Мазмұны нормативтік сілтемелер



Pdf көрінісі
бет6/163
Дата08.02.2022
өлшемі5,46 Mb.
#122048
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   163
Байланысты:
disser (2)

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



КІРІСПЕ 
 
Зерттеудің көкейкестілігі.
Қазақстанның әлемнің үздік отыз елінің 
қатарына және дүние жүзінің жоғары білімді елдерінің қауымдастығына енуі
жағдайында, заманауи өркениеттік өзгерістер барысында бүгінгі дәуірдің
әлеуметтік сұраныс мәртебесіне ие болатын бәсекегеқабілетті тұлғаның рухани, 
шығармашылық тұрғыдан дамуына қажеттілік артып отыр. 
Осы тұрғыдан адамзат капиталын, ұлттың зияткерлік әлеуетін дамытуда
қоғамның рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарын сақтауда білім 
берудің рөлін өзектілеуге бағдарлау Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл 
сайынғы Жолдауларында көрсетілген [1]. Оған қоса Елбасының 2017 жылдың 
12 сәуірінде жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 
мақаласындағы «ұлттық жаңғыру деген ұғым ұлттық сананың кемелденуін 
білдіретіндігін, Қазақстан халқының бойларында «ұлттық салт-дәстүрі, тілі мен 
музыкасы, әдебиеті, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухы мәңгі қалуға тиістігін» 
ескерсек, студенттің шығармашылық ойлауын дамытуды зерттеу қажеттігі 
тереңдей түседі [2]. 
Өйткені, тұлғаның шығармашылық даму деңгейі құндылық бағдарларға, 
мәдениетке, кәсіби іс-әрекет нормаларына ықпал етеді. Шығармашылыққа 
бағытталған ақпараттың басымдығы жағдайында адам бірқатар «тұлғалық 
негізді» меңгеруі керек. Мұндай «негізді» қалыптастырып, игеруге көмек беру 
– жоғары оқу орнының маңызды міндеттерінің бірі.
Сондықтан да ҚР Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты болып 
«Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру; 
тұлғаны оқыту мен тәрбиелеу барысында жалпы адамзаттық құндылықтарға 
мән беру; ғылымның ел экономикасына қосатын үлесін ұлғайту» табылады [3].
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы 
қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты 
Қазақстан халқына жолдауында (2 қыркүйек, 2019 ж.) шын мәнінде, педагог 
мамандардың кәсіби құзыреттілігі жоғары болуымен қатар педагогика 
саласында жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, тұрақты 
өзін өзі жетілдіруге бағыт алған, рухани дүниесі бай, шығармашыл тұлға, 
оның кәсіби шеберлігі әдістемелік жұмыстағы шеберлігімен ұштасып, ғылыми 
зерттеу жұмысының нәтижесін таратып жүрген ұстаз ретінде көрінуі шарт 
екендігі айтылған [4]. 
Өйткені, кәсіби білікті және шығармашыл ұстаз ғана бәсекегеқабілетті 
ұрпақты қалыптастыра алады. 
Заманауи және әлемдік деңгейдегі қарама-қайшылықтарды, білім берудің 
жаңа ұлттық моделі деңгейінде өзекті мәселелерді шешуде болашақ 
педагогтардың шығармашылық қабілетін дамыту айрықша талапқа ие.
Өйткені, ғасырдан ғасырға өз мәнін жоғалтпай, қай уақытта да заманның 
әлеуметтік және рухани талаптарынан туындаған көкейкесті мәселені 
көтеретін, өнер туындысы көркем құбылыстар мен түрлі ағымдар туралы 



мағлұматтар беріп, олардың ішкі бірлігі мен үндестігін сақтап, оқушының 
теориялық танымын тереңдетуге септігін тигізеді. Шығармашылықтың күрделі 
негізін түсінуде, оның озық тәжірибесін зерттеуде студенттерге білім берудің
жаңаша әдістемесін ұсыну қажеттігі де осыдан туындайды. Бұл – 
студенттердің, соның ішінде болашақ мұғалімдердің шығармашылық ойлауын 
даярлау бағытында жаңаша көзқарастарды қарастыруды талап етеді. 
Шығармашылық ойлаудың дамуы бәсекегеқабілетті тұлға қалыптасуының 
негізі, бұл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет