Медико-статистическая система еисз: итоги, результаты, возможности



бет10/13
Дата11.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#174201
түріПрезентация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Беткей рефлекстер.

  • Құрсақ рефлекстері. Құрсақ бұлшықеттерін (үш жұп) іш терісін қабырға доғасынан төмен үшкір затпен тітіркендіренде пайда болады.
  • Жоғарғы – қабырға доғасына параллельді; ортаңғы – кіндік деңгейінде;
  • төменгі – шап қатпарының үстінде.

Терең рефлекстер.

  • Астыңғы жақ рефлексі – дәрігер науқастың иегіне батырылған саусағына неврологиялық балғамен соққанда шайнау бұлшық еттерінің жиырылуы.
  • Білезік – буын рефлексі – кәрі жіліктің шыбығын неврологиялық балғамен соққанда қолдың білезік тұсында бүгілуі.

Терең рефлекстер.

  • Шынтақ жазылу рефлексі – неврологиялық балғамен үш басты бұлшық еттің сіңірін соққанда қолдың шынтақтан жазылуы.
  • Шынтақ бүгілу рефлексі – неврологиялық балғамен екі басты бұлшық еттің сіңірін соққанда қолдың шынтақтан бүгілуі.

Терең рефлекстер.

  • Тізе рефлексі – тізені тізетобығынан (patella) төмен неврологиялық балғамен соққанда төрт басты бұлшық еттің жиырылуы және тізені жазу пайда болады.
  • Ахилл рефлексі - өкше сіңірін неврологиялық балғамен соққанда үш басты бұлшық еттің жиырылуына байланысты табанның жазылуы.

Патологиялық рефлекстер.

  • Ауыздық автоматизм рефлекстері;
  • Қол ұшының патологиялық рефлекстері;
  • Аяқ ұшының жазылу патологиялық рефлекстері;
  • Аяқ ұшының бүгілу патологиялық рефлекстері;
  • Тізе клонусы;
  • Өкше клонусы;
  • Қорғаныш рефлекстері.
  • Патологиялық рефлекстер орталық неврондар зақымданғанда пайда болады.

Ауыздық автоматизм рефлекстері.

  • Ауыз рефлексі – неврологиялық балғамен төменгі немесе жоғарғы ерінді жеңіл соққанда ауыздың дөңгелек бұлшық етінің жиырылуы.
  • Мұрын – ерін рефлексі – неврологиялық балғамен мұрынның ұшын жеңіл соққанда ерін бұлшық еттерінің жиырылуы.
  • Алақан – иек рефлексі - бас бармақ томпағы тұсын сызып тітіркендіргенде иек бұлшық етінің жиырылуы. Ауыздық автоматизм рефлекстерінің дамуы кортико-нуклеарлық шоғырдың екі жақты зақымдануымен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет