2-параграф. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарында профилактика және сауықтыруды ұйымдастыру тәртібі МСАК ұйымында аурулардың аурулардың профилактикасы:
1) профилактикалық медициналық қарап-тексеруді, оның ішінде халықтың нысаналы топтарын;
2) бекітілген халық ауруларының мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтау және мониторингтеу және анықталған қауіп факторларын төмендету дағдыларына үйретуді;
3) иммундауды;
4) саламатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттауды;
5) репродуктивті денсаулықты сақтау іс-шараларын;
6) жүкті және босанған әйелдерді антенаталдық байқауды және босанған әйелдерді кеш босанудан кейінгі кезеңде байқауды;
7) инфекциялық аурулар ошағында санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды қамтиды.
"Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21820 болып тіркелген) сәйкес нысаналы топтарды профилактикалық медициналық қарап-тексеру және мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтау диагностикалық қызметтердің кезеңділігімен, жиілігімен және көлемімен жүргізіледі.
Мінез-құлықтық тәуекел факторлары бар адамдардың мінез-құлқын өзгерту бойынша профилактикалық консультациялар жүргізу және егжей-тегжейлі ұсынымдар беру үшін МСАК ұйымы тіркелген халыққа анықталған тәуекел факторларын төмендету дағдыларына оқытуды қамтамасыз етеді. Бұл оқытуды МСАК ұйымының маманы профилактикалық кабинеттерде немесе арнайы бөлінген аймақтарда, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы қашықтықтан консультация беру арқылы жүргізеді.
Халықтың ақпараттануы мен саматтылығын арттыру, сондай-ақ МСАК мамандарына саламатты өмір салтын қалыптастыру, тамақтану мәселелері және денсаулықты сақтаудың басқа да өзекті мәселелері бойынша консультация беру жөніндегі іс-шараларды саламатты өмір салтын қалыптастыру, тиімді тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы жүргізеді.
МСАК ұйымы репродуктивтік денсаулықты сақтау бойынша қызметтер көрсетеді:
1) жүкті әйелдерді босануға, оның ішінде серіктес босануға дайындау бойынша босанғанға дейінгі оқытуды жүргізу, жүкті әйелдерді мазасыздық белгілері туралы, тиімді перинаталдық технологиялар, ана болу қауіпсіздігі, емшекпен қоректендіру және перинаталдық күтім қағидаттары туралы хабардар ету;
2) отбасын жоспарлау мәселелері бойынша консультация беру және қызметтер көрсету;
3) бейінді мамандарға жіберу үшін жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың профилактикасы және анықтау;
4) қаламаған жүктілік пен қауіпсіз аборттың профилактикасы;
5) репродуктивтік ағзалар ісігінің профилактикасы (жатыр мойны мен сүт безі ісігі).
МСАК ұйымы Кодекстің 7-бабының 32-тармағына және 138-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес жүкті әйелдерді антенаталдық бақылауды, босанған әйелдерді кеш босанғаннан кейінгі байқауды, экстрагениталдық патологиясы бар фертилдік жастағы әйелдерді динамикалық бақылауды қамтамасыз етеді.
МСАК ұйымы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балалардың ауыз қуысына профилактикалық тексеру жүргізуді және балаларды тіс және ауыз қуысының сілемейлі қабығын күту бойынша санитариялық-гигиеналық дағдыларға оқытуды өз бетінше немесе стоматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп орындау шартын жасау жолымен қамтамасыз етеді.
МСАК учаскесі деңгейінде инфекциялық аурулардың профилактикасына:
дер кезінде сырқаттанғандарды анықтау;
профилактикалық егулер жүргізу;
инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жатады.
Бекітілген халықтың арасында инфекциялық ауруларды белсенді анықтау МСАК ұйымдарының медицина қызметкері пациентке үйде белсенді бару жолымен аулаларды (пәтер бойынша) аралау жолымен инфекциялық аурудың өршуі туралы ресми хабарлама алған кезде жүзеге асырылады.
МСАК ұйымы инфекциялық аурулардың профилактикасы мақсатында "Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысымен бекітілген медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесіне және медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізу мерзімдерінің қағидаларына сәйкес профилактикалық екпелер жүргізуді қамтамасыз етеді.
МСАК ұйымы Ереженің 16-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес халыққа профилактикалық егулер жүргізеді.
Профилактикалық егулерді есепке алу егу жүргізілетін орын бойынша денсаулық сақтау объектілерінде, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, білім беру объектілерінде № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 066/е нысаны бойынша профилактикалық егулерді есепке алу журналы, № 065/е нысаны бойынша профилактикалық екпелер картасы, № 052/е нысаны бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасы сақталатын есепке алу нысаны бойынша, оның ішінде медициналық ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асырылады.
Техникалық мүмкіндік болмаған кезде кейіннен медициналық ақпараттық жүйеге енгізе отырып, қағаз түрінде ресімделеді.
МСАК ұйымының мамандары бекітілген халық арасында иммундық профилактика мәселелері бойынша, оның ішінде вакцинациялаудан бас тартатын адамдармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
МСАК ұйымы Ереженің 16-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген инфекциялық аурулардың ошақтарындағы жұмысты ұйымдастырады және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 28 қазандағы № ҚР ДСМ-162/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21537 болып тіркелген) бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде емдеу кезінде стационарлық жағдайда мамандырылған медициналық көмек көрсетілетін инфекциялық, паразиттік аурулар және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулар және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № ҚР ДСМ-121/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21407 болып тіркелген) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдардың айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесіне сәйкес аурулар анықталған жағдайда, МСАК мамандары іс-шараларды реженің 16-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген санитариялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
МСАК ұйымы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21695 болып тіркелген) бекітілген туберкулез профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларына (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығы) сәйкес, оның ішінде медициналық ақпараттық жүйелер арқылы туберкулездің профилактикасы, белсенді ерте анықтау және диагностикасы жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастырады және жүргізеді.
МСАК ұйымы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-211/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21692 болып тіркелген) АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларына сәйкес эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша АИТВ-инфекциясының бар-жоғына зерттеп-қарауды ұйымдастырады және жүргізеді.
МСАК ұйымы Кодекстің 7-бабының 32-тармағына және 138-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмекті ұйымдастыру стандартына сәйкес обыр алды және онкологиялық аурулардың профилактикасы және белсенді ерте анықтау жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастырады және жүргізеді.
МСАК ұйымы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-224/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21712 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының халқына психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-224/2020 бұйрығы) сәйкес психикалық және мінез-құлықтық бұзылулармен ауыратын науқастардың профилактикасы және оларды белсенді ерте анықтау жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастырады және жүргізеді.
3-параграф. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында динамикалық байқауды, оңалтуды және паллиативтік көмекті, еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізуді ұйымдастыру тәртібі МСАК ұйымының мамандары "Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21262 болып тіркелген) сәйкес созылмалы аурулары бар пациенттерді динамикалық байқауды жүзеге асырады.
Пациент тіркелген жері бойынша МСАК ұйымында динамикалық байқау үшін үш құжаттың бірінің негізінде есепке қойылады:
1) МСАК дәрігерінің қорытындысы;
2) бейінді маманның консультациялық қорытындысы;
3) стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірмелер.
Динамикалық байқауға алғаш алынған пациентті ресімдеу кезінде учаскелік мейіргер № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 052/е "динамикалық байқау" нысаны бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасына 5-қосымша парақты, оның ішінде медициналық ақпараттық жүйелер арқылы толтырады.
Техникалық мүмкіндік болмаған кезде кейіннен медициналық ақпараттық жүйеге енгізе отырып, қағаз түрінде ресімделеді.
Созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық байқауды МСАК ұйымдарының мамандары: МСАК дәрігерлері (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт дәрігері және (немесе) учаскелік педиатр), орта медицина қызметкерлері (учаскелік мейіргер немесе фельдшер) жүзеге асырады.
Көрсетілімдер болған кезде денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер, психологтар және саламатты өмір салты кабинеттерінің мамандары тартылады.
Учаскелік мейіргерді, МСАК дәрігерін, бейінді мамандарды, зертханалық және аспаптық зерттеулерді тексеру тізбесі, көлемі, кезеңділігі, байқау мерзімдері, есептен шығару өлшемшарттары "Созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, байқаудың мерзімділігі мен мерзімдерін, диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумы мен еселігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21513 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығы) сәйкес айқындалады.
Созылмалы аурулары бар пациенттерді динамикалық байқау Ауруларды басқару бағдарламасы шеңберінде № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Туберкулезді бастап өткерген науқастарды туберкулезбен ауыру қаупі жоғары III топтағы адамдарды динамикалық байқау № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Кодекстің 7-бабының 32-тармағына және 138-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес онкологиялық науқастарды динамикалық байқау Іа тобындағы қатерлі ісіктерге күдікті аурулармен ауыратын пациенттерге, Іб тобындағы ісікалды аурулармен ауыратын пациенттерге, паллиативтік немесе симптомдық емдеуге жататын IV топтағы қатерлі ісіктердің таралған нысанымен ауыратын пациенттерге жүргізіледі.
Созылмалы аурулары бар адамдарға көрсетілімдер болған жағдайда МСАК ұйымы медициналық оңалту, паллиативтік көмек және арнайы әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсетумен мейіргерлік күтім қызметтерін көрсетеді.
МСАК ұйымы Кодекстің 7-бабының 32-тармағына және 138-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес медициналық оңалту, паллиативтік көмек және мейіргерлік күтімі қызметтерін көрсетуді қамтамасыз етеді.
МСАК ұйымы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-209/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21687 болып тіркелген) бекітілген халыққа паллиативтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына және
Кодекстің 7-бабының 32-тармағына және 138-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының халқына мейіргерлік күтім көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес көрсетуді қамтамасыз етеді.
МСАК ұйымы еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізуді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21660 болып тіркелген) бекітілген Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.