Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Дәрігер қызметін атқару кезінде денсаулығына келген залал бойынша, емделуіне кеткен материалдық шығынды өтете ала ма?
2. Дәрігер денсаулығына келтірілген залалды жұиыс берушіден ба әлде ер адамнан өтетеді ма?
3. Дәрігер моральдық зиянды өндіріп алу туралы талабын қандай сотқа береді?
4. ҚР азаматтық Кодексіне, Республика соттарының денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілде N 9 Нормативтік қаулысында дәрігердін денсаулығына келтірілген залалды өтеу тәртібі қалай анықталған
9 Тақырып. Денсаулық сақтау саласындағы медицина қызметкерлерінің, медициналық ұйымдардың және атқарушы билік органдарының әкімшілік жауаптылығы
Тақырып сұрақтары: 1. ҚР Денсаулық сақтау және азаматтардың денсаулығын қорғау саласында басқаруды жүзеге асыратын атқарушы билік органдарының жүйесі мен құқықтық жағдайы.
2. Медициналық ұйымдар мен медицина қызметкерлерінің әкімшілік жауапкершілігі: іске асырудың негіздері мен шарттары.
3. Әкімшілік жазалардың түрлері.
4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар.
Тапсырмалар: 1. Денсаулық туралы кодекстің, ӘҚБтК-нің медициналық қызметкерлердің, медициналық ұйымдардың әкімшілік жауапкершілігін реттейтін ережелерін талдаңыз және талдау негізінде кестені толтырыңыз.
Кесте 4.
2. «Медициналық ұйымдар мен медицина қызметкерлерінің әкімшілік жауапкершілігі» тақырыбына презентация дайындаңыз.
3. Қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтарды тізіп бекіткен ҚР ӘҚБтК-нің 24-тарауымен танысыңыз. Медициналық қызметпен тығыз байланысты баптарды толығырақ қарастырыңыз. Медициналық қызмет көрсету саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жиі тағайындалатын әкімшілік жазаларды сипаттаңыз
4. ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша құқық бұзушылық құрамын сипаттаңыз.
5. ҚР ӘҚБтК-нің 433-бабының 1-бөлігі «денсаулық сақтау субъектілерінің уәкілетті органдарға хабарлау жөніндегі міндеттерді бұзуы» бойынша құқық бұзушылық құрамын сипаттаңыз:
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға - айналадағыларға қауіп төндіретін инфекциялық аурулар, уланулар жағдайлары туралы;
медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органға - жүкті, босанатын әйелдердің, босанған әйелдердің босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде қайтыс болу, пациенттерге жоспарлы медициналық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек) көрсету кезінде олардың кенеттен қайтыс болу жағдайлары туралы;
азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға - төтенше ахуалдардың медициналық-санитариялық салдарының туындау қатері және (немесе) туындауы туралы;
ішкі істер органдарына - жаңа алған жарақаттар, жаралар, жүктілікті жасанды үзуді заңсыз жүргізу, тұрмыстық зорлық-зомбылық себебі бойынша жүгінген адамдар туралы, айналадағыларға қауіп төндіретін аурулар жағдайлары туралы мәліметтерді беру (шұғыл хабарлау) жөніндегі міндеттерді бұзуы -
6. Ұсынылған кейстерді шешіңіз.