Мазмұны нормативтік сілтемелер


  3. СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ



Pdf көрінісі
бет148/163
Дата08.02.2022
өлшемі5,46 Mb.
#122048
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   163
Байланысты:
disser (2)

 


107 
3. СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ 
ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ 
 
3.1 Студенттердің шығармашылық ойлауын дамытудың анықтау 
эксперименті 
Зерттеу мәселесі бойынша студенттердің шығармашылық ойлауы дамуының 
бастапқы деңгейін анықтау мақсатында студенттер мен оқытушылар арасында 
сауалнама жүргізілді.
Біз Атырау қаласындағы Х. Досмухамедов атындағы Атырау 
университеті мен Ақтөбе қаласындағы С. Баишев атындағы Ақтөбе университетінің 
37 оқытушысынан олардың зерттелетін мәселеге деген көзқарасын білу, 
шығармашылық ойлауды меңгеру дәрежесін анықтау, сондай-ақ оны студенттерде 
дамыту ниетін анықтау мақсатында сауалнама жүргіздік (1-қосымша). 
«Маманның кәсіби қызметіндегі табыстылығы оның шығармашылық 
ойлауының даму деңгейіне байланысты ма?» деген сұраққа оқытушылардың 83,7%- 
ы айтарлықтай дәрежеде байланысты деп жауап берді, қалғандары да белгілі бір 
дәрежеде тәуелділікті растады.
Алынған сұрақтардың бір бөлігі олардың 
педагогикалық тәжірибесіне қатысты болды.
Сауалнамаға қатысушылардың 68,2%-
ы студенттің шығармашылық ойлауының даму деңгейін орташа, 32,8%-ы төмен деп 
бағалады және де сұралғандардың барлығы дерлік студенттің шығармашылық 
ойлауының даму деңгейі толық қанағаттандыра қоймайтындығын жасырмады. 
«Сіз сабақта студенттердің шығармашылық ойлауын дамыту жұмыстарын 
жүргізесіз бе?» деген сұраққа (үнемі; кейде, қажет болған жағдайда; өте сирек; 
дамытпаймын, ол туралы айқын түсінік жеткіліксіз) тек 5 (18,5%) оқытушы 
шығармашылық ойлауды қалыптастыруға үнемі көңіл бөлетінін, бірақ осы үдерісті 
дамытуда қолданатын барлық құралдардың тиімді бола бермейтіндігін атап өтті.
Олардың дені шығармашылыққа бейімді білім алушылардың жеке 
шығармашылығындағы шеберлікті дамытуға бағытталған. Тек үш оқытушы ғана бұл 
үшін студенттерді шығармашылық ойлауды дамыту субъектілеріне «аудару керек» 
деп атап өтті. Осылайша, оқытушылар студенттің шығармашылық ойлауын 
дамытудың мақсатты түрде жүзеге асырылмағандығын растады. 
Сұрақтардың келесі бөлігі зерттелетін феноменнің қалыптасуының жеткіліксіз 
деңгейінің себептерін талдауға қатысты болды.
ЖОО педагогтары екі түрлі 
себептерді атап өтті: ішкі (басым) және сыртқы. Олар ішкі себепке мыналарды 
жатқызды: өзіне, өз күшіне сенбеу (32,3%); өзінің күшті және әлсіз жақтарын нашар 
білу (16,7%); шығармашылық ойлауды дамытудың тәсілдері, әдістері мен 
құралдарын білмеу (33,9%).
Сыртқы себептер: құрдастары тарапынан қолдаудың 
болмауы (47%); оны дамытуға арналған нақты шарттардың жоқтығы (33,9%); 
шығармашылық ойлау идеалының болмауы (16,7%); проблема бойынша қажетті 
әдебиеттердің жоқтығы (18,4%); сондай-ақ білім беру процесін репродуктивті 
қызмет түрлеріне бағдарлау. 
Сұрақтардың қорытынды бөлігі ЖОО-ның оқу үрдісіндегі студенттің 
шығармашылық ойлауының қалыптасу деңгейін арттыра алатын өзгерістерге 
қатысты болды.
Шартты түрде олар төрт санатқа бөлініп, содан кейін 


108 
психологиялық-педагогикалық шарттарды айқындауға негіз болды. Ұсынылған 
алғашқы өзгерістер студенттің шығармашылық ойлауын дамытуға ынтасын 
арттыруға қатысты болды (ойлы студенттерді ынталандыру; «спорттық» 
бәсекелестік жағдай жасау; оқу процесіне өмірмен байланысты қызықты 
ақпараттарды енгізу).
Екінші ұсыныстар оқыту әдістері мен формаларын 
өзгертуге, көптеген шығармашылық тапсырмалар мен проблемалық 
жағдаяттарды енгізуге қатысты болды. Жауаптардың үшінші санаты 
оқытушылар мен студенттер арасындағы өзара қарым-қатынастағы өзгерістерді 
қамтыды; соңында студенттер мен оқытушылардың өз іс-әрекетін талдауға, яғни 
рефлексияға бағытталды. 
Біз жеке тұлғалық даму мәселесі бойынша қандай материалдарға, атап айтқанда 
студенттердің шығармашылық ойлауын қалыптастыру, оқу процесінде жүгінетінін 
анықтау мақсатында оқытушылар тобымен бірнеше жеке әңгімелесу өткіздік: 
оқытушылар сабақтарды қандай формада өткізуді қалайды; студенттермен жұмыста 
қандай оқыту әдістерін жиі қолданады?
Барлық оқытушыларда құрылымы, мазмұны 
және шығармашылық ойлауды қалыптастыру әдістері туралы нақты және толық 
түсінік жоқ екені анықталды.
Аяқталмаған ұсыныс әдістемесін пайдалана отырып, біз 
шығармашылық ойлаудың мәнін түсінудегі негізгі олқылықтарды анықтадық. 
Анықтамада мынадай қателіктер жіберілген: ұғымның түсініктемесі келтірілмеген 
(шығармашылық ойлау – бұл «шығармашылық ойлауға қабілеті», «адамның 
жаратылысқа байланысты ойлауы», «шығармашылық тұлғаға тән ойлау түрі»); 
шығармашылық ойлаудың бірнеше сипаттамасының біреуін ғана көрсету; тұлғалық 
бағыттылығын, мотивациясын және т.б. терістеу. 
Бұл бізді бірінші кезекте оқытушылар үшін шығармашылық ойлаудың мәнін 
және оны студенттерде дамыту тәсілдерін меңгеру және түсіну тұрғысынан 
бірқатар семинарлар мен дәрістер өткізу керек деген қорытындыға әкелді. 
Дәрістік сабақтарда психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге талдау 
жасалып, оқытушылар осы мәселе бойынша жаңа жұмыстармен танысты. 
Семинарларда «Шығармашылық ойлау дегеніміз не? Қазіргі қоғамға 
шығармашылық ойлау қабілеті бар адамдар қажет пе? Шығармашылық ойлау 
жастар үшін құндылық бола ма? Неге бұл мәселеге деген қызығушылық өсіп 
келеді?» және т.б.сұрақтар көтерілді.
Семинарлардың бір бөлігі шығармашылық 
ойлауды қалыптастырудың белгілі тәсілдерін меңгеруге арналған: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет