Медициналық ҚҰҚЫҚ ПӘні бойынша практикалық тапсырмалар мен кейстер жинағЫ


Кейсті орындау бойынша тапсырмалар



бет27/60
Дата27.11.2023
өлшемі180,6 Kb.
#193737
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   60
Байланысты:
04.06МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПӘНІ БОЙЫНША КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ (2) (1)

Кейсті орындау бойынша тапсырмалар:
1. ҚР АК 9 және 141, 952 баптарының, ҚР Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 "Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы"нормативтік қаулысының мазмұнымен танысыңыз.
2. Берілген ақпаратты бағалаңыз, жағдайды талдаңыз, проблемалардың мәнін түсініңіз.
3. Моральдық зиянды өндіріп алу туралы соттардың жоғарыда көрсетілген шешімдерін салыстырыңыз.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Талқылауға берген бірінші және екінші жағдайдын морыльдық шығындыайырмашылығы неде?
2. Заңнамаға сай, моральдық зиян шеккен адамның қайғы-қасіретін сипаттау кезінде қандай жағдайларды ескеру қажет?
3. ЖИТВ жұқтырған балаларға, медициналық қызметтен зардап шеккен балаларға келтірген залалдың көлемін бағалау қаншалықты әділ түрде анықталады?


Кейс 2.
«№1 перинаталдық орталыққа» қарсы, медициналық қызметтердің сапасыз көрсетілуінен келтірілген моральдық зиянды өндіріп алу туралы жаңа туған бала С. ата-анасының талап арызы бойынша сот ісі қарастырылды. Сот процессі кезінде аталған орталықтың дәрігерлері гепатиттің қаупі бар факторларын және жаңа туған С.-ның медициналық анамнезін көріп, оның жай-күйін толық бағаламағанын және осы нақты жағдайда өткізілуі тиіс бірқатар медициналық іс-шараларды жүргізбегенін анықтады.
Дәрігерлердің іс-әрекеттері С. жағдайының осындай ауыр салдары мен асқынуларына әкелді, денсаулығы туылған кезде керемет деп бағаланған балаға (Апгар шкаласы бойынша 9 балл) кейіннен «церебральды сал ауруы» диагнозы қойылды. Аталған іс бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің атына сот жеке ұйғарым жіберді.
Кейсті орындау бойынша тапсырмалар:
1. Берілген ақпараттың маңыздылығын бағалаңыз, жағдайды талдаңыз, мәселенің мәнін түсініңіз.
2. ҚР АК нормаларын, ҚР Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 "Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы" Нормативтік қаулысын зерделеу негізінде моральдық зиянды өндіріп алу туралы сот шешімінің негізділігін анықтаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет