Кейсті орындау бойынша тапсырмалар: 1. Жағдайды талдаңыз, мәселенің мәнін түсініңіз.
2. ҚР ҚК-нің 317-бабы «Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы» деген бабымен танысып, сотта қарастырылған істің құқықтық сипатын берініздер.
3. ҚР ҚПК 15-тарауы «Дәлелдемелер» сүйене отырып дәлелдемелерді рәсімдеу тәртібімен танысыңыздар.
4. Кінәсіздік презумпциясы қағидасының қолдануын негіздеңіздер.
5. Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығымен танысыңыздар
Талқылауға арналған сұрақтар: 1. ҚР ҚК 317-бабындағы «Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы» бойынша, қандай жауапкершілікке тартылуы мүмкін?
2. Кінәсіздік презумпциясы дегеніміз не?
Кейс 4. В. дәрігеріне психо-неврологиялық диспансердің дәрігері болып жұмыс істей отырып, сот-психиатриялық сараптама жүргізу кезінде зорлау үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған Г. ісі бойынша көрінеу жалған қорытынды берді деген айып тағылды. Дәрігер В.-ның осы қылмысты жасаудағы кінәсін тергеуші сараптама комиссиясының басқа мүшелерінің келісімінсіз сараптама актісін жалғыз өзі жасаған фактісімен негіздеді.
Дәрігер В. айыпталушының. сана-сезімнің ымырт күйінде болуы туралы қорытынды берді, бірақ қайтадан жүргізілген сот-психиатриялық сараптама аыпталушы Г.ақыл-есі дұрыс деп таныды. Айыпталушы Г.-да алкоголизм белгілері болмаса дәрігер В. оны қалалық психоневрологиялық диспансерде емдеу қажеттілігі туралы қорытынды берді, ал психикалық науқастарды емдеу бұл мекемеде қарастырылмаған.
Куәгер ретінде жауап алынған сараптама комиссиясының төрағасы С.және комиссияның екінші мүшесі Я. дәрігер В. сараптама жүргізілген іс бойынша баяндама жасайтын болғандықтан, сондықтан ол қорытынды жасауы керек екенін және бұл сот-психиатриялық сараптама жүргізу талаптарына қайшы келмейтінін түсіндірді.
Олар ұзақ уақыт диспансерде В. бірге жұмыс істегендіктен іс материалдарымен таныспай-ақ,. жасаған қортындысына толықтай сеніп, қол қойған. Ал дәрігер В. өзінің заңсыз әрекетін сараптамалық комиссияларда жұмыс істеген тәжірибесінің аз болғандығымен түсіндіреді.