Кейсті орындау бойынша тапсырмалар: 1. Берілген ақпараттың маңыздылығын бағалаңыз, жағдайды талдаңыз, мәселенің мәнін түсініңіз.
2. ҚР қылмыстық заңнамасының нормаларын зерделеу негізінде (ҚР ҚК 317-б.) жағдайға талдау жүргізіңіз.
3. Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығымен танысыңыздар.
Талқылауға арналған сұрақтар: 1.Аталып өткен оқиғаға сай ҚР ҚК 317-бабы бойынша қылмыстық істің қозғалуы туралы арыз негізді ма ?
2. Жедел медициналық жәрдем қандай тәртіппен жүргізіледі?
1. Жалпы ережелер «Астана медицина университеті» КЕаҚ білім алушыларының білімін ағымдағы бақылау нысандарының бірі кейс-тапсырмалар болып табылады. Кейс-технология оқыту кезінде де, нақтылы практикалық істерді талдауда да, зерттеу ісін жүргізуде де қолданылады. Кейс (ағылшын тілінен аударғанда – жағдай дегенді білдіреді) - білім алушыға талдау жасау және оның шешімін табу үшін ұсынылатын проблемалық жағдай. Кейс әдісі білім алушылардың оқуға қызығушылқтарын арттырады және тұлғаның келешек маман ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Бұл әдіс оқушы тарапынан нақтылы мәселені (оқытушымен кеңес алу мүмкіндігімен) шешуге қажетті шығармашылық қабілетін дамытуды қажет етеді және оның ой-өрісінің бейнелі көрінісі болып табады. Кейс-стадияның мақсаты: топ оқушыларының бірлесіп болған жағдайды талдау және практикалық шешім шығару дағдыларды қалыптастырады.
2. Кейс әдісінің оқу мақсаттары мен міндеттері Кейс-стадияның мақсаты: бідім алушылардың топпен бірлесіп болған жағдайды талдау және практикалық шешім шығару.
Кейс әдісінің оқу мақсаттары: кейсті пайдалана отырып, білім алушылардың нақты жағдайды талдау және практикалық шешімді әзірлеу негізінде, талдамалық және бағалау дағдыларын дамыту және жетілдіру; бірлескен қызметке, талқылауға қатысушылардың бастамаларын көрсетуге уәждемені қалыптастыру; оқуға және кәсіби дамуға уәждемені арттыру болып табылады.
Кейс әдісі келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
практикалық жағдайларда туындайтын проблемаларды шешу үшін теориялық білімді қолдану дағдыларын дамыту;
болашақ кәсіби қызмет саласынан практикалық жағдайларды талдау дағдыларын меңгеру;
денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін ақпаратпен, заңдардың, өзге де НҚА мәтіндерімен жұмыстың талдамалық дағдыларын қалыптастыру;
проблемалық жағдайларды өз бетінше шешу дағдыларын пысықтау;
туындаған жағдай бойынша өз көзқарасын анық және нақты баяндау дағдыларын дамыту, адамдардың заңсыз әрекеттерінің (әрекетсіздіктерінің) ықтимал құқықтық салдарын негіздеу;
қарым-қатынас дағдыларын дамыту: пікірталас жүргізе білу, қарсыластарды сендіру, пациенттер мен медицина қызметкерлеріне олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;
кейсті талдау нәтижелерінің презентациясын ұсыну, өз ұстанымын негіздеу қабілетін дамыту.