Мазмұны Кіріспе…


Сабақ жоспарларының үлгілері



бет3/3
Дата15.12.2016
өлшемі0,58 Mb.
#3867
түріСабақ
1   2   3

2.3. Сабақ жоспарларының үлгілері.

3-сынып қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:

Жұрнақ пен жалғау

284-288 жаттығулар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Жұрнақ пен жалғау туралы берілген білімді қайталау.



Дамытушылық мақсаты:

Білім берудегі жаңа технологияны меңгеруде білім сапасын дамытып, деңгейлеп оқытуға, сөйлеу мағынасын дамытуға көңіл бөлу.



Тәрбиелік мақсаты:

Ізденгіштікке, қайырымдылыққа, әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.



Сабақтың түрі:

Қайталау сабағы.



Сабақтың әдісі:

Сұрақ-жауап, көрнекілік, проблемалық түсіндіру.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

ә) сабақтың мақсаты түсіндірілді.

ІІ. ҮҮй тапсырмасын тексеру:

а) үйге берілген жаттығулардың орындалуын тексеру, ауызша бағалау.



ІІІ. Жаңа сабақ бойынша жұмыс.

  1. Дәптерлеріне күнді және көркем жазуды жазды.

284-жаттығуды оқушылар кезекпен мәнерлеп оқып шықты. Қарамен жазылғансөздерді сөз құрамына қарай талдады.

Қолымда, қалағым, үйлер, құрылысшы деген сөздерді дәптерлеріне жазды.

Сыныпқа оқулықтан жаттығу орындау жұмысы тапсырылды.

285-жаттығуда жұмбақ берілген, шешуін тауып, қарамен жазылған сөздердің жұрнақ, жалғауын сызықшамен бөліп дәптерлеріне жазу.

Еңбек-кер-ге, Ерін-шек-ке.

286-жаттығуда мәтінді оқушылар мәнерлеп оқып шығып, қарамен жазылған сөздерді жұрнақ, жалғауларының астын сызып шықты.

Қарындашты, сызғыш, өшіргіш, кітап, ұштағыш. Қарындаштың…

ІV. Сабақты бекіту



  1. Карточкамен жұмыс. Әр оқушыға бір түбір сөз беріліп, ол сөзге оқушылар жұрнақ пен жалғауды қосып жазып шықты.

Оқы – оқыды, оқымысты.

V. Білімдерін бағалау

VІ. Үйге тапсытма

287-жаттығу. Сөйлем құрап, жазып келу.

Сабақты жүргізудегі байқағанымыз: сыныптардағы оқушылардың даму деңгейінің жоғары, өз ойларын еркін жеткізе алатыны, жауап беретіні, өзіндік көзқарасы, өз пікірін білдіруі, бір-бірінің еңбегін әділ бағалауы, сабақты талдай білулері, өздігінен жұмыс істеулері. Мұғалімнің оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар бергенінің арқасында толыққанды білім алулары байқалды. Әрине, оқушылардың арасында сабаққа толық қатыса алмай отырғандары да болды, бірақ білімді меңгеруге талпыныстары бар. Сондай-ақ, мұғалім уақыттың көп бөлігін оқушыларға бөлді, өз жұмысын ретпен бағыттай білді. Мектептің сыныптарындағы сабақ жүргізудің ерекшеліктеріндегі мәні зор мәселе болып табылады. Яғни мұғалімнің 45 минутты сыныпта уақытты дұрыс пайдалана отырып, нақты жағдайлармен, әр түрлі тәсілдерді таңдаудың негізінде өзін шебер мұғалім ретінде жан-жақты көрсете білуі нәтижесінде оқушылардан үй тапсырмасын да сұрау, жаңа сабақты меңгерту, оқулықпен жұмыс істеу, жаңа сабақты қортындылау, бағалау, осы үрдістің барлығын бір сабақта сыныпқа меңгерту арқылы – жоғары нәтижеге жететінін дәлелдеді.

Сан есім

Сабақтың мақсаттары:

Сан есім туралы алған білім мен білігін оқушыларесіне толық қалыптастыру және оны күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.

Дамытушылық. Сан есім туралы ұғымдарын кеңейтіп жан-жақты дамыту.

Тәрбиелік. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі. Қайталау сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, суреттермен, қима қағаздармен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі. Мақал-мәтелдер, қима қағаздар, дидактикалық ойындар.

Негізгі кезең.

“Кім қырағы, шапшаң?” ойыны.

Мақал-мәтелдерді оқыту.

а) Піл күшті, піл күшті емес.

ә) Біреу білмегенді, біреу біледі.


  • Неге?

Оқушылар жауабы.

  • Осы мақалдың жазылуынан не байқадыңдар?

  • Олай болса біз бүгін сан есім туралы білімімізді ортаға саламыз.

“Мың бір жұмбақ”

  • Санға байланысты қандай жұмбақтарды білеміз? Бес ін, Бес іннің аузы – бір ін. Бес, бір сан есім сұрағы қанша?

(Оқушылардың сабағы)

456-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табу (ауызша).

Екі, бірнеше сан есім сұрағы қанша?

Заттың екі бейнесі берілген. Егер қима қағаздардағы сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер, заттың толық бейнесі шығады.



  • Поезд, автобус туралы не айтуға болады?

457-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, сан есімдердің астын сызу. Реттік сан есімдерді сөз құрамына талда.

Суретпен жұмыс.



  • Суреттегі берілген сандарды ата. Олар қандай сае есімдер? Оларды реттік сан есімдерге айналдыр.

458-жаттығу. Есіптік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырып, көп нүктенің орнына жазу, реттік сан есімдердің құрамындағы жұрнақтардың астын сыз.

Сурет бойынша мақал-мәтел құрастыру.

459-жаттығу. Мақалды жатқа жаз. Сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсету.

Бір кісі Мың кісі

Сөз тіркенсін жаса.

Сан есім Сын есім Зат есім

Алты Қызыл Алма

460-жаттығу. Анаграмманы шешу (ауызша).



  • Сан есімдерді тауып, сөз құрамына талда. Қос сөзі қандай сан есімнің орнынына жұмсалып тұр?

  • Қос екі. Қос жалар, қос ішек, қос аққу.

Қорытындылау:

а) Мақал таратып, оның ішіндегі сан есімдерді тауып, реттік сан есімдерге айналдыру.

ә) Сонымен, балалар, сан есімді еске түсірдік.

  • Сан есімнің түрлері, сөз құрамына талдау.

Бағалау.

Үйге тапсырма. Сан есімге байланысты екі жаңылтпаш жазып келу.


Жас бала не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылыған сабаққа байланысты. Сондықтан әрбір сабақта бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру барысында бала бойында шығармышылық қабілет, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Қазіргі сабақтың түрлері сайыс, жарыс сабағы концерт, аукцион, кіріктіру сабағы т.б. өз нәтижесін беріп жүр. Әсіресе халықтық педагогиканы пайдаланып, ата-бабаларымыздың жақсы дәстүрін шәкірттердің бойына дарыту мақсатында халық ауыз әдебиетін пайдалана отырып баланың шығармашылық қызығушылығын арттырамыз. Қазақ халқының мейірімділігі, кең пейілдігі, сыпайылығы, көпшілдігі, сөзге беріктігі туралы әңгімелесу арқылы осы қасиеттерді шәкірт бойына сіңіру, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, әдептілікті биік ұстау сияқты әдет-ғұрыпты үйретуге болады.

Қорытынды

Қазіргі таңда жаңа педагогикалық ойлауға оқыту мен тәрбие үрдісінде де, елеулі өзгерістер орнығуды. Мұндай өзгерістер кіші мектепте оқыту мен тәрбие үрдісін ұйымдастыруға жаңаша талаптар қоюда. Бүгінгі таңда әрбір білім мекемесінің, әрбір педагогикалық ұжымның өзіндік келбеті, өз оқушысы, өзіндік тәрбиелік мәні яғни жүйесін құру қажеттілігі мұғалім іс-әрекетін тиімді ұйымдастыруды талап етеді.

Ғылым - әлемді танудың қайнар көзі болса, негізгісі – білім. Ал, білімнің іргетасы бастауыш мектепте қалыптасады. Бастауыш мектеп – бұл жалпы білім беретін мектептің оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және өзін-өзі іске асыруына, белсенділігін жетілдіруіне, қызығушылығын, қабілетін арттыруда қолайлы жағдай туғызатын негізгі буыны. Сондықтан мектептегі тұтас педагогикалық үрдіс сапалы нәтижеге жетуі үшін, оның бастауыш буындағы оқу-тәрбие үрдісі заман талаптарын қанағаттандыратындай деңгейдеұйымдастырылуы, ғылыми негізделуі және әдістемелік қамтамасыз етілуі тиіс.

Бастауыш сатыдағы оқу-тәрбие жұмысын бөлір-п-жарып қарау мүмкін емес. Бастауыш саты мұғалімдерінің педагогикалық қызметін ұйымдастыруында оқыту барысында кіші мектеп жасындағы оқушының оның белсенділігін жетілдіру, шығармашылық қызығушылығын арттырудың алғы шарттары ретінде ұсынылады.

Сонымен бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған орай оқушыға белгілі бір көлемде оқыту барысында білім дағдыларымен бірге, шығармашылық ақбілетін, қызығушылығын арттыру мақсатында, белсенділігін жетілдіру және оларды шығармашылық бағытта, жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.



Сонымен бірге, бастауыш мектептің негізгі міндеттері – балының жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет