Медициналық ҚҰҚЫҚ ПӘні бойынша практикалық тапсырмалар мен кейстер жинағЫ



бет35/60
Дата27.11.2023
өлшемі180,6 Kb.
#193737
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   60
Байланысты:
04.06МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПӘНІ БОЙЫНША КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ (2) (1)

Талқылауға арналған сұрақтар:
1. ҚР ҚК 317-бабының 3 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғау бойынша прокуратураның әрекеттері заңды ма?
2. Дәрігер М. қабылдаған шаралар А пациентінің өмірін сақтау үшін жеткілікті ме?
3. Дәрігер М. қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы сот шешімі заңды ма?
4. Дәрігер мен қайтыс болған баланың ата-анасын татуластыру мақсатында медиация рәсімі дұрыс қолданылды ма?


Кейс 2.
30 қаңтарда Алматы облысында гинеколог дәрігер ұсталды, ол Алматыда коронавирус жұқтырған 70 адам туралы бейнежазба таратқан.
Тексеру шараларының алғашқы сағаттарында видеодағы ер адамның 1980 жылы туған, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасында дәрігер-гинеколог болып жұмыс істейтін А. деген азаматы болып шықты.
Ресми деректер бойынша 31 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда ЖРВИ белгілері мен температурасы бар 66 адам оқшауланды, олардың 25-і шығарылды, олардан коронавирус табылған жоқ.
Қазір айыпталушы ұсталды. Ол өзінің «жалған ақпарат таратқанын мойындап, жасаған ісіне шын жүректен өкінетінін мәлімдеді», — деп хабарлады бейсенбі күні Алматы облысы ПД бастығы Серік Күдебаев. Ол қазір аудандық полиция басқармасы тергеу іс-шараларының кешенін жүргізіп жатқанын, оның нәтижелері бойынша қылмыстық іс бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатынын айтты. ҚР ҚК 274-бабының 2-бөлігі (көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша тергеу басталды.
Кейсті орындау бойынша тапсырмалар:
1. Жағдайды талдаңыз, мәселенің мәнін түсініңіз.
2. ҚР ҚК көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық құқықбұзушылық бойынша қандай жауапкершілікке тартылуы мүмкін?
3. Дәрігер А.-ның этикалық және заңды жауапкершілігінің негіздерін келтіріңіздер
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Сіздің ойыңызша, сот дәрігерге қатысты қандай шешім қабылдайды?
2. Айыпталушы жалған ақпарат таратқанын мойындап, жасаған ісіне шын жүректен өкінетінін білдірген жағдай қылмыстық жауапкершіліктен босатады ма?


Кейс 3.
Өскеменде сот анестезиолог дәрігерді оның іс-әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтады шығарды. Қылмыстық іс материалдары бойынша облыстық онкодиспансердің анестезиолог-дәрігері абайсызда адам өліміне әкеп соққан кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін айыпталды.
Айыптаудың мәні: дәрігер жәбірленушіде құрғақ жөтел мен созылмалы бронхит ауруы бар екенің біле тұра өкпені жасанды желдету аппаратын (ИВЛ), содан кейін АМБУ қапшығын қолдана отырып, дұрыс емес анестезия әдісін таңдады. Емдеу әдісі тыныс алудың бұзылуына және жүрек ұстамасының пайда болуына себеп болды. Сонымен қатар пациентке жүректің тікелей массажын уақтылы орындамаған.
Өскемен қаласының № 2 сотының отырысы барысында келесідей жағдалар анықталды: 1) Іс бойынша жүргізілген бірқатар сот-медициналық комиссиялық сараптамалардың қорытындылары бір-біріне қайшы келеді. 2) Тікелей жүрек массажының уақтылы орындалуы туралы екі жақты тұжырымдар бар. 3) Жауап алынған барлық сарапшылар мен мамандар жәбірленушінің ауа көлемін дұрыс анықтағанын, анестезияны қолдануға қарсы көрсетілімдер жоқ екенін, пневмоторакс фактісі уақтылы анықталғанын, реанимациялық әрекеттер дұрыс жүргізілгенін көрсетті. Бұл ретте ауа көлемін беруді түзетуді көздемейтін ӨЖЖ (ИВЛ) аппараты моделінің ақалықтар туралы мәселе қойылды. 4. Жүргізілген сараптамалардың бір бөлігі қылмыстық іс жүргізу Кодексіндегі нормалардың сақталмай рәсімделгендіктен дәлелдемелер ретінде қолданылмайды деп танылды.
«Гистологиялық материалдар мен патологиялық-анатомиялық зерттеу хаттамасы сарапшыларға қапталмаған түрде келіп түскен себептермен заттай дәлелдемелер ретінде іске тіркелмеді. ӨЖЖ (ИВЛ) аппараты дер кезінде тәркіленбегендіктен, оның жарамдылығын тексеру мүмкіндігі болмады. Пациенттің өлімі себептері бойынша сот-медициналық сараптама уақтылы жүргізілмегендіктен, барлық сараптамалық зерттеулер тек медициналық құжаттар бойынша жүзеге асырылды. «Жоғарыда аталған қарама – қайшылықтардан басқа, дәрігердің кінәлілігін дәлелдейтін дәлелдер сотқа ұсынылмаған», - деді судья Е.Белавина. Сотта мемлекеттік айыптаушы дәрігердің кінәсі дәлелденбегендіктен айыптаудан бас тартты.
Осыған байланысты, кінәсіздік презумпциясын басшылыққа ала отырып, сот сотталушыны оның әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтады. Қылмыстық қудалау органдарының атына анықталған бұзушылықтар бойынша жеке қаулы шығарылды. Сіздердін ойларыңызша соттың шешімі дұрыс па?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет