1
|
Қызмет берушінің атауы
|
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар
|
|
2
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері
|
1) Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымы (бұдан әрі – МСАК ұйымы) (тікелей немесе МСАК ұйымының телефоны бойынша өтініш берген кезде);
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП).
|
|
3
|
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
|
МСАК ұйымдарына өтініш берген кезде (тікелей немесе телефон бойынша):
1) МСАК ұйымына құжаттарды тапсырған сәттен бастап 10 (он) минуттан аспайды;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут;
3) МСАК ұйымына қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут, осы уақыт ішінде пациентке ауызша жауап беріледі;
ЭҮП арқылы өтініш берген кезде:
1) құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минуттан аспайды.
|
|
4
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
|
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.
|
|
5
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
1) МСАК ұйымына тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде – шақыртуларды тіркеу журналында жазу және дәрігерлердің қабылдау кестесіне (бұдан әрі – кесте) сәйкес дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;
2) ЭҮП-ке жүгінген кезде – жеке кабинетінде электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама.
|
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.
|
|
7
|
Жұмыс кестесі
|
1) МСАК ұйымы – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс (жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма – үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі – сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін);
2) ЭҮП – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
|
|
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) үшін қажетті құжаттар тізбесі
|
1) МСАК ұйымына: тікелей жүгінген жағдайда жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
2) ЭҮП-ке: электрондық нұсқадағы сұраныс.
МСАК ұйымы жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды ЭҮП-те тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе ЭҮП хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
|
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
1)мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21642 болып тіркелген) сәйкес медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін осы медициналық ұйымға бекітілмеуі.
|
|
10
|
Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
|
Пациент ЭҮП тіркелген субъектінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру жолымен немесе ЭҮП хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Пациенттің ЭЦҚ болған жағдайда ЭҮП арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін ЭЦҚ-ны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандустың, зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жолды шақыру түймесінің, күту залының, құжаттардың үлгілері бар тіректердің болуы.
|
|
|
Медициналық-санитариялық
алғашқы көмек көрсету
қағидаларына
6-қосымша
|
|
|
|
|
|