Мазмұны нормативтік сілтемелер


Студенттердің шығармашылық ойлауын дамыту әдістемесінің



Pdf көрінісі
бет152/163
Дата08.02.2022
өлшемі5,46 Mb.
#122048
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   163
Байланысты:
disser (2)

3.2 Студенттердің шығармашылық ойлауын дамыту әдістемесінің 
мазмұны 
Диссертацияның 3.1 параграфында негізделгендей қазіргі уақытқа дейін 
жоғары оқу орнындағы білім беру процесінде студенттердің шығармашылық 
ойлауын мақсатты түрде дамыту (қарама-қайшылықты анықтау, проблеманы 
талдау, болжамдарды ұсыну және тексеру, мақсатты іздеу жүргізу, мәселелерді
шешу үшін стандартты емес әдістер мен тәсілдерді және т.б. қолдану) негізінен 
дәрістер мен оларды толықтыратын семинарлық сабақтар арқылы жүзеге 
асырылғандығы байқалды. 
Біз зерттеу барысында студенттің шығармашылық ойлауын университеттің 
оқу-тәрбие процесінде барынша тиімді дамытуды қамтамасыз ететін 
психологиялық-педагогикалық шарттарды айқындадық. Оларға мыналар тән: 
студенттердің шығармашылық ойлауын дамытуда 
субъектілік, өзара 
субъектілік әрекеттестікті қамтамасыздандыру; проблемалық ісәрекеттік 
оқыту
– студенттердің шығармашылық ойлауын дамытудың шарты 
тұрғысынан; студенттердің шығармашылық ойлауын 
дамытуда 
педагогикалық құралдарды тиімді пайдалану
(аталған шарттардың мәні 
диссертацияның 2.1; 2.2; 2.3 параграфтарында жан-жақты қарастырылып, 
негізделген). 
Осы мақсатта біз зерттелетін мәселе аспектісінде жоғары мектепке әлеуметтік 
тапсырыстың талдауын; «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы 
пәндерінің мазмұнының мүмкіндігін пайдалануды; болашақ маманның 
шығармашылық ойлауының мәнін қарастыруды; оның дамыған өлшемдері мен 
деңгейлік көрсеткіштерін әзірледік. 
Эксперименттік зерттеудің қалыптастырушы кезеңінде жоғарыда көрсетілген 
психологиялық-педагогикалық 
шарттар 
аясында 
мынадай 
іс-әрекеттер
апробациялауға арналды: 
-
шығармашылық 
іс-әрекет 
процесінде 
субъект-субъектілік 
қатынастарды қалыптастыру; 
-
студенттердің шығармашылық ойлауын дамытуға мотивацияның 


118 
бағыттылығының болуы; 
-
оқытушының іс-әрекетінде өзара қарым-қатынастың демократиялық 
стилінің басым болуы; 
-
«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы пәндерінің 
шығармашылық әлеуетіне сүйену және қолдану; 
-
пән сабақтарының мазмұнын проблемалық-іс-әрекеттік оқыту негізінде 
құру; 
-
студенттердің 
шығармашылық 
ойлауын 
дамытуда 
тиімді 
педагогикалық құралдарды қолдану;
-
оқытушының өзінің шығармашылық ойлауын арттыруға дайындығы; 
-
студенттерді шығармашылық іс-әрекетке қосу; 
-
студенттердің шығармашылық ойлауы дамуының рефлексиясы; 
-
студенттердің шығармашылық ойлауды дамыту бойынша элективті 
курс бағдарламасының болуы. 
Осы жоғарыда көрсетілгендерге негізделе отырып зерттеу барысында 
студенттің шығармашылық ойлауын дамытудың әдістемесін құрастырдық 
(сурет -4). 


119 
Сурет-4. Студенттің шығармашылық ойлауын дамыту әдістемесі 
Қалыптастыру экспериментте аталған психологиялық-педагогикалық 
шарттарды мақұлдаудан өткізуде мынадай нәтижелерге қол жеткізу қажет: 
- оқу іс-әрекетінің шығармашылық контекстін ескере отырып, білім беру 
процесінің оң мотивациясын дамытуға бағытталуы студенттің шығармашылық 
ойлауын қалыптастырудағы субъектілігін қамтамасыз етеді; 
- мәдени шығармашылық жағдаяттар жүйесін құруды қамтамасыз ететін 
қосымша қағидаттың басымдығы арқылы студенттің жеке шығармашылық 
тәжірибесін шешуге қол жеткізуі; 
- студентке шығармашылық іс-әрекеттің өзекті мәнін анықтауға мүмкіндік 
беретін рефлексия жасау, мәселелерді шешу үшін эвристикалық тәсілдерді саналы 
түрде қолдану. 
Бірінші шартты іске асыру – білім беру процесінде шығармашылық 
ойлауды қалыптастырудағы субъективтілікті қамтамасыз ететін оқу іс-әрекетінің 
шығармашылық контекстін ескере отырып, оң мотивацияны дамытуға 
бағытталуы – бұл үдеріске студенттің де, оқытушының да белсенді қатысуын 
және жеке қызығушылығын болжайды. 
Танымдық қызығушылықтың жандануы студенттің танымдық іс-әрекетінің 
тәжірибесін, олардың ой-өрісін, ішкі көзқарастарын және ұмтылыстарын ескере 
отырып 
және 
контекстінде 
қамтамасыз 
етілді. 
Кейбіреулер 
пән 
олимпиадаларына, викториналық байқауларға және т.б. қатысқан кезде 
мақтаныш пен қуаныш сезімін бастан кешірді. Элективті курс сабақтарында олар 
бұл туралы барлық студенттерге айтып, шығармашылық кездесулерді, 
олимпиадаларды, зияткерлік кештерді ұйымдастыра білді. 
Бірінші шартты жүзеге асыру барысында біз танымдық қызығушылықты 
белсендіретін келесі тәсілдер мен әдістерді қолдандық: 
1. 
Тапсырмаларға жеке мағына беру. Бұл ұсынылған мәселелер 
студенттің кәсіби қызығушылықтары мен өмірлік тәжірибесімен байланысы 
арқылы қамтамасыз етілді; тапсырманы шешу нұсқасын таңдау: ауызша 
хабарлама, жазбаша әңгіме, өлең, сурет түрінде ұсынылды. 
2. Тапсырмаларды көрсетудің ерекше және қызықты түрлері: тақырып 
бойынша көбірек қызықты сұрақтар қой; өлең, ән, очерк, трактат, сұхбат, 
кроссворд, ойын, викторина құрастыр; өз тарапыңнан оқу құралдарын 
(тапсырмалар, тесттер жинағы, тест тапсырмаларын орындау алгоритмдері, 
жадынамалар, тесттер) құрастыр.
Мысалы, «Психологиядан ең фантастикалық 
оқулық ойлап табыңыз» тапсырмасына студенттер ұялы телефон түріндегі 
«сөйлейтін» оқулық ұсынды, онда теорияны әзіл түрінде баяндау, анықтамалар
ән түрінде жүзеге асырылады (Кербез Р.), «жүйке жүйесін тыныштандыратын 
және оқуды баптаушы жасанды интеллект пен механизмді электронды 
компьютерлік кітап» (Айгүлім К), «беттердің орнына түймелері ғана бар оқулық, ал 
ақпарат сымдардың көмегімен миға жіберілдеді» (Салима X.). 


120 
3. Келесі тапсырмаларда көрініс тапқан эмпатияны қабылдау: «пи» санының 
атынан әңгіме жазу, педагогикадан жарнамаларды сахналау, әдеби кейіпкерлер 
тұрғысынан тапсырмаларды шешу процесін сипаттау.
Тапсырманы мәтіндік және мәтіндік емес тәсілдермен ұсыну. Бұл ретте 
студенттердің түрлі иллюстрацияларды, кестелерді, сызбаларды, графиктерді және 
т.б. қабылдау ерекшеліктері ескеріледі.
Шығармашылық ойлауды қалыптастыру 
тәсілдерінің бірі шығармашылық міндеттерді шешуге үйрету болып табылады. 
Оқу-жаттығудың оң мотивациясын қалыптастырудың әртүрлі тәсілдерін 
пайдалана отырып, біз сыртқы, тіпті қолайлы жағдайлар оқу-жаттығудың 
мотивациясына тікелей емес, тек студенттің өзінің ішкі көзқарасы арқылы ғана әсер 
ететінін ескердік.
Қызығушылық пен мотивацияның диалектикалық өзара іс-
қимылы туралы есте ұстай отырып (қызығушылық басым мотив ретінде болуы 
мүмкін), біз студенттердің өзін-өзі тану бойынша ішкі жұмысын сендіру, түсіндіру 
және ынталандыру арқылы, шығармашылыққа деген қызығушылығын дамыту 
арқылы өзін-өзі таныту арқылы тікелей әрекет еттік.
Біз шығармашылық ойлауға 
ашық, белсенді, тұрақты және саналы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған 
табыс жағдайларының жүйесін қарастырдық. 
Студенттердің ішкі мотивациясын дамыту үшін біз «ойын – білім», «ойын – 
қатынас», «ойын – іс» мәселелі ойындарды пайдаландық. 
Осы ойын түрін ұйымдастыру кезінде біз келесі аспектілерді ескердік: 
-
ойынға қатысушыларда заттар әлеміне, табиғатқа, социумға, өзіне және 
басқаларға рефлексивті қарым-қатынасты қалыптастыру; 
-
тұлға үшін субъектілі-маңызды коммуникативтік жағдайды құру; 
-
шығармашылық, ынтымақтастық, өзара көмек көрсетуді талап ететін 
қарым-қатынастарды ұйымдастыру. 
Мысалы, арнайы курс аясында «Психология керек пе?» ойын – қатынасы 
жүргізілді. Дайындық кезеңінде ойын атауын көрсеткеннен кейін студенттер 
осы тақырыпқа қатысты ой қозғап, әдебиеттермен танысып, жақындары мен 
таныстарынан пікірлерімен бөлісуді сұрады.
Ойынның басында ақпарат 
беруші, пікірлестер, қарсылас, оппозиционерлер рөлдері таратылды. 
Студенттерден таңдаған рөлдерді ұстану сұралды. Бұл жағдайда оларға 
белгілі бір фразалар көмектесті. 
Қарсылас: «Мен сізді дұрыс түсіндім бе?» «Кешіріңіз, бірақ мен сіздің 
пікіріңізбен келіспеймін», «Мен сіздің пікіріңізді құрметтеймін, бірақ оны 
бөліспеймін», «Иә, бірақ...», «Сөзсіз, дегенмен ...». 
Оппозиционер: «Кешіріңіз, егер менің пікірім сізді таң қалдыратын 
болса», «мәселені екінші жағынан қарайтын болсақ?», «Стереотиптерден 
арылайық және ... », «Ал егер мен өз ойымды нақтылайтын болсам...?» 
Пікірлестер: «Мен сіздің пікіріңізбен келісемін...», «Мен сіздің 
көзқарасыңызды бөлісемін және ...», «Мен сіздің пікіріңізге қосыламын және 
қосқым келеді ...», «Мен бұл ойды қолдағым келеді, себебі ...», «Бұл қызықты, 
өйткені...», «Мұнда бір нәрсе бар...», «Бұл туралы ойлану керек ...», «Мен 
жалғастырғым келеді...». 


121 
Информатор: «Менде бұл туралы қызықты ақпарат бар», «Маған қосуға 
бола ма?...», «Сіз білесіз бе, бұл ...», «Бұл туралы пікір бар...», «Ақиқат 
жеңеді...». 
Өткізілген жұмыстың оң нәтижесі студенттердің эмоциялық көңіл-күйін, 
психикалық белсенділікті, оқу іс-әрекетіне қызығушылықты, жаңа білім алу 
үдерісіне құндылық ретінде қарауын айқын арттыру болғаны байқалды.
Өз 
қызметінде табысты болуды уайымдау қызметтің жаңа, неғұрлым күшті 
мотивтерін қалыптастырды, өзін-өзі бағалау деңгейін өзгертті, өзін-өзі жүзеге 
асыруға, «өзін-өзі жетілдіруге» ұмтылысты тудырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет