Мазмұны нормативтік сілтемелер



Pdf көрінісі
бет151/163
Дата08.02.2022
өлшемі5,46 Mb.
#122048
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   163
Байланысты:
disser (2)

«шығармашылық 
ойлау
– ынталылық, эвристикалық, креативтілік деңгейдегі интеллектуалдық 
белсенділікпен, конструктивті дербестікпен жаңаны іздеп ойлап табу үдерісі, 
ал 
с
туденттің шығармашылық ойлауы 
– бұл оның проблемаларды шешуде,
жаңаны іздеп табуда логикалық операциялар мен эвристикалық, креативтілік 
тәсілдерді қолданудағы ынтасы, 
интеллектуалдық белсенділігі мен дербес 
конструктивтік іс-әрекетінің
кіріктірілген сапасы (бұл тұжырымды анықтаманың 
мәні диссертацияның 1.3 параграфында жан-жақты негізделген). 
Студент шығармашылық ойлауын дамыта отырып, қарама-қайшылықты 
ажыратып, мәселені тұжырымдай алады, болжамдарды ұсыну үшін эвристикалық 
операциялар мен амалдарды қолдана алады, болжамдарды таңдау үшін ойша 
эксперимент жасай алады, өз іс-әрекеттерін түзету және қызмет нәтижесін бағалау 
үшін рефлексия жасай алады. 
Студенттің шығармашылық ойлауын дамытудың деңгейін анықтау үшін біз 
дербестік, ұтымдылық, жылдамдық, бірегейлік, түпнұсқалық сияқты 
сипаттамаларды қарастырдық.
Дербестік студенттің тапсырманы орындау 
барысында оқытушының көмек дәрежесіне қатысты анықталды: толық дербестік; 
оқытушы тарапынан жетекші сұрақтарды қолдану негізіндегі ішінара дербестік; 
оқытушы тарапынан кеңестерді қолдану негізіндегі ішінара дербестік; дербестіктің 
толық болмауы. Ұтымдылық әдістер мен тәсілдерді жаңа жағдайға көшіру 
дәрежесіне қатысты анықталды: барлық жағдайларды толық есепке алу, бірнеше 


116 
жағдайларды есепке алу, бір жағдайды есепке алу, ілеспе шарттарды қарау 
дәрежесінің болмауы.
Жылдамдық ұсынылған болжамдардың жалпы санымен 
анықталды: болжамдардың болмауы; бір ұсыну; екі ұсыну; үш және одан да көп 
болжамдар ұсыну.
Бірегейлігі проблемаға деген ерекше көзқарасты сипаттайды 
және пайдаланылатын аналогтардың кеңдігімен анықталады: басқа облыстан; 
аралас аймақтан; сол облыстан; аналогі келтірілмеген. Студенттердің 
шығармашылық ойлауын дамыту деңгейі бойынша үлестіру деректерін топтастыру 
кезінде интервалдарды таңдау математикалық статистика әдістері негізінде жүзеге 
асырылды.
Студенттердің шығармашылық ойлауы дамуының деңгейін анықтау 
туралы қорытынды жасау үшін студенттер арасында бірқатар пікірталастар мен 
диалогтар өткіздік, ол «Шығармашылық ойлау дегеніміз не?» деген сұрақты 
қамтыды.
Тіпті «шығармашылық ойлау» ұғымының мазмұнын білетін 
студенттер (сауалнамада дұрыс жауап берген) танымал адамдардың, 
жазушылардың, ғалымдардың ойлау сипатын анықтау кезінде осы білімді 
қолдана алмады. 
Шығармашылық ойлау қабілеті бар адамның сипаттамаларының арасында 
студенттер келесілерді атап өтті: рухани бай (14,1%), өз пікірін қорғай білу 
(9,3%), білімділік (5,8%),тану қабілетінің өзгешелігі (4,9%), білімділік, ойдың 
дұрыс және әдемі мазмұндалуы, дамыған қиял, мақсатқа жетуге ұмтылу (3,8%-
дан), сондай-ақ ой-өрісінің кеңдігі, парасаттылық, әзілдей білу сезімі, әсерлілік, 
тұйықтылық, басқаларды түсіне білу. Сауалнамаға қатысқандардың 29,5%-ы 
шығармашылықпен ойлайтын адам басқаларға ұқсамайды деп жауап берді, бұл 
айырмашылық түсіндірілмеген десе, олардың 12,9%-ы олардың жасау, құру 
қабілетінің жоғарылығын көрсетті. 
Университет студенттерінің шығармашылық ойлауының дамуы деңгейін 
бағалаудың ұсынылған диагностика эксперименттің барлық кезеңдерінде 
сынақтан өтті. Бұл бізге эксперимент нәтижелерін бағалауға ғана емес, 
студенттерді өзіне-өзі диагностикалау жүргізуге мүмкіндік берді. 
Алынған мәліметтерді мазмұнды талдау студенттердің шығармашылық 
ойлауы дамуының жалпы деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. ЖОО-да білім 
беру осы мәселені шешуде нақтылық танытпайды. Бұл пәндер бойынша 
сабақтарды модернизациялауға кедергі болады. Студенттер тұлғаның 
қалыптасуындағы шығармашылық ойлаудың маңыздылығын түсінбейді, 
шығармашылық 
ойлаудың 
келесі 
біліктері 
мен 
дағдыларының 
қалыптасуының төмен деңгейіне ие: болжамды қалыптастыру; қарама-
қайшылықтарды айқындау және проблеманы анықтау; сұрақтар қою; 
шығармашылық ойлауды дамыту негізінде жатқан танымдық мотивация 
төмен деңгейде дамыған. 
Анықтау эксперименті деректері негізінде біз келесі қорытындылар 
жасадық: 

шығармашылық ойлаудың дамуының жеткіліксіз деңгейі қолданбалы 
сипаттағы міндеттерді шешу мүмкіндігін және таным әдісі, танымдық іс-әрекет 
құралы ретінде осы іскерлікті пайдалануды шектейді; 


117 

егер студенттерде арнайы мақсат ретінде шығармашылық іскерлікті 
дамыту мүмкін болмаса, онда университеттің оқу үдерісі шеңберінде олар 
стихиялық, тиісті деңгейде қалыптаспайды; 

мәдени шығармашылық жағдаяттарды шешуге ерекше көңіл бөлу қажет; 

студенттердің шығармашылық ойлау деңгейін арттыру психологиялық-
педагогикалық шарттарды жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін. 
Сонымен анықтау эксперименті барысында біз таңдаған зерттеу мәселесі 
педагогикалық практикада өзекті болып табылатындығын және оны шешу 
студенттің шығармашылық ойлауын дамыту бойынша жүйелі, мақсатты, үздіксіз 
жұмысты талап ететінін анықтадық. 
Келесі параграф студенттің шығармашылық ойлауын дамытудың 
құрылымдық-мазмұндық моделін апробациялау, зерделенетін процестің 
тиімділігін арттыратын психологиялық-педагогикалық шарттарды жүзеге асыру 
нәтижелеріне арналған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет