйретуіміз
қажет. Жаттығулар орындау,дем алумен бірдей орындалуы тиіс.
Бастауыш сынып оқушыларына дене қуаты дамыту жаттығуларын бергенде,
ұл балалармен, қыз балалардың дене даму ерекшеліктерін ескеру қажет.
Ұлдардың салмағы, бойлары үлкен, кеуделері кең,
өкпенің тіршілік көлемі жоғары болады. Бұлшық ет
күштері қыздарға қарағанда дамыған. Олар тез жүгіреді,
ұзаққа, биікке секіреді,алысқа лақтырады,олар күшті, әрі шыдамды.
Сондықтан 2-сыныптан бастап ұлдарға ауырлық көтергенде, ұзаққа
жүгіргенге,секіргенде, лақтырғанда көбірек жүктеме беруге болады.
Қыздарға 3-сыныпта ұлдарға қарағанда көбірек бірқалыпты,ырғақты, би жаттығуларын беруге болады.
Дене тәрбиесі сабағын жүргізудің төмендегідей ерекшеліктері бар:
1.Бастауыш сынып оқушыларына негізгі үйрететін жаттығулар табиғи қимыл
әрекеттерді жетілдіру түрінде болып келеді. Олар: жүру,
жүгіру,секіру,лақтыру,өрмелеу т.с.с.
2. Бір сабақ кезінде оқу материалын меңгеру және жетілдіру үрдісінің 2-3
міндетін ғана орындаса жеткілікті болады.
3. Сынып төмен болған сайын табақ бұлшық еттерін нығайту және түзу
тұлға қалыптастыру жаттығуларын беруге айрықша көңіл бөлу қажет.
4. Әрбір сабақта міндетті түрде қозғалмалы ойындар ойнату керек. 3,4 – ші
сынып оқушыларымен сабақ өткізгенде ойын жаттығулары сабақтың 50%
уақытын алса дұрыс болады.
5. Оқушыларға негізгі жаттығулардың техникасын үйреткенде, оны дұрыс
және нақты орындауға көп көңіл бөлу керек.
Оқу үрдісі кезінде жаттығуды үйрету және
жетілдірумен бірге дене қуаты қасиеттерін дамытуға бірдей көңіл бөлу.
Балалардың қимыл әрекеттерді еске сақтау қабілеттері 7-12
жас аралықтарында тез дамиды да, 13 жастан әрі қарай баяулай бастайды.
Қимыл әрекетке үйрету әдістерін
қолданғанда көбінесе толық орындау әдісін пайдаланамыз.
Жаттығуды бөлшектеп үйретуді анда-санда ғана ,қосымша түрде
қолданамыз.Қозғалыс тапсырмасын берген кезде
балалар дұрыс түсіну үшін нақты не істейтінін,
қалай орындау керектігін айту керек. Мысалы, ұста,жетіп ал,
допты ойыншыға тигіз және т.с.с. 2-3-ші сыныптарда қимыл
жиілігін дамыту жаттығуларын көбірек береген дұрыс болады.
Жылдамдықты дамыту жаттығуларын қысқа түрде 6-8 секунд уақытқа ғана
беру қажет.
Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабақтарын жүргізгенде
негізінен білім беру міндеттерін шешеміз. Ол міндеттер:
қимыл қозғалыс түрлерін меңгеру, дене тәрбиесі негіздері және
салауатты өмір салты туралы негізгі теориялық мағлұматтар беру.Елімізде
қазіргі кездерде жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш сыныптарда
дене тәрбиесі сабағын көбінесе сол сыныпқа сабақ беретін
бастауыш сынып мұғалімдері жүргізеді.Ол мұғалімдер арнайы және жоғары
оқу орындарында оықғанда дене тәрбиесі мен әдістемесі пәнінен
дәрістер алды, сынақтар тапсырды. Сондықтанда ол мұғалімдер дене
тәрбиесі сабақтарын жүргізгенде көп ізденіп , дайындалып , мектептің
дене тәрбиесі мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, олардан көп үйреніп,
сабақтарды мектеп оқу бағдарламасы материалдарына сай жүргізілуі
керек. Ал, дене тәрбиесі мұғалімдері келешек өздерінің алдына келетін
оқушылардың төрт жыл уақытын бос өткізулеріне жол бермей ,
бастауыш сыныптардың дене тәрбиесі сабақтарын, оқу жоспарын
қадағалап, бастауыш сынып мұғалімдеріне арнайы әдістемелік сабақтар
өткізіп, кеңес беріп отырулары керек.
Бастауыш сыныптарда дене тәрбиесінің негізгі мақсаттары мынадай:
- балалардың негізгі қыймыл әрекеттерін жетілдіріп, спорттық
қозғалыс жаттығулары мен ұлттық ойындары үйрету және сол
үйренгендерін өз еріктерімен орындауға әрекеттендіру.
Бұл мақсатта қазақ халқының бала денесін жетілдіру әдістері, оларды қолдану жолдары және ғасырлар бойы сұраптылып келген озық тәжіребелер де ескерілген.
Өйткені, ата - бабаларымыз балаларын ат құлағында ойнатып, қырда жарыстырып, шабандоздыққа үйреткен. Осындай мәнді де мағыналы тіршілік пен еңбек түрлерін игеру әрекеттері арқылы балалардың денесі шынығып, шымыр да тұлғалы бітім қалыптасқан, алып күштің иесі де шыққан. Осы ұлттық дәстүрді ұрпақтан – ұрпаққа жалғастыру мақсатында біздің балабақшада қазақ халқының тіршілік әрекетіне байланысты ұлттық нақыштағы қимыл – қозғалысына арналған жаттығуларды әр топтағы балаларға жасатып үйрету жұмыстары жүргізілуде. Салауатты өмір салты дағдыларын орнықтыру. Ересектермен бірге күн сайын таңертеңгілік гимнастика, су процедураларын жасау. Жыл маусымын есептегендегі дененің және спорттық киім гигиенасы. Құрдастарымен таза ауада дене жаттығуларын орындау. Спорттық жарыстар мен мейрамдарды көру. Конькимен, шанамен сырғанау, шаңғымен серуендеу.
Қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын, дұрыс тұлғаны қалыптастыру.
Отырғандағы, тұрғандағы бастапқы қалыптан, жүру кезіндегі тұлғаға арналған жаттығулар. Таяқшалармен, шеңбермен, қабырғада тұрғанда жаттығулар жасау. Жылдамдық пен икемділікті дамытуға арналған жаттығулар. Жүгіру мен секірулері бар қозғалыс және спорттық ойындардың элементтері. Шаңғымен жүру, өрмелеу. Сабақтың әлеуметтік, материалдық-техникалық жағдайлары туралы білімі.
Қарапайым спорт жабдығының атауы, оны пайдалану біліктілігі. Спортзалмен спорт алаңының құрал-жабдықтары. Жекелеген жалпы дамытатын жаттығуларды орындаудың әр түрлі тәсілдерін меңгеру.
Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесін сапалы дәрежеге көтеру қазіргі Қазақстанның білім беру саласындағы өзекті мәселенің бірі болып табылады. Осы маңызды жұмысты іске асыру барысында тарихи ел арасында қалыптасқан ұлттық халық ойын түрлерін баланың денесін шынықтыру барысында ұтымды пайдалануды зерттеу маңызды сала болып табылады, себебі халық арасында таралған ойындар баланың сүйіп ойнайтын және оның күш-жігерін жетілдіретін әсерімен ерекшеленеді.
Соңғы жылдарда зерттелген көптеген ғылыми еңбектердің негізгі тұжырымдамасы бойынша осы мектеп жасындағы балалардың дене шынықтыруын нақты бір мақсатты бағытпен дамытқанда ғана денсаулығы нығайып, жұмыс жасау қабілеті дамып жеке тұлға болып қалыптасуына тікелей әсері бар екендігі дәлелденуде.
Неміс ғалымы В. Зигердің дәлелдеуінше: «Дене тәрбиесін қоғамдық
құбылыс, мәдениет пен тұрмыс салтының құрамдас бөлігі, адамдардың нақты
тарихи әлеуметтік топтарының тәрбиесі ретінде айтқанда, біз тәнді
жетілдірудің әлеуметтік-мәдени жағдайларының, сонымен қатар белгілі-бір
қозғалыстың дамуына дұрыс мән берілуі қажет екендігін көреміз.
Бастауыш сыныптарға арналған дене шынықтыру сабағын ұйымдастыру ерекшеліктеріне қарай сабаққа дайындау кіріспе бөліміне оның мақсаты балаларды ұйымдастыру олардың назарын жинақтау, эмоциялық қалыпқа келтіру, баланы күрделі жаттығулар жасауға әзірлеу болып табылады.
Жаттығу барысында балалардың дене бітіміне, денесін, басын ұстауы мен қол, аяқтарының қимыл координациясына, аяқ алысына, жүгіру жеңілдігіне мән берілуі керек.
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі дене қимылдарына жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, еңбектеу, өрмелеу, асып түсу, шығу, тепе-теңдікті сақтау түрлерін дұрыс қалыптастыру негізгі мақсат болып табылады. Бұл дағдыларды қалыптастыру кезінде балалардан ынталы болуды, дұрыс орындауға талпынуды, оларға нақты нұсқаулар беруді, орындауларына көмек көрсетуді талап етеді.
Дене шынықтыруды қимыл-қозғалыс ойындары арқылы жүзеге асыру балалардың дене мүшелері мен көңіл-күйлеріне қатты әсерін тигізеді. Қимыл-әрекетке толық жағдай жасаудың, барлық бала ойыннан қуаныш табуға мүмкіндік жасаудың маңызы зор.
Ғалымдар Д.А. Фарбер, В.И. Козлова балалардың ми қыртысындағы сезім аймақтарының даму ерекшеліктерін зерттеп оның 14 жасқа дейін қалыптасатынын анықтады. Бұған қоса баланың зейіні 3-4 жаста қалыптаса бастап, 6-7 жаста зейін тұрақтанады да, 7-8 жаста ерікті зейін нашарлау болып, 9-10 жаста сыртқы ортаның әсерін терең және жан-жақты талдау қабілеті күшейетіндігін анықтаған.
Ойын барысындағы іс-қимылды дұрыс сапалы түрде балаға жеткізіп бірнеше рет қайталап әдетке айналдырғанда, бала ағзасындағы зат алмасу артып, жүйке жүйесі белсенділігін танытып, қан айналымы жақсарады. Қозғалыс барысындағы жиі демалудан бала ағзасындағы оттегіге деген қажеттілік артады. Дене шынықтырудың арқасында баланың көңіл-күй жоғарылап, жүйке жүйесі бекиді. Дене шынықтыру нәтижесінде бала өзінің іс әрекетіне және топтық тәртіпке үйреніп, оның ережесіне бағынады. Бұл оның жан-жағындағы оқиғаға мән беріп қарауына, төзімді болуына, тәртіпті сақтауына септігін тигізеді.
Бастауыш сыныптарда дені сау, рухы таза ұрпақ өсіру ең маңызды мәселенің бірі болып саналады. Ең негізгі міндет «Бірінші байлық - денсаулық» дегендей балалардың денсаулығын нығайту, шынықтыру, түрлі аурулардың алдын алу, сақтану жұмыстары дәстүрден тыс әдістері қолдану арқылы жүргізіледі. Ол үшін бүлдіршіндердің денесін шынықтыруға, яғни олардың дене құрылысының дұрыс өсіп қалыптасуына көп көңіл бөлінеді. Сыныптарда, одан тыс кезде мұғалімдер балалардың қимыл белсендігін арттырып отырады. Дене шынықтыру сабағында ертеңгілік жаттығу кезінде, ойын элементтерін жиі қолданады, ал серуен кезінде тәрбиешілер тікелей тапсырма беру арқылы балаларды әр түрлі қимыл-қозғалыстарды сапалы жасауға ұмтылдырады.
Дене бітімінің дұрыс дамуына, жалпақ табандылықтың алдын алуға арналған жаттығулар, Шульц тәсілі бойынша дем алу жаттығулары өткізіледі.Мұғалімдер дене шынықтыру сабағының әдісіне ерекше назар аударып, сабаққа қажетті құралдарды, түрлі әдістерді дұрыс іріктеп қолдануға жете мән береді. Жыл мезгіліне байланысты сабақ жүргізу әдісі де өзгеріп отырады. Мұндай сабақ қимылды ойын комплексі, спорттық жаттығулар түрінде жүргізіледі.
Білім мен тәрбие беру саласында бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі маңызды орын алады.Ол балалардың денсаулығын нығайтуға және өз беттерімен қимылдар жасай білуді үйретуге бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |