Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу үшін негіздер. Куәландыру (қайта куәландыру), сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) кезінде МӘС-ке жолдау тәртібі



бет11/25
Дата01.10.2024
өлшемі189,39 Kb.
#205488
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Байланысты:
иөж Адия 1

Тіршілік-тынысының мынадай санаттары бірінің шамалы білінетін шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты шамалы бұзылуы үшінші топтағы мүгедектікті немесе үшінші топтағы мүгедектігі бар баланың санатын белгілеу үшін негіз болып табылады:

  • Тіршілік-тынысының мынадай санаттары бірінің шамалы білінетін шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты шамалы бұзылуы үшінші топтағы мүгедектікті немесе үшінші топтағы мүгедектігі бар баланың санатын белгілеу үшін негіз болып табылады:
  • 1) бірінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсетуге;
  • 2) бірінші дәрежедегі жүріп-тұруға;
  • 3) бірінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті);
  • 4) бірінші дәрежедегі оқуға;
  • 5) бірінші дәрежедегі айналасын бағдарлай білуге;
  • 6) бірінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға;
  • 7) бірінші дәрежелі өзінің мінез-құлқын бақылауға.

Жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу өлшемшарттары

  • ЖЕА дәрежесі өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына еңбек ету қабілетінен айырылуға (жоғалтуға) әкеп соқтырған оқиға (әлеуметтік қатер) туындаған кезде белгіленеді.
  • Тіршілік-тынысының шектелуіне әкеп соқтырған организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын құжаттар болған кезде ЖЕА туындады деп есептеледі.
  • 63. ЖЕА туындаған кезде өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына ЖЕА дәрежесі 30-дан 100 пайызды қоса алғанға дейін белгіленеді.
  • 64. Өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына жіктемеде көзделген, еңбек ету қабілетінен айырылуға әкеп соқтырған организм функцияларының бұзылу дәрежесі бойынша ЖЕА мынадай жағдайларда белгіленеді:
  • 1) еңбек ету қабілетінің орташа білінетін шектелуіне әкеп соқтырған организм функцияларының тұрақты орташа білінетін бұзылуы кезінде 30-дан 59 пайызды қоса алғанға дейін;
  • 2) еңбек ету қабілетінің айқын білінетін шектелуіне әкеп соқтырған организм функцияларының тұрақты айқын білінетін бұзылуы кезінде 60-тан 79 пайызды қоса алғанға дейін;
  • 3) еңбек ету қабілетінің едәуір немесе қатты айқын білінетін шектелуіне немесе еңбек ету қабілетінен айырылуға әкеп соқтырған организм функцияларының едәуір немесе қатты айқын білінетін тұрақты бұзылуы кезінде 80-нен 100 пайызды қоса алғанға дейін белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет