Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы


-тарау. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетуді ұйымдастыру тәртібі



бет6/10
Дата13.11.2022
өлшемі83,86 Kb.
#157909
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы

3-тарау. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетуді ұйымдастыру тәртібі

  1. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес МСАК ұйымдарымен мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

1) дәрігердің қабылдауына жазылу;
2) дәрігерді үйге шақыру;
3) МСАК көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру;
4) МСАК көрсететін медициналық ұйымға бекіту.

  1. МСАК ұйымы пациентке өз бетінше жүгінген кезде телефон байланысы арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы "Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік қызметін ұсынады.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) МСАК ұйымы ЭҮП арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын "Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес келтірілген.
Пациент өз бетінше немесе МСАК ұйымына телефон байланысы арқылы жүгінген кезде МСАК мамандары "Дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу" журналына жазба енгізеді және дәрігердің қабылдау кестесіне сәйкес ауызша түрде дәрігердің қабылдау уақыты мен күні көрсетілген жауапты береді.
Пациент ЭҮП арқылы жүгінген кезде пациентке "Жеке кабинетке" электрондық өтінім мәртебесі түрінде хабарлама түседі. "Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік қызметін көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін пациентке медициналық көмек белгіленген уақытта көрсетіледі.
МСАК ұйымы Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі мақсатында ақпараттық жүйеге "Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік қызмет көрсету туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

  1. МСАК ұйымы пациентке өз бетінше жүгінген кезде телефон байланысы немесе ЭҮП арқылы "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызметін ұсынады.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) МСАК ұйымы ЭҮП арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
"Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, нысаны, мазмұны мен нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес келтірілген.
Пациент МСАК ұйымына өз бетінше немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде МСАК мамандары "Шақыруларды тіркеу журналына" жазба жасайды және ауызша түрде дәрігердің келу күні мен уақыты көрсетілген жауапты береді. "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызметін көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін үйде медициналық көмек белгіленген уақытта көрсетіледі.
Пациент ЭҮП арқылы жүгінген кезде пациентке "Жеке кабинетке" электрондық өтінім мәртебесі түрінде хабарлама түседі. "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызметін көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін пациентке медициналық көмек белгіленген уақытта көрсетіледі.
МСАК Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі мақсатында ақпараттық жүйеге "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызметін көрсету туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

  1. "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызметін алу үшін пациенттер МСАК ұйымына өз бетінше жүгінеді немесе ЭҮП арқылы жүзеге асырады.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) МСАК ұйымы ЭҮП арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
"Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, нысаны, мазмұны мен нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес келтірілген.
Пациент МСАК ұйымына тікелей жүгінген кезде МСАК мамандары медициналық ақпараттық жүйеде пациенттің динамикалық байқаудағы жай-күйі/жағдайы туралы тексеруді жүзеге асырады, содан кейін № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 027/е нысаны бойынша әлеуметтік мәні бар ауруларды қоспағанда (туберкулез, адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауру, психикалық, мінез-құлықтың бұзылуы (аурулар)) диагноздың атауын көрсете отырып, "медициналық қорытынды" 5-тармағын толтыра отырып анықтама ресімдейді және учаскелік дәрігердің немесе жалпы практика дәрігерінің жеке қолымен және мөрімен және МСАК ұйымының мөрімен куәландырылады.
Пациент ЭҮП арқылы жүгінген кезде МСАК ұйымының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық құжат нысанындағы медициналық ұйымнан анықтама қалыптастырылады, ол "Жеке кабинетке" жіберіледі.
Нәтижесінде МСАК ұйымынан динамикалық бақылаудағы жай-күйі және (немесе) жай-күйі туралы анықтама беріледі.
МСАК ұйымы Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі мақсатында ақпараттық жүйеге "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

  1. Тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша МСАК ұйымына бекіту Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21642 болып тіркелген) бекітілген Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларына сәйкес "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызметіне жүзеге асырылады.

4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.


Медициналық-санитариялық
алғашқы көмек көрсету
қағидаларына
1-қосымша

Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің медицина қызметкерлері (фельдшер, акушер, орта және (немесе) жоғары медициналық білімі бар мейіргер) көрсететін медициналық қызметтердің тізбесі

№ р/с

Қызметтердің коды

Қызметтердің атауы


1.

A01.008.000

Қабылдау: Фельдшер


2.

A01.008.002

Аурулардың профилактикасы сұрақтары бойынша халықты оқыту: Фельдшер


3.

A01.008.003

Пациентті өзіндік менеджментке оқыту: Фельдшер


4.

A01.008.008

Қарау кабинетінде дәрігерге дейін қарап-тексеру: Фельдшер


5.

A01.008.009

Ауыз қуысын профилактикалық қарап-тексеру: Фельдшер


6.

A01.008.010

Тістерге және ауыз қуысының шырышты қабығына күтім жасау бойынша балаларды санитариялық-гигиеналық дағдыларға үйрету: Фельдшер


7.

A01.008.012

Медициналық оңалтудың кешенді қызметтері: Фельдшер


8.

A01.008.013

Шұғыл медициналық көмек көрсету: Фельдшер


9.

A01.009.000

Қабылдау: Жоғары білімі бар мейіргер


10.

A01.009.002

Аурулардың профилактикасы сұрақтары бойынша халықты оқыту: Жоғары білімі бар мейіргер


11.

A01.009.003

Пациентті өзіндік менеджментке оқыту: Жоғары білімі бар мейіргер


12.

A01.009.008

Қарау кабинетінде дәрігерге дейін қарап-тексеру: Жоғары білімі бар мейіргер


13.

A01.009.009

Ауыз қуысын профилактикалық қарап-тексеру: Жоғары білімі бар мейіргер


14.

A01.009.010

Тістерге және ауыз қуысының шырышты қабығына күтім жасау бойынша балаларды санитариялық-гигиеналық дағдыларға үйрету: Жоғары білімі бар мейіргер


15.

A01.009.012

Медициналық оңалтудың кешенді қызметтері: Жоғары білімі бар мейіргер


16.

A01.010.000

Қабылдау: Орташа білімі бар мейіргер


17.

A01.010.002

Аурулардың профилактикасы сұрақтары бойынша халықты оқыту: Орта білімі бар мейіргер


18.

A01.010.003

Пациентті өзіндік менеджментке оқыту: Орта білімі бар мейіргер


19.

A01.010.008

Қарау кабинетінде дәрігерге дейін қарап-тексеру: Орта білімі бар мейіргер


20.

A01.010.009

Ауыз қуысын профилактикалық қарап-тексеру: Орта білімі бар мейіргер


21.

A01.010.010

Тістерге және ауыз қуысының шырышты қабығына күтім жасау бойынша балаларды санитариялық-гигиеналық дағдыларға үйрету: Орта білімі бар мейіргер


22.

A01.010.012

Медициналық оңалтудың кешенді қызметтері: Орта білімі бар мейіргер


23.

A01.011.000

Қабылдау: Акушер


24.

A01.011.003

Пациентті өзіндік менеджментке оқыту: Акушер


25.

A01.011.008

Қарау кабинетінде дәрігерге дейін қарап-тексеру: Акушер


26.

A01.011.013

Жүкті әйелдерді және отбасы мүшелерін босануға дайындау мектебі: Акушер


Зертханалық диагностика (дәрігерге дейінгі медициналық көмек)


27.

B03.866.003

Экспресс әдісімен несептің көрсеткіштерін (pH, лейкоциттер, эритроциттер, уробилиноген, нитриттер, ақуыз) анықтау


28.

B03.401.003

Экспресс әдісімен қан сарысуындағы жалпы холестеринді анықтау


29.

B03.335.003

Экспресс әдісімен қан сарысуындағы глюкозаны анықтау


30.

B03.486.003

Экспресс әдісімен бойынша қан сарысуындағы триглицеридтерді анықтау


31.

B03.517.003

Экспресс әдісімен несептегі адамның хориондық гонадотропинін (ХГА) анықтау (жүктілікке арналған тест)


32.

B03.860.003

Экспресс әдісімен АИТВ-1,2-ға және антиген р24-ке сомалық антиденелерді анықтау


33.

B03.861.003

Экспресс әдісімен қан сарысуындағы Treponema Pallidum антиденелерді анықтау (мерезге эксперсс тест)


34.

B03.862.003

Экспресс әдісімен қан сарысуындағы C вирустық гепатитінің вирусына жиынтық антиденелерді анықтау


35.

B03.863.003

Экспресс әдісімен қан сарысуындағы HBsAg анықтау


36.

B03.870.003

Экспресс әдісімен ұрықжанындағы судың болуына сүртіндіні зерттеу


Ем-шаралар мен манипуляциялар


37.

D99.293.012

Венадан қан алу


38.

D99.296.013

Саусақтан қан алу


39.

D91.496.105

Онкоцитологияға сүртінді алу


40.

D91.496.106

Қынаптың тазалық дәрежесіне сүртінді алу


41.

D91.293.012

Микробиологиялық зерттеуге материал алу


42.

D99.590.020

Манту сынамасын жүргізу


43.

D99.590.021

Диаскинтест жүргізу


44.

D96.330.014

Асқазанды шаю


45.

D96.390.015

Клизма


46.

A01.009.018

Ингаляция жүргізу


47.

A01.009.019

Тыныс алу жолдарын электр сорғымен санациялау


48.

A01.009.020

Күкірт тығындарын жуу


49.

A01.009.021

Мұрын қуыстарын санитариялық тазарту


50.

A01.009.022

Назогастральды зондты қою


51.

A01.009.023

Дуоденальды зондтау


52.

A01.009.024

Қуықтың катетеризациясы


53.

A01.009.025

Перифериялық көктамырларды катетеризациялау


54.

A01.009.026

Көлік иммобилизациясы


55.

A01.009.027

Қынаптың санациясы


56.

A01.009.028

Көзді жуу (дәрілік заттардың құнын есепке алмағанда)


57.

A01.009.029

Дабыл қуысын шаю


58.

A01.009.030

Дезо таңғышын салу


59.

A01.009.031

Субконъюнктивалық инъекция (дәрілік заттардың құнын есепке алмағанда)


Мейіргер күтімін қажет ететін ем-шаралар мен манипуляциялар


60.

D93.891.018

Үлкен жастағы пациентке мейіргер күтімін жасау рәсімдері


61.

D93.891.019

Пациентті отбасы мүшелерін күтім жасау элементтері мен гигиенаға үйрету


62.

D93.891.020

Төсекжараның профилактикасы және тазарту


63.

D93.571.415

Таңу


64.

D93.891.022

Ауыр пациентті қырындыру, тырнағына және шашына күтім жасау


65.

D93.891.023

Ауыр пациенттің ауыз қуысына күтім жасау


66.

D93.891.024

Ауыз-жұтқыншақтан сілемейді сору


67.

D93.891.025

Оростомалар, эзофагостомалар кезіндегі құрал


68.

D93.891.026

Трахеостома кезіндегі құрал


69.

D93.891.027

Назогастралдық сүңгіге, мұрын канюнялары мен катетерге күтім жасау


70.

D93.891.028

Жоғарғы тыныс алу жолдарынан сілемейді сору


71.

D93.891.029

Мұрыннан сілемейді сору


72.

D93.891.030

Фарингостома кезіндегі құрал


73.

D93.891.031

Интраназалдық дәрілік препараттарды енгізу


74.

D93.891.032

Гастростома кезіндегі құрал


75.

D93.891.033

Назогастралдық сүңгіге күтім жасау


76.

D93.891.034

Ауыр пациентті гастростом арқылы тамақтандыру


77.

D93.891.035

Илеостома кезіндегі құрал


78.

D93.891.036

Интестиналдық сүңгіге күтім жасау


79.

D93.891.037

Ауыр пациентті интестиналдық сүңгі арқылы тамақтандыру


80.

D93.891.038

Илеостомаға күтім жасауды үйрету


81.

D93.891.039

Тоқ ішектің стомалары кезінде құрал


82.

D93.891.040

Колостомаға күтім жасауды үйрету


83.

D93.891.041

Ауыр пациенттің дефекациясы кезіндегі құрал


84.

D93.891.043

Газ шығару түтігін қою


85.

D93.891.044

Копролитті алу


86.

D93.891.045

Нәжісті ұстамау кезіндегі құрал


87.

D93.891.046

Сифондық клизманы қою


88.

D93.891.047

Қынаптың (пессария)қолдау сақинасын қою, алып тастау


89.

D93.891.048

Сыртқы есту өтісіне күтім жасау


90.

D93.891.049

Ауыр пациенттің көздеріне күтім жасау


91.

D93.891.050

Конъюнктивалық қуысқа дәрілік заттарды инстилляциялау


92.

D93.891.051

Ауыр пациент несеп шығарған кездегі құрал


93.

D93.891.052

Несеп катетеріне күтім жасау


94.

D93.891.053

Цистостомаға және уростомаға күтім жасау


95.

D93.891.054

Несеп ұстамаған кездегі құрал


96.

D93.891.055

Ауыр пациенттің төсегін ауыстыру және/немесе жатқызу


97.

D93.891.056

Ауыр халдегі пациентті мекеменің ішінде тасымалдау


98.

D93.891.057

Ауыр халдегі пациентті ауыз арқылы және/немесе назогастралдық сүңгімен тамақтандыру


99.

D93.891.058

Ауыр халдегі пациенттің төсек-орнын дайындау және ауыстыру


100.

D93.891.059

Ауыр халдегі пациенттің ішкиімін және киімін ауыстыру бойынша құрал


101.

D93.891.060

Ауыр халдегі пациенттің бұтаралық және сыртқы жыныс мүшелеріне күтім жасау


102.

D93.891.061

Дренажға күтім жасау


103.

D93.891.062

Дәрілік препараттарды парентералдық енгізу кезіндегі құрал


104.

D93.891.063

Төсекжараның дамуына қауіп дәрежесін бағалау


105.

D93.891.064

Төсекжараның ауырлық дәрежесін бағалау


106.

D93.891.065

Ауырсу қарқындылығын бағалау


107.

D93.891.066

Пациенттің отбасы мүшелерін төсекке жатқызу және/немесе ауыстыру техникасына үйрету


108.

D93.891.067

Пациенттің төсекте және (немесе) креслода ауысуы кезінде өз-өзіне көмектесуіне үйрету


109.

D93.891.068

Пациентті балдақпен жүруге үйрету


110.

D93.891.069

Пациент қосымша тіректердің көмегімен жүруі кезінде өз-өзіне көмектесуіне үйрету


111.

D99.590.019

Препараттың бағасынсыз вакцинациялау


112.

D97.311.050

Тігістерді алу, лигатурларды алып тастау


113.

D04.001.000

Профилактикалық кабинеттерде, сауықтыру мектептерінде оқыту


114.

D04.002.000

Науқастар мен олардың отбасыларын созылмалы ауруларды басқару бағдарламаларына сәйкес өзін-өзі бақылау, өзін-өзі және өзара көмек көрсетуге үйрету


115.

D04.003.000

"Қызу желі" телефоны бойынша консультация


Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің медицина қызметкерлері көрсететін ем-шара кабинеті қызметтердің тізбесі


116.

D99.590.022

Бұлшықетішілік инъекциясы (дәрілік заттардың бағасын есептемегенде)


117.

D99.590.023

Венаішілік инъекциясы (дәрілік заттардың бағасын есептемегенде)


118.

D99.590.024

Теріасты инъекциясы (дәрілік заттардың бағасын есептемегенде)



Медициналық-санитариялық
алғашқы көмек көрсету
қағидаларына
2-қосымша








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет