Талдау нәтижелерін есептеу - бұл анализдіц қорытынды кезеңі. Нәтижелерді есептеу жеңіл теңдеулерді қолдануға негізделген және айтарлықтай қиыншылықтар тудырмайды. Дегенмен, бұл кезең үлкен ұқыптылықты талап етеді, өйткені есептеудегі қатеде басқа анализ операцияларын орындаудағы ұқыпсыздық, дұрыс орындамау және немқұрайлылықтар жалған нәтижеге әкеледі. Анализ нәтижесін есептеумен қатар, алынған мәндердің де қателерін есептеу қажет, өйткені кез келген өлшеу нәтижесінің қатесі анықталып, белгілі болған кезде ғана оның нақты құндылығы болады.
АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Метрология (грекше metron - өлшеу және (logos - ұғым, ілім, ғылым) - өлшеу туралы, өлшеудің әдіс-тәсілдері туралы ғылым. Метрологияның ғылым салаларындағы, соның ішінде химиялық анализдегі маңызы өте зор. Химиялық анализ метрологиясы
- стандарттауға
- өнеркәсіпті интенсивтендіруге
- өнімнің сапасын жоғарылату
- қоршаған ортаны қорғау және т.б.
Химиялық анализ - күрделі және көп сатылы үрдіс, нысанның анализін мынадай кезеңдерге бөлуге болады:
- әдіс пен анализ жобасын таңдау
- сынаманы таңдау,анализге дайындау, өлшеу жүргізу, нәтижелерін өңдеу. Химиялық анализ әдісін таңдау мен өлшеу нәтижелерін өңдеуді, сонымен бірге «өлшеу» кезеңінің кейбір жалпы ережелерін қарастырамыз.
Химиялық анализдің негізгі мақсаты - зат мөлшерін анықтау, сондықтан, анализ кезеңдерін қарастырудан бұрын осы оқулықта қолданылатын зат мөлшерінің өлшем бірліктері мен концентрацияны белгілеу жолдарын келтірсек.
Зат мөлшерінің өлшем бірліктері және концентрацияны өрнектеу жолдары
Зат мөлшері ( ) бірлігіне моль қабылданған. Кез келген заттың 1 молінде Авогадро санындай 6,02·1023 құрылыс бірлігі (атом, молекула, ион) болады.
NA= 6,02·1023 моль-1, H2 – 1 моль, 5H2 – 5 моль
Заттың белгілі бір мөлшерінің массасын, газ болса көлемін, затты құрайтын құрылыс бірліктерінің санын анықтайтын формула:
(1.1)
мұнда, М – молярлық масса, Vm – мольдік көлем, m – масса, V – көлем, N – бөлшектің құрылыс бірлігінің саны.
Достарыңызбен бөлісу: |