Медико-статистическая система еисз: итоги, результаты, возможности



бет12/13
Дата11.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#174201
түріПрезентация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Тізетобық клонусы.

  • Науқас арқасымен, екі аяғы түзу жатады. Дәрігер бас және сұқ саусақтарымен тізетобықты жоғарыдан ұстап, төменге басып тұрады. Бұл кезде санның төрт басты бұлшық еті созылады, бұған жауап ретінде бұлшықеттің ырғақты жиырылуы және тізетобықтың төменге және жоғарыға тербелістері пайда болады.
  • Дәрігер өкше клонусын бір қолымен науқастың тізесін, екінші қолымен өкшені ұстап сирақ-аяқ басы буынында жылдам бүгу арқылы шақырады. Ырғақты қимылдар біраз уақыт сақталады.

Жұлынның шартсыз рефлекстерінің қалыптыдан ауытқуы:

  • Рефлекстердің өршуі – гиперрефлексия;
  • Рефлекстердің төмендеуі – гипорефлексия;
  • Симметриялы жақтарда екі жақтан бірыңғай- лықтың сақталмауы - анизорефлексия;
  • Рефлекстердің жойылуы – арефлексия.

Ашнер – Даньини көз-жүрек рефлексін тексеру.

  • Көз алмаларын жеңіл және бірдей басу.
  • Диагностикалық мақсатта – ВНЖ-нің парасимпатикалық бөлімінің қозғыштығын бағалау үшін; емдік мақсатта – пароксизмальды тахикардия ұстамасын жою үшін қолданылады. Науқас 3-4 рет терең тыныс алғаннан кейін көзін жұмады да дәрігер 3-4 секунд оны басып тұрады. Науқасқа ауырсыну болу мүмкіндігін ескерту қажет.
  • Пульсті осы сынамадан 1 минут алдын және 1 минут кейін санайды.

Сынаманың нәтижесін бағалау.

  • Көз-жүрек рефлексінің қалыпты типі – 1 минут ішінде пульстің 4-10 ретке дейін төмендеуі;
  • Көз-жүрек рефлексінің ваготоникалық типі – пульстің 10 реттен көп төмендеуі;
  • Көз-жүрек рефлексінің симпатотоникалық типі – пульстің жиілеуі.
  • Ұйқы артериясын басу кезбе нервті тітіркендірудің ең тиімді әдісі. Бұл әдіс науқас арқасымен жатқанда жасалады. Тамыр соғуын анықтап алғаннан кейін дәрігер бас және сұқ саусақтарымен төс-бұғана-емізіктік бұлшық еттің 1/3 тұсын ұйқы артериясының соғуы білінгенше 10-20 секунд жеңіл басып тұрады да, одан кейін тамыр соғуының 1 минуттағы жиілігін санайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет