Международной научно-теоретической конференции сейфуллинские чтения



Pdf көрінісі
бет101/180
Дата10.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#190798
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   180
Байланысты:
sf16-1-1-3

пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1 Greve T. Non-surgical egg transfer in the cow. Proc. 27th Ann. Meet. European Assoc. 
Anim. Prod. Zurich. – 1976. – Ang. 23-26.
2 Бугров А.Д., Невинный И.А. Трансплантация эмбрионов на молочном комплексе // 
Зоотехник - М., 1990. - №5. - С. 67-69.
3 Мухамедгалиев Ф.М., Тойшибеков М.М., Абильдинов Р.Б. и др. Трансплантация 
зигот в племенном овцеводстве. – Алма-Ата: Наука, 1981. – 168 с.
4 Укбаев Х.И., Адырбеков И., Алибаев Н., Бекетауов О. Приживляемость эмбрио-
нов-трансплантатов у каракульских овец // Сб. науч. тр. КазНИИК. - Алма-Ата, 1989. - С. 
5-9.
5 Укбаев Х.И., Алибаев Н., Бекетауов О., Есимбеков А. Эффективный способ гор-
мональной обработки доноров каракульских овец в трансплантации эмбрионов // Сб. 
науч. тр. КазНИИК. - Алматы, 1993. - Т.1. - С. 90-96.
6 Алибаев Н., Бекетауов О. Биотехнологические исследования в каракулеводстве: 
достижения и перспективы развития // Каракулеводство Казахстана: история и проблемы 
развития. - Алматы, 2002. - С. 55-59.
7 Mu. Yanyun. Li. Qian. Cheng. Jie. Embryo-transplantation in cattle - a new field of 
activity for large animal practice // Biotechnology & applied microbiology. – 1984. - Т. 65, 
№11. - Р.959-965.
8 K.Iori., B.Kouji., A.Daisuke. Rethinking the time interval to embryo transfer after uterus 
transplantation - DUETS (Dallas UtErus Transplant Study) // Bjog-an international journal of 
obstetrics and gynaecology. – 2020. - Т. 126, №12. - Р. 1508-1509.
ҚҰйРыҚты ҚылшыҚ ЖҮнДі Қой тҰҚымДаРының ӨнімДілік 
еРекшеліктеРі
Ф. Өмірзақова, 2-курс магистранты
С. Амантай, PhD, аға оқытушы
С. Сeйфуллин aтындaғы Қaзaқ aгpoтeхникaлық унивepситeтi, Нұр-Сұлтан қ.
Бүгінгі күнге отандық қой шаруашылығын одан әрі дамытып қалпына келтірудің 
негізгі стратегиясы жоғары сапалы қой етін өндіру болып отыр. Қой еті одан алынатын 
ең негізгі өнім, оның оның бұлшық ет тканьдарында құнды белоктар жиынтығы болады. 
Еділбай қойы тез өсіп жетілетін етті- майлы қой тұқымдары, етінің сапасы жоғары, 
әсіресеқозы етінің сапасы өте жоғары болады [1,2].
Қой жүнінің бағамы төмендеп ал қой етінің бағасы өсуі бүгінде етті-майлы қой 
шаруашылығын оның ішінде Еділбай тұқымын дамытуға ықпал етіп отыр. Қой 
етіне оның ішінде жас малдар етіне деген сұраныс тұрақты түрде өсіп келеді, әйтседе 
тұтынушылар тауардың сандық жағынан сапалық жағына, өндірілетін өнімнің 
экологиялық және физико-xимиялық көсеткіштеріне көп талап қоя бастады [3,4]. Осыған 
орай, зерттеу жұмысы Еділбай қойының аз зерттелген критерияларына бағытталды - ол 


233
ет және құйрық май өнімдерінің xимиялық құрамы мен физикалық қасиеттеріне талдау 
жұмыстарын жүргізу.
Зерттеу обьектісі ретінде Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Жарлысу ауы-
лында «Шәушен» шаруа қожалығында өсірілетін Еділбай қой тұқымының қоңдылығы 
әр түрлі категорияға жататын 9 айлық ұрғашы тоқтылары алынды. «Шаушен» ШҚ Тянь - 
Шань жотасының тау бөктерінде, «Жарлы су» ауылында «Сұңғайты» шатқалында, аудан 
орталығынан 12 км қашықтықта және үш егемен мемлекетті - Қазақстан, Қырғызстан, 
Өзбекстанды қосатын тас жолында орналасқан. Темір жол орталықтан 70-80 км 
қашықтықта орналасқан. Бұл ҚР оңтүстік аймағында қолайлы климаттық жағдайларда 
қой өсірудің жоғары тиімділігімен байланысты, себебі бұл қой жылдың барлық 
мезгілінде, шұғыл континентальды климатқа қарамастан, көктемгі-жазғы кезеңде де, 
жылдың күзгі-қысқы кезеңінде де температура ауытқуымен тұрақты.»Шәушен «ШҚ 
орналасқан топырақтық-климаттық жағдайлар еділбай тұқымдарына қолайлы және 
Тянь-Шань жотасының тау бөктерінде орналасқан, жылдық шөгіндісі 200 мм-ге дейін 
тау - дала қара қоңыр топырақты құрайды. Аязсыз кезең 140-190 күн, қар жамылғысы 
50-80 күн жатады, бұл қысқы қой жайылымы үшін қолайлы. Температура ауытқиды-қыс 
мезгілінде 0-ден 21-ге дейін кейде және одан да көп градус нөлден төмен, жаз мезгілінде 
20-дан 35-ке дейін және одан да көп градус нөлден жоғары (1-кесте).
1 – кесте - «Шаушен» ШҚ-ның жерді пайдалану көлемі мен құрылымы 
Алқаптардың атауы
Көлемі, мың га
Құрылымы, %
Барлық ауыл шаруашылығы 
алқаптары
13,2
100,0
оның ішінде егістік жер
2,3
17,0
жайылымдар
10,8
82,0
шабындықтар
0,2
1,0
Кестеде келтірілген мәліметтерден, ең үлкен үлес салмағын жайылымдар - 82,0 % ала-
тыны көрініп тұр. Егістік және шабындық үлесіне тиісінше 17,0 және 1,0. Шаруашылықтың 
негізгі бағыты мал шаруашылығы болып келеді (ет-май қой шаруашылығы, етті мал 
шаруашылығы, табынды жылқы шаруашылығы).
Зерттеу қой шаруашылығы, қой өнімдерін өндіру теxнологиясы және өңдеу негізі (қой 
өнімдері кластері), мемлекеттік стандарт 5111-55, ГОСТ Р 52843 -2007 стандарттарының 
талаптарынбасшылыққа ала отырып жүргізілді. Зерттеу жүргізу үшін қойлардың 
қоңдылығынанықтап категорияға бөліп жоғары және орташа қоңдылықтағы екі топ 
алынды. Сойылғаннан кейін ГОСТ 52843-2007 стандарт талаптарына сәйкес еті мен 
майының (құйрық) сапалық көрсеткіштері зерттелді. Осы қой тұқымынан алынатын ет 
және құйрық майларының сапасына химиялық физикалық зерттеулер жүргізілді (2-ке-
сте). 
2-кесте – Еділбай тұқымының 9 айлық тоқтыларының қоңдылығы (n= 3 бас)
Қоңдылық категори-
ясы
Қойылатын талаптар (төменгішегі)
Жоғары 
Қолмен ұстап қарағанымызда арқасы мен белінің бұлшық еттері 
жақсы жетілген. Арқа мен бел омыртқа сүйектері аса білінбейді. 
Беліндегі май қол мен ұстағанда білініп тұр орташа көлемде, 
құйрығы жақсы толысқан.
Орташа
Арқасы мен белінің бұлшық еттері орташа дамыған, бел 
омыртқаның сүйектері қолмен ұстағанда білініп тұр, белдеме майы 
шамалы, құйрық жақсы толысқан


234
Қоңдылық категориясы Қойылатын талаптар (төменгішегі)
Жоғары Қолмен ұстап қарағанымызда арқасы мен белінің бұлшық еттері жақсы 
жетілген. Арқа мен бел омыртқа сүйектері аса білінбейді. Беліндегі май қол мен ұстағанда 
білініп тұр орташа көлемде, құйрығы жақсы толысқан.
Орташа Арқасы мен белінің бұлшық еттері орташа дамыған, бел омыртқаның 
сүйектері қолмен ұстағанда білініп тұр, белдеме майы шамалы, құйрық жақсы толысқан
Осы екі топтағы қоңдылығы әр түрлі қойлар жайылымда бірге жайылып бірдей 
жағдайда қораларда ұсталды. Бір ай өткен соң бақылау сойыс жүргізілді. Қоңдылығын 
анықтау және еттерді категорияға бөлу жоғарыда көрстілген әдістемелер, стандарттар та-
лаптарына сәйкесжүргізілді. Сойыс кезінде ет және құйрық майдан сынамалар xимиялық, 
физикалық талдаужүргізу үшін алынып зертхана жағдайында талдау жүргізілді (3-кесте).
3 – кесте - Құйрықты қойдың жас тоқты етінің xимиялық құрамы
Тобы
Құрамы, %
рН
1 кг еттің 
каллориясы
ылғалдылығы
май
ақуыз
күл
Қоңдылығы жоғары
1
64,05±0,31
16,11±0,3 19,10±0,23 0,72±0,27
5,88
2281,35
Қоңдылығы орташа
2
67,49±0,27
11,55±0,3 19,27±0,20 0,76±0,27
6,0
1777,68
3-кестедегі талдау қорытындысы бойынша қоңдылығы жоғары категорияға 
жататынеттің ылғалдығы екіншісімен салыстырғанда 3,44% кем болса, ал майы 4,56% 
көп бұл бірінші топтағы еттің энергетикалық құндылығының жоғарылығын көрсетіп 
тұр. Бұл ретте ақуыз мөлшері екі группада шамалас аздаған айырмашылық көрсетті. 
Қоңдылығы жоғары категорияға жататын еттің ылғалдылығы төмен, консистенциясы 
жақсы және ұшаның бұлшық еттерінде майдың мөлшерінің жоғарылығына орай, орташа 
категориялы етке қарағанда каллориясы жоғары болды.
Қойдың майында сиыр және шошқа майымен салыстырғанда адам организмін 
ерте қартайтатын xолестерин мөлшері 2,5-4,3 есе аз болады. Құйрық майы тағамдық 
өнімдер дайындауда қолданылады және сары майдан кем емес, дәрілік құрал ретінде де 
қолданылады. Құйрық май сапасының көрсеткіштерін зерттеу үшін олардан сынамалар 
алынып, зертханада физикалық- xимиялық талдау жүргізілді (4-кесте).
4 – кесте құйрық майдың физикалық-xимиялық құрамы
Көрсеткіштер
Жоғары категория
Орташа категория
Құйрығының салмағы кг
2,88± 0,06
2,19± 0,05
Ылғалдылығы,%
9,6± 0,12
9,7± 17
Балқу температурасы,С
42,2± 0,29
41,8± 0,31
Талдаудың қорытындысы бойынша қоңдылығы әр түрлі категорияға жататын жас 
малдың құйрық майларының физикалық-xимиялық құрамы бойынша көп айырмашылық 
байқалмады, тек балқу температурасы 0,4 % жоғары екендігі анықталды. Қоңдылығы 
жоғары мал етінде ылғалдылығы төмен, балқу температурасы 0,4% жоғары, алай-
да құйрық майының салмағы жоғары категориялыда орташа категориялығы қарағанда 
31,5% асып отыр, нақтырақ айтсақ Р≥0,999 айырмашылықпен.
Қорытындылай келе. қоңдылығы жоғары категорияға жататын жас малдардан 
қоңдылығы орташа категорияға жататын малдарға қарағандаылғалдылығы төмен, кон-
ситсенциясы тығыз, каллориясы жоғары сапалы ет, сонымен қатар, құйрық майын 


235
тамаққа қолданса оның салмағы мен балқу температурасы жоғары болатын сапалы ет 
және май өнімдеріналу мүмкіндігі бар. Осыған орай, қозы тоқтыларды жедел семіртіп 
өсіру ет өндірісін арттыруға және ет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   180




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет