Мдб-н-17 Бақберген Бақнұр



бет1/3
Дата06.02.2022
өлшемі19,35 Kb.
#80772
түріСабақ
  1   2   3

МДБ-Н-17
Бақберген Бақнұр

ОРЫНДАУҒА БЕРІЛЕТІН ТАПСЫРМА:


1.Өзін – өзі тану бойынша жұмыстар үлгісін жасау.

«Өзін-өзі тану» сабақтарында әр оқушыны жеке тұлға ретінде тану, жетілдіру маңызды. Сол арқылы оның мүмкіндігін, шығармашылығын, мінез-құлқын, темпераменті мен қабілетін т.б. жекелік ерекшеліктерін танып, дамыту жүзеге асырылады. Осы ретте дұрыс қарым-қатынас ортасын құру маңызды.


Қазіргі таңда оқушылардың өзін өзі анықтауы мен өзін-өзі дамытун жетілдіру-өзекті мәселенің бірі. Осы ретте өздік жеке жұмыстарды жүргізу қажет. Оқушылардың таным белсенділігін арттырудың формасының бірі- жеке өздік жұмыс.
Өздік жұмыс -оқушы мүмкіндігі мен деңгейіне қарай оқу тапсырмаларын орындауды жеке бағдарлау, оқушылардың белсенді жұмысын мұғалімнің ұйымдастыруы. Ол арқылы білімді іздеу, оны ұғыну, қорыту,іскерлік, дағдыны дамыту,, қалыптастыру және білімді жүйелеу жеке оқушы тарапынан жүзеге асырылады.
Өздік жұмыс оқушыларды өз бетімен білім алуға ынталандырады, тәртібін күшейтіп, оқуға ықыласын арттырады.
Оқыту процесі - мұғалімнің бір мезгілде барлық оқушыларды бірыңғай оқытуы болғанымен де, негізінен ол оқушының жеке дара жұмысының түрі. Себебі, әрбір оқушы оны өзінің шама-шарқысы, дайындық жағдайына байланысты өзінше қабылдап, меңгереді. Соған орай жеке дара жұмыс әр оқушының өз бетімен жұмыс істеуге, білімді саналықпен ұғынуға дағдыландырады, оларды қоршаған ортадағы құбылыстардың заңдылықтарын оқып білуге ықыласын тудырады, ойлау белсенділігін арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет