Мәдениет басқармасының 2014 жылғы жұмыстары туралы есебі Сала әлеуеті



бет15/28
Дата06.02.2022
өлшемі194,5 Kb.
#54051
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
15-30 қараша аралығында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Алаш» залында қазақтың белгілі ақыны, жазушысы, ХХ-шы ғасырдың 30-50 жылдары жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған Бейімбет Майлиннің 120 жылдығына арналған «Құнарлы дарын» атты бейнепанорамалы көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылды. Ақынның өмірінің негізгі кезеңдерін баяндайтын көрмеде әйелі Гүлжамал Майлинаның және НКВД-ның балалар үйінде тәрбиеленген балаларының фотосуреттері, сондай-ақ, мұрағаттық құжаттар, ақынның көзі тірісіндегі және зерттеушілердің ақын туралы жазған шығармалары көрсетілген.
25 қараша – 3 желтоқсан аралығында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде «Алаш» залында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Түркі әлеміндегі тегеурінді тұлға» бейнепанорамалы көрмесі мен «Тәуелсіз Қазақстанның көшбасшысы» атты дәріс сабағы ұйымдастырылды.
5-18 желтоқсанның аралығында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Алаш» залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты бейнепанорамалы көрмесі ұйымдастырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет