Зерттеу кезеңдері Зерттеу жұмысы 3 кезеңге сәйкес жүргізілді.
1 кезең (2016-2017жж.) - қарастырылып отырған проблема бойынша
материалдар жинақталып, оларға талдау жасалды, жүйеленді, ғылыми аппарат
анықталды, жоғары оқу орындарының, мектеп мұғалімдерінің озық
тәжірибелері жиналып, қорытыланды, тәжірибелік-эксперимент жұмысының
бағдарламасы даярланды.
2 кезең (2017-2018жж.) - жоғары оқу орнының білім беру ортасында
пайдаланылатын
студенттердің шығармашылық ойлауын дамыту
материалдары сұрыпталды, аталған дамудың құрылымдық-мазмұндық моделі
жасалды, психологиялық-педагогикалық шарттары айқындалды. Элективті
курс бағдарламасы әзірленіп, мазмұны жасалды. Оларды оқу-тәрбие
үдерісінде пайдаланудың әдістемесі жасалды, мәдени жағдаяттар жүйесі,
кезеңдермен дамытудың ғылыми-әдістемелік ұсыныстары әзірленді.
Тәжірибелік-эксперимент жұмысы жүргізілді, аралық кесінділер алынды.