Тәрбие принциптері
Тәрбие принциптері туралы түсінік. Негізгі түрлері, сипаттамалары (тәрбиенің қоғамдық бағыттылығы принципі, тәрбиенің өмірмен және еңбекпен байланысы принципі, жағымды тәрбиеге сүйену принципі, тәрбиені ізгілендіру принципі, тәрбиедегі жеке тұлғалық бағдар принципі, тәрбиелік ықпалдардың бірлігі принципі). Принциптер мен тәрбие әдістерінің айырмашылығы. Тәрбие принциптеріне қойылатын талаптар, олардың сипаттамасы (міндеттілік, кешенділік, теңдік). Тәрбие принциптерін жүзеге асыру ережелері.
Сынып жетекшісі: сынып жетекшісінің негізгі талаптары, функциялары мен міндеттері
Сынып жетекшісі жұмысының мәні мен маңызы. Негізгі функциялары мен міндеттері (ұйымдастырушылық-үйлестіруші, коммуникативтік, аналитикалық-болжамдық, әлеуметтік, жобалау-ұйымдастырушылық, бақылаушы). Сынып жетекшісінің құқықтары. Сынып жетекшісінің қызметін бағалау критерийлері.
Отбасында балаларды тәрбиелеудің ерекшеліктері. Мектептің ата-аналармен жұмысының мазмұны мен формалары
Отбасылық тәрбиенің мәні мен маңызы. Отбасылық тәрбиенің міндеттері, принциптері, функциялары. Отбасылық тәрбиенің типтері. Отбасы бала тұлғасын әлеуметтендіру факторы. Мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастық формалары.
Ұжым және оның тәрбиелік функциялары
Балалар ұжымы тәрбиенің объектісі және субъектісі. Балалар ұжымын қалыптастырудың функциялары, заңдары мен кезеңдері. Балалар ұжымының даму процесі. Балалар ұжымын қалыптастырудың негізгі құралдары. А.С.Макаренко бойынша ұжымның қалыптасуының айрықша белгілері. А.С.Макаренконың ұжым теориясы мен практикасының қалыптасуы мен дамуындағы рөлі.
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Балалар мен жастардың патриоттық сана-сезімі мен өзіндік сана-сезімін қалыптастыру. Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды тәрбиелеу. Құқықтық тәрбиенің мәні қоғамдағы мәні, мазмұны мен міндеттері. Мектеп жасындағы жастардың құқық формаларын бұзу факторлары. Мектепте жүргізілетін құқықтық тәрбие жұмысының жүйесі. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, олардың құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарас.
Достарыңызбен бөлісу: |