Мазмұны нормативтік сілтемелер



Pdf көрінісі
бет7/163
Дата08.02.2022
өлшемі5,46 Mb.
#122048
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   163
Байланысты:
disser (2)

бірінішіден, екіншіден
шығармашыл тұлғаны мектеп қабырғасынан 
қалыптастырған дұрыс, ал 
үшіншіден 
балалардың шығармашылық тұрғыдан 
дамуына басым ықпал ететін болашақ педагогтың шығармашылық ойлауын 
дамыту қажеттілігі арта түседі.
Сондықтан да педагогикалық жоғары оқу орындарында студенттердің 
шығармашылық ойлауын дамыту бағытына көп көңіл бөлініп отыр.
Мұғалімнің шығармашылық тұрғыдан дамуы мәселесі ерте замандарда ақ 
Шығыс философы Кун Фуцзыдан бастап, ежелгі антикалық философтар 
(Платон, Аристотель, Сократ), орта ғасыр ойшылдары (Әл-Фараби, А.Иүгінеки, 
Ж.Баласағұни, 
Қ.Иассауи) 
қазақтың 
ағартушылары 
(Ш.Уәлиханов, 
Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Т.Тәжібаев, Ж.Аймауытов т.б) еңбектерінде 
көрініс тапқан [5,6].
Соңғы уақыттарда ТМД мен Қазақстанда орындалған ғылыми еңбектерге 
жасаған талдау болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың теориясы мен 
практикасы 
(В.В.Краевский, 
В.А.Сластенин, 
В.Кузьмина, 
Н.Д.Хмель, 
C.Ж.Пралиев, 
Ш.Таубаева, 
А.П.Сейтешев, 
Г.Ж.Меңлібекова, 
М.С.Молдабекова, 
С.С.Маусымбаев, 
А.А.Жайтапова, 
Г.Т.Хайрулин, 
О.У.Мұсабеков және т.б.) [7-17]; шығармашылықтың жалпы мәселелері 
(И.Я.Лернер, Я.А.Пономарев, Д.Б.Богоявленская, Б.Д.Эльконин, В.В.Давыдов 
және т.б.), шығармашылық қабілеттің құрылымы мен оның түрлері 
(П.Я.Гальперин, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Лук және т.б.) 
дарындылық пен қабілеттіліктің шығармашылықпен байланысы (Б.М.Теплов, 
Л.С.Выготский, В.А.Крутецкий, А.М.Матюшкин, В.А.Моляко және т.б.),
оқушы шығармашылығының ерекшеліктері (В.Сухомлинский, Е.А.Акопян, 
А.Е.Әбілқасымова, М.Ә.Құдайқұлов, Қ.Ғ. Қожабаев, М.К. Бұлақбаева
Р.С.Омарова және т.б.), мұғалімдердің педагогикалық шығармашылығы 
(В.А.Кан-Калик, Н.Д.Никандров, Ұ.М.Әбдіғапбарова, Б.А.Тұрғынбаева және 
т.б), өзін-өзі тәрбиелеуі, өзін-өзі дамытуы (Б.К.Альмурзаева, Г.С.Сагаутдинова, 
C.Холландс, Д.B.Морисс және т.б) [18-23] зерттелгенін көрсетті. 
Аталған зерттеудің аясында қазақстандық ғалымдардың бірқатар еңбектері 
үлкен қызығушылық тудырады. Олардың қатарында шығармашылық 
интеллектуалды тұлғаны оқыту мен дамыту үдерісінің психологиялық 
құрылымы (С.М.Жақыпов, Ж.Ы.Намазбаева), этнопсихологиялық ұғымдардың 
тұлғаны интеллектісі мен өзіндік бағалауын дамытуға әсері (А.Ж.Аяғанова) 
[24], жоғары оқу орындарында болашақ мамандардың креативті сапаларын 
қалыптастырудың педагогикалық шарттары (А.Б.Оспанова, А.С.Швайковский,
С.А.Нұржанова, Р.І.Қадірбаева, Р.С.Омарова), білім беруді зияттандыру 



жағдайында профильдік оқытудың білім беру ортасын дамыту (Қунакова К.У) 
[25-29] және т.б қарастырылған зерттеулерді атауға болады.
Сондай-ақ, біздің зерттеуімізге жақын келетін соңғы жылдардағы PhD 
диссертациялық зерттеулерде болашақ педагог-психологтардың зияткерлік 
әлеуетін дамыту (Кенжебаева Б.Т.), арнайы әскери мектептерде оқушылардың 
зияткерлігін дамытудың педагогикалық шарттары (Аширбаева Н.Н.), ұлттық 
музыка құралдары арқылы студенттерді интеллектуалды дамыту (Жанқұл 
Тамараасар), білім беру субъектіліерінің өзіндік және әлеуметтік белсенділігін 
дамыту 
(Жиенбаева 
Н.Б., 
К.Куанжанова), 
болашақ 
ағылшын 
тілі 
мұғалімдерінде акме шығармашылық қасиеттерін қалыптастыру (Сагдуллаев 
И.И.), білім алушылардың дарындылығын дамыту (Туралбаева А, Сатова А.К., 
Нарикбаева Л.М.) және т.б. мәселелер жан-жақты қарастырылған [30-32].
Алайда бұл еңбектерде де білім алушылардың шығармашылық ойлауын 
дамытудың психологиялық-педагогикалық шарттары өз алдына жеке зерттеу 
пәніне алынбаған. 
Сонымен, 
жоғарыда 
көрсетілген 
ғалымдар 
еңбектерін 
талдау 
қарастырылып отырған проблеманың бұрын-соңды мақсатты түрде педагогика 
ғылымында зерттелмегендігін көрсетеді. Сондай-ақ, проблеманың өзектілігін 
талдау негізінде жоғары оқу орындарында студенттердің шығармашылық 
ойлауын дамытуда қоғамның сұранысы мен педагогика ғылымында оның 
теориялық және практикалық негізделуі арасында қарама-қайшылықтар бар 
екендігі байқалды:
а) 
Қазақстанның 
рухани 
жаңғыруы 
жағдайында 
студенттердің 
шығармашылық ойлауын дамытуға қоғамның сұранысы мен практикада оның 
толықтай жүзеге асырылмауы арасында; 
ә) жоғары оқу орындарында студенттердің шығармашылық ойлауын 
дамытудың керектігі мен оның теориялық негіздерінің жеткіліксіз зерттелуі
арасында;
б) студенттердің шығармашылық ойлауын дамытудың психологиялық-
педагогикалық шарттарын айқындау қажеттігі мен олардың теориялық, 
әдістемелік негіздерінің зерттелу керектігі арасында; 
в) ) студенттердің шығармашылық ойлауын дамытудың психологиялық-
педагогикалық шарттарын іске асыруда жоғары оқу-орны мүкіндіктерінің 
кеңдігі мен оны жүзеге асыру әдістемесінің жасалмауы арасында.
Осы айқындалған қарама-қайшылықтар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет