Бақылау сұрақтары 1. Денсаулық сақтау саласындағы әкімшілік жауапкершіліктің субъектісі кім? Әкімшілік жауапкершілік субъектілерінің белгілерін сипаттаңыз.
2. Қандай жағдайда медициналық қызмет көрсету ережелерін бұзғаны үшін медицина қызметкерлері әкімшілік жазаға тартылады?
3. Әкімшілік құқық бұзушылықтар қала жіктеледі?
4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы анықтама беріңіз және қылмыс арасындағы айырмашылықты анықтаңыз.
5. Әкімшілік жауапкершіліктің негіздерін және заңды жауапкершіліктің басқа түрлерінен айырмашылығын қандай?
Кейс 1.
Павлодар облысының Баянауыл ауданының прокуратурасы Баянауыл орталық аудандық ауруханасы азаматтардың өтініштері туралы заңнаманың орындалуын тексерді.
Баянауыл орталық аудандық ауруханасы бас дәрігеріне пациенттін медициналық көмек көрсету сапасы туралы жазбаша өтінішпен жүгінгені анықталды. Емдеу мекемесінің бас дәрігері «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заң талаптарын бұза отырып, күнтiзбелiк он бес күн iшiнде өтінішке жауап берген жоқ. Баянауыл орталық аудандық ауруханасы бас дәрігеріне жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша аудан прокурорының орынбасары көзделген ҚР ӘҚБтК 189 бабының 1 тармақшасына сай әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады. ҚР ӘҚБтК 189 бабына сай жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдерін сақтамаған үшін Баянауыл аудандық сотының судьясы аталған лауазымды тұлғаны кінәлі деп таныды және 10 айлық есепік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды.Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Кейсті орындау бойынша тапсырмалар: 1. Жағдайды талдаңыз, мәселені тұжырымдаңыз.
2. ҚР 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне талдау жасаныздар.
3. ҚР 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 76-бабында жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімдерін анықтаңыздар.
Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Аудандық аурухананың бас дәрігерінің әрекетінде қандай заң бұзушылық бар ма?
2. Аудандық аурухананың бас дәрігерінің әрекетіне әкімшілік іс қозғау қанда құқықтық акт негізінде жүзеге асырылуы керек?
3. Аудандық аурухананың бас дәрігері пациенттін өтініміне қандай тәртіппен жауап беру керек еді ? Жауабы қала рәсімделуі керек?
Кейс 2. Хромтау ауданының төтенше жағдайлар бөлімі бастығының Қаулысымен Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін Көктау дәрігерлік зертханасының дәрігері М.М. әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның қаулыға шағымын тексеру барысында сот бұл құқық бұзушылықтың субъектісі емес екенін анықтады, өйткені өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау дәрігердің функционалдық міндеттеріне кірмеген. Хромтау орталық ауруханасының бас дәрігерінің бұйрығымен өртке қарсы қауіпсіздіктің жауапты тұлғасы шаруашылық бөлімінің меңгерушісі болды.
Бұдан басқа, сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде лауазымды адам іс жүргізу заңнамасының нормаларын бұзуға жол бергенін, оған қатысты іс оның қатысуынсыз және тиісінше хабардар етілмей қаралғанын, қаулының көшірмесі шығарылғаннан кейін бір аптадан соң оған жіберілгенін анықтады.
Сот ұйғарымымен қатысты қаулының күші жойылды және іс жүргізу құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.