Кейсті орындау бойынша тапсырмалар: 1. Жағдайды талдаңыз, мәселенің мәнін түсініңіз.
2. ҚР ҚК танысып, тергеу жүргізіліп жатқан істің құқықтық сипатын берініздер.
3. Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығымен танысыңыздар.
Талқылауға арналған сұрақтар: 1. ҚР ҚК сәйкес сараптама жасаған тұлғаны қандай бап бойынша жауапқа тартуға болады?
2. Сарапшы қорытындысын ресімдеу қандай тәртіппен жүргізіледі?
3. Адам есiнiң дұрыстығы туралы мәселе бойынша сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін комиссия жұмысына қандай талаптар қойылады?
Кейс 5. 2019 жылдың 5 мамыры күні кешке Қарағанды-Балқаш тас жолында Новостройка кентінің маңында жол апаты орын алды. Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Audi-мен соқтығысты. Апат салдарынан Audi жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, ал екінші көліктің жолаушылары, оның ішінде кәмелетке толмаған бала ауыр халде Қарағандыға профессор Мақажанов атындағы клиникаға жеткізілді. Түні бойы дәрігерлер зардап шеккендердің өмірі үшін күресті, бірақ екі науқасты құтқару мүмкін болмады – Audi автокөлігіндегі Кенжеғұл және Рысбала Бейсеновтер қайтыс болды. 66 жастағы әйел бас миының зақымдануымен ауыр жарақат алды, ал оның 68 жастағы жұбайында іштің және жамбас сүйектерінің сынуы, омыртқаның зақымдануы және көкбауырдың жарылуы болған. Кейін ол кісіде ішектің жыртылуына байланысты перитонит пен инфекциялық-уытты шок болғаны анықталды.
Жол - көлік оқиғасына кінәлі-Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі кеуде қуысының сәл ғана жарақатын алып, ауруханаға жатқызылмаған. Кейін ол сотталып, жазасын өтеп жатыр.
Қаза болғандардың ұлы – Сәулет Бейсенов құқық қорғау органдарына дәрігерлердің үстіне арыз жазып, олардың әрекеттерінде ҚР ҚК 317 – бабында сипатталған қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілерін, яғни медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан ата анасына ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдары олардың өліміне әкеп соқтырғанын негіздейді.
Оның пікірінше, дәрігерлер әкесі Кенжеғұл Бейсеновке жедел медициналық көмек көрсетуде объективті емес кідіріске жол берген, яғни «өз кезегін төрт сағат күткеннен кейін ғана» жедел медициналық көмек алған болатын. Әкесіне дейін жедел медициналық көмек 2004 жылы туған азамат Еркінұлына көрсетілген. Арызда С. Бейсенов Қарағанды облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің оның ата-анасына медициналық көмек көрсету сапасына қатысты өтініші бойынша жүргізген тексеру нәтижелеріне сілтеме жасайды. С. Бейсенов жазғандай, клиникада тек бір ғана операциялық үстел мен шектеулі медицина қызметкерлері уақыттында жедел медициналық көмек әкесіне көрсетілмеген. С. Бейсенов арызында қылмыстық жауапкершілікке Мақажанов атындағы клиниканың 17 дәрігерлерін тартуды сұрады.
2019 жылы қозғалған қылмыстық іс аясында үш түрлі сараптама жүргізілді. Сарапшылар Кенжеғұл Бейсеновтың өліміне дәрігерлердің тікелей кінәсі анықталған жоқ: «науқастың өлімінің негізгі себебі жарақаттың сипаты мен ауырлығы және оның асқынуы болды» деген қортынды жасады.