Медициналық ҚҰҚЫҚ ПӘні бойынша практикалық тапсырмалар мен кейстер жинағЫ



бет26/60
Дата27.11.2023
өлшемі180,6 Kb.
#193737
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   60
Байланысты:
04.06МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПӘНІ БОЙЫНША КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ (2) (1)

Тән азабы деп күш қолданылуына немесе денсаулығына зиян келтірілуіне байланысты азаматтың сезiнетiн тәнiнiң ауырғанын түсiну қажет.
АК-нің 187-бабының 1) тармақшасына сәйкес, моральдық зиянды өтеу туралы талаптарға заңнамалық актілермен көзделген жағдайлардан басқа кездерде талап қою мерзiмi қолданылмайды. Бұл ретте соттар "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, азаматтардың өзiндiк мүлiктiк емес құқықтарын қорғауды көздейтiн заң актілерінiң, егер заң актілерімен өзгеше тәртiп көзделмесе, олар қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн пайда болатын құқықтық қатынастарға қолданылатынына назар аударуы қажет.
Жәбiрленушiнiң осындай зиянды өтеу құқығын көздейтiн заң актісi қолданысқа енгiзiлгенге дейiн келтiрiлген моральдық зиянды өтеу туралы талап қанағаттандырылуға жатпайды. Мұндай зиян заң актiсi қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн азамат жан немесе тән азабын тартуын одан әрі жалғастырған жағдайларда да қанағаттандырылуға жатпайды.
Егер жәбiрленушiге моральдық зиян келтiрілген құқыққа қарсы әрекет (әрекетсiздiк) заңнамалық акт қолданысқа енгiзiлгенге дейiн басталса және ол қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн жалғасса, онда заңнамалық акт қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн жасалған құқыққа қарсы әрекетпен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген моральдық зиян өтелуге жатады.
Соттар моральдық зиян өтемақысының мөлшерiн анықтаған кезде азаматқа келтiрiлген жан мен тән азабының ауырлығын, оның субъективтік бағалануын, сондай-ақ осы жағдайларды куәландыратын объективтi мәлiметтердi, атап айтқанда:
- өзіндік мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтардың (өмiрi, денсаулығы, бостандығы, тұрғын үйге қолсұқпаушылық, жеке және отбасылық құпиясы, ар-намысы мен қадiр-қасиетi және т.б.) өмiрлiк маңызын;
- жәбiрленушiнiң басынан кешірген жан немесе тән азабының дәрежесін (бас бостандығынан айырылуы, дене жарақаттарының келтірілуі, жақын туыстарынан айырылуы, еңбек қабiлетiн жоғалтуы немесе оның шектелуi және т.б.);
- моральдық зиянды өтеу үшiн қажет болып табылатын зиян келтiрушiнiң кiнәсiнiң түрін (пиғыл, абайсыздық) назарға алуы қажет.
Сот моральдық зиян өтемақысының мөлшерiн анықтаған кезде iс материалдарымен бекітілген басқа да мән-жайларды, атап айтқанда, жәбiрленушiге келтiрiлген моральдық зиян үшiн жауаптылыққа тартылатын адамның отбасылық және мүлiктiк жағдайын назарға алуға құқылы.
ҚР Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 «Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысының мазмұнымен танысыңыз және төменде келтірілген жағдайларды талдаңыз.
Жағдай 1. Дәрігерлердің кінәсінен ЖИТС инфекциясын жұқтырған баланың ата-анасы сотқа 10 миллион теңге көлемінде өтемақы талап етіп жүгінді. Сот шешімінде 100 мың теңге көлемінде өтемақы белгіленген. ЖИТС жұқтырған бала су құбыры мен кәрізі жоқ уақытша үйде тұрады.
Жағдай 2. 36 жастағы ер адамның медициналық мекемеге баруы жағымсыз оқиғамен аяқталды. Оқиға 8 мамырда № 7 Қалалық клиникалық ауруханада болған. Ер адам күзетшінің мұрнын сындырып, қабылдау бөлмесініде өз қызметін атқарып отырған хирургты ар-намысы мен қадір-қасиетін тиетін сөздер айтып шу шығарды. № 7 ҚКА баспасөз қызметі хабарлағандай, ол ауруханаға жатқызылған әйеліне ерекше күтімді талап еткен. Қоғамдық орында және өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлағаны үшін дәрігер полицияға арыз берген. Хирург сотқа 1 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы талап етіп жүгінді.
Жағдай 3. Шымкентте ЖИТС жұқтырған балалардың бес ата-анасы әрқайсысына 100 млн теңгеден моральдық зиянды өтеуге сотқа талап арыз берді. Сонымен қатар, олар балалардың денсаулығына келтірілген залалдардың орнын толтыру туралы талапты сотқа берді. ОҚО денсаулық сақтау департаменті талап арыз бойынша жауапкер деп танылды. Талап-арыздар жауапкердің орналасқан жері бойынша Абай аудандық сотына берілді.
Жағдай 4. Жақында бір жеке стоматологиялық клиникаға клиент имплантты даындауда кешіктіргені үшін ақшаны шұғыл түрде қайтаруды, сондай-ақ моральдық зиянды өтеу туралы талапты сотқа беретінін айтты. Клиенттін көңіл күйі өте эмоционалды болды. Дәрігер мен клиника әкімшілігі онымен келіссөздер жүргізуге тырысты, бірақ нәтиже бермеді. Клиентпен жағдайды реттеу үшін клиникаға медиаторға жүгіну ұсынылды. Медиативті сессия барысында медиатор клиенттің шынайы мүдделерін анықтауға бағытталған арнайы әдістерді қолданды. Клиенттің мүддесі үлкен соманы алу емес екені медиация арқылы белгілі болды. Медиация арқылы клиника клиенттің шынайы қызығушылығын түсінген бойда, оған сапалы уақытша имплант ұсынып, емдеу мен протездеуді одан әрі жалғастырады. Клиент қуана келісіп, жанжал таусылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет