90
Бұл салаларды студенттердің шығармашылық
ойлау құрылымындағы
жүйе құраушы ретінде бөлу осы процесті зерделеуге және проблемалық-іс-
әрекеттік оқыту жүйесінде студенттің интеллектіне басқарылатын
педагогикалық әсер ету мүмкіндігін анықтаудың барлық әрі негізгі тәсілін
нақтылайды.
Қарастырылатын
тәсілге сәйкес
шығармашылық ойлауды дамыту
студенттің стандартты емес міндеттерді шешу кезінде өзінің ақыл-ой
және практикалық қызметін дербес ұйымдастыруға дайындығын
қалыптастыру процесі ретінде ұсынылуы мүмкін.
Мұндай
дайындық
шығармашылық қызметтегі дамыған уәждемеден (ынталылық деңгей),
міндеттерді шешуді саналы түрде жүзеге асыра білу (эвристикалық деңгей)
және теориялық және практикалық проблемалардың үлкен шеңберін шешуде
(креативтілік деңгей) орын алуға қабілетті жоғары деңгейдегі кең,
жылжымалы білім жүйесінің болуы есебінен қалыптасады.
Осылайша, шығармашылық ойлаудың ішкі психологиялық моделі
аталған үш компонентті қамтиды. Олар өзара тығыз байланысты,
өзара
шартталған және шығармашылық ойлаудың жұмыс істеуі мен дамуының
негізгі компоненттерін (өзіндік «жасушаны») құрайды.
Зерттеу бізге келесі қорытынды жасауға мүмкіндік береді: оқу
материалының мазмұнын арнайы құру, білімнің қажетті сапасына жету сәтіне
дейін оны меңгеру логикасын сақтау, танымның репродуктивті және өнімді
формаларын икемді қолдану есебінен білімнің
сапалық сипаттамаларын
жоғары деңгейлерге айтарлықтай жылжытуға қол жеткізуге болады. Алайда,
бұл үшін студенттердің шығармашылық ойлауын дамытуда үш компонент:
мотивациялық-құндылықты, интеллектуалдық-танымдық және іс-әрекеттік-
рефлексивтік жетекші рөлге ие болуы тиіс. Сонымен қатар, оқу процесінде
дидактикалық құралдармен шығармашылық ойлауды
дамытуда макротәсілді
жүзеге асыруда студенттердің тұлғалық және типологиялық ерекшеліктеріне
бағдар беру қажет.
Осыған сәйкес студенттің шығармашылық ойдауын дамытудың
психологиялық-педагогикалық негізгі шарттарының бірі педагогикалық
құралдарды тиімді қолдану болып табылады. Ол туралы келесі 2.3
параграфында жан-жақты мазмұндалады.
Достарыңызбен бөлісу: