Мазмұны: кіріспе



бет7/10
Дата21.05.2022
өлшемі44,38 Kb.
#144346
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-54888

Қорытынды
Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес тақырыбында айта келе, Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының тиісті нормаларының тиімділігін нығайту мәселесін де қозғап кету керек. Қазіргі уақытта республикамызда әрекет ететін заңнама әр дайым заңсыз есірткі айналымының экономикалық аспектілерін есепке ала бермейді. Есірткі қылмыстарының экономикалық базасын кесу, қылмыскерлердің заңсыз әрекетін жасау мақсатында пайдаланатын қаражат құралдарын және өзге де материалдық құндылықтарын алу арқылы жүзеге асыру қажет. Мұндай алулар заңда белгіленген тәртіппен есірткімен заңсыз әрекет жасаған, кінәлі деп танылған тұлғаның мүлкін тәркілеу ұғымымен ұштады. ТМД елдерінің есірткіге қарсы заңнамалары, осы бағыттағы заңсыз әрекеттеріне жаза түрінде мүлікті тәркілеу, кең қолданатындығымен ерекшеленеді. Ал біздің республикамыздың Қылмыстық кодексінің халық денсаулығына және адамгершілікке қылмыстар тарауында көзделген кейбір баптарының санкцияларында, атап айтсам, Қылмыстық кодекстің 261 б., 262 б.2т., 263 б., 264 б, жазаның тек бас бостандығынан айыру түрі ғана қолданылады. Тәркілеуді аталған баптарға қосымша жаза ретінде қолдану, есірткі бизнесінің экономикалық бастауының алдын-алуда ғана емес, жалпы тәркілеудің қосымша жаза ретінде қолданылуын кеңейтеді деген ойдамын.
Мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі, еліміздің ертеңі –жастар, дәлірек айтсақ XXI ғасыр жастары. XXI ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры, жалпылама айтқанда күн сайын шығатын технологиялық жетістіктер жасөспірімдердің қызығушылығын толтыруда және ол өз кезегінде барған сайын жас жеткіншектердің тәрбиесіне, біліміне, ең бастысы денсаулығына көңіл аз бөлуде. Баршамызға мәлім, қазіргі кезде кез-келген ақпаратты, соның ішінде есірткіге байланысты мағлұматтарды интернет желілерінен, теледидардан және сол секілді телекоммуникация құралдарынан алуға болады. Тіпті, қазіргі уақытта есірткі заттарын айналадан іздеп қаңғудың немесе оны қалай пайдаланамын деп бас қатырудың қажеті жоқ секілді, өйткені интернетті ашып қалсаң болғаны, содан есірткі, көкнәр сататындар және сол есірткіні өзің үйіңде қалай жасауға болатыны туралы ақпараттар тізбектеп шыға келеді. Есірткіні үйде жасау мүмкіндігі фактілері қазір расталып отыр. Санаға әсер ететін синтетикалық есірткілік құрал жасап шығарумен және олардың рецептерін жасаумен айналысатындар, айталық «химиктер», аталмыш есірткілерді өндірумен қатар жаңа рецептерді арнайы веб сайттарға орналастырып та үлгеруде. Олардың ізіне түсу өте қиын, әлемдік телекоммуникациялы желі химиктер үшін жасырынуға қолайлы болып отыр.
Алайда «жаман айтпай-жақсы жоқ» дегендей, бүгінгі таңда мемлекет басшысының қолдауымен жастар арасында таралған есірткі дертінің алдын-алуда бірнеше акциялар жүргізіледі. Үлгі ретінде келесі акцияларды айтуға болады: «Біз – салауатты өмір салты үшін!», «Мен өмірді қалаймын», «Дені сау университеттер», «Есірткіге жол жоқ!» және т.б. Осы іс-шараларға мыңнан астам оқушылар, студенттер және жұмыс істейтін жастар үлесін қосуда.
Балалар мен жасөспірімдерді тұрғылықты жері бойынша дене шынықтыру және спортпен айналысуға тартып, бос уақыттарын ұйымдастыру бойынша балалар мен жасөспірімдер клубтарының жұмыстары жалғасып келеді.
Қорытындылай келсем, жоғарыда айтқанымдай есірткіге қарсы талай-талай күрес шаралары жүргізілгенімен, нәтижесі сонда-да көңілден шығатындай емес, өйткені біз есірткіге қарсы күресеміз дейміз де, оған тамаша жарнама жасаймыз. Дегенімен, қол түсірудің керегі емес, Қазақстан Республикасы Басшылығының жүргізетін есірткі пайдаланушылар мен есірткі бизнесіне қарсы күрес бағдарламаларына сәйкес, республикамыздың әр облысында қоғамның салауаттылығы үшін қолдан келген амалдарды қарастырып, бар күшімен еңбектенетін Ұлттық Қауіпсіздік Комитеттері және құқық қорғау органдары жұмыстануда. Мен, олардың өз қызметтерін дұрыс атқаратындығына және аянбай қызмет ететіндігіне күмәнім жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет