16
құрайтын элементтер мен сол элементтердің статистикалық не динамикалық
өзара қарым-қатынаста болатын тәсілдерін түсінеміз. Құрылымның екі түрін
айтуға болады: кеңістіктік; уақыттық. Мысалы, баспадан шыққан кітап -
кеңістіктік, ал оны дауыстап оқу кезінде – ол уақыттық құрылымда болады.
Бейнелерді тану қабілеті – мидың іргелі қасиеттерінің бірі. Бірдей
физиологиялық үдерістер мүлдем әртүрлі мазмұнды жіберуі мүмкін. Бұл
әртүрлілік ипульстерді
қосу деңгейінде көрінбейді, ол бейненің қалыптасу
деңгейінен басталып, абстракциялаудың елеулі жоғары иерархиялық
деңгейлерінде өседі. Адам баспада басылған сөзді оның түсіне, шрифтіне,
әріптер өлшеміне қарамастан тани біледі.
Айтылған сөз дауыстың тембріне,
жоғары-төмен
дауыстылығына
қарамастан
қабылданылады.
Яғни
сигналдардың физикалық сипаттары кең түрде ерекшеленуі мүмкін, бұл кезде
мидағы нейрофизиологиялық оқиғалар да бірдей емес. Бірақ мидың
қыртысында барлық өзгерістердің астарында жатқан образды ажырататын
механизм бар. Ақпаратты осындай тәсілмен іске асырып өңдеу
Достарыңызбен бөлісу: