Международной научно-теоретической конференции сейфуллинские чтения



Pdf көрінісі
бет157/180
Дата10.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#190798
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   180
Байланысты:
sf16-1-1-3

Қолданылған әдебиеттер
1 Послание Президента Республики Казахстан - Лидера нации Нурсултана Назарба-
ева народу Казахстана «Стратегия «Казахстан-2050»: новый политический курс состо-
явшегося государства» [Интернет ресурстары]-RL:http://www.akorda.kz/ru/events/astana_


333
kazakhstan/participation (қаралғанкүні 5.12.19 )
2 Программа по развитию Агропромышленного комплекса в Республике Казахстан 
на 2013-2020 годы: Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 
2013 года №151.
3 Chemical composition of horse meat Dobranić, V., B. Njari1 , B. Mioković, Ž. Cvrtila 
Fleck, M. Kadivc file:///C:/Users/LIB/Downloads/Strucni_rad_Vesna.pdf (қарау уақыты: 
24.10.2019 ж.)
4 С.Т.Дүйсембаев., Қ.Ж. Әмірханов., А.Т. Серикова. «Ет, сүт өнімдерін өндіру техно-
логиясы, гигиенасы және ветеринариялық - санитариялық сараптау практикумы». Семей 
2007.- 168 б.
5 А. А. Соколов., «Физико-химичесие и биохимические основы теннологим мясопро-
дуктов ».Москва 1965.-449 б.
6 М.Л. Габриэлянц «Товароведение мяса и мясных товаров» Москва, Экономика, 1974.
7 Xabier Belaunzaran, Paz Lavín, Luis J.R.Barron, Angel R.Mantecón, John K.G.Kramer, 
NoeliaAldai. An assessment of the fatty acid composition of horse-meat available at the retail 
level in northern Spain /Meat Science Volume 124, February 2017, Pages 39-47.
маҚсаРы ДəнДеРін сығу алДынДа ҚызДыРып маҚсаРы майын 
ӨнДіРуДің технологиялыҚ ҮДеРістеРін ЖетілДіРу
Алтаев Т. С.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы қ.
Райхан А. студент
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Нұр - Сұлтан қ.
Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің тұрақты дамуы аграрлық-өнеркәсіп секторының 
дамыған салаларының деңгейіне, сондай-ақ импортталатын мақсары мен мақсары майын 
ұтымды пайдалануға байланысты. Бұл ретте аграрлық-өнеркәсіптік кешен жұмысының 
тиімділігі оның маусымдылығын ескере отырып, көп жағдайда шикізат пен жартылай 
фабрикаттарды өңдеу мерзімімен айқындалады. Соңғы уақытта мақсары дәндерінің 
майларын тамақ өнеркәсібінде пайдалануға байланысты мәселелер ерекше маңызға 
ие. Өзінің технологиялық өңдеуінде мақсары дәндері да қызу үдерістеріне ұшырайды. 
Сондықтан ол үшін талап етілетін соңғы технологиялық мақсаттарға ғана емес, соны-
мен қатар қыздыру үдерістерінде жақсартылған сапалы көрсеткіштері бар мақсары майы 
мен күнжара өндірісіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін жылу өңдеу әдістерін қолданған 
жөн. Мақсары дәні сияқты биологиялық объектілерді қыздыру үдерістерін зерттеуге 
арналған жұмыстар өте аз. Мұндай мәліметтердің болуы технологиялық талаптарды 
сақтау, шығындарды қысқарту, мақсарының майлы дәндерінің биологиялық белсенді 
компоненттерін сақтау тұрғысынан қыздырудың ұтымды режимдерін жасауға мүмкіндік 
береді[2]. Дайын өнімнің сапасын жақсарту кезінде мақсары дәндерін қыздыру үдерісін 
қарқындатуда белгілі бір перспективалар жоғары жиіліктегі токтардың электрмагниттік 
өрісін қолдану бере алады. Сондықтан жоғары жиіліктегі токтарды қолдана отырып, 
мақсары дәндерін қыздыру үдерісін жүргізудің ғылыми негіздерін әзірлеу және сығуға 
дайындау кезінде қыздыру үдерістерінде мақсары майы мен күнжара сапасының 
көрсеткіштерінің өзгеріуін зерттеу өзекті болып табылады.
Мақсары(лат. Carthamnus) астра немесе - күрделі гүлділер тұқымдасына жататын 
бір жылдық шөптесін өсімдік, майлы дақыл. Негізгі отаны - Эфиопия мен Ауғанстан.


334
Археологиялық қазбалардың және әдебиет көздерінің куәлендірулерінше мақсары өте 
көне дақылдар қатарына жатады. Себебі, мақсары дақылының гүлінен жасалған бо-
яулармен Мысыр елінде оралатын маталар боялған. 2100 жылданастамтарихыбарм
әдениленгендақыл.П.П.Вавиловтың (1979) деректерібойынша, мақсарыдақылыерт
еректеҮндістанда, Египетте, Ауғанстанда, ОрталықАзиядажәнеКавказмемлекеттер
індебелгілі.Аталғанелдердемақсарыныбояғышжәнеәсемдікзатретіндепайдаланған.
ОныңлатыншаCartamusатауыарабтың carton - бояудегенсөзіненшыққан, өйткенімақсары
гүлдеріндекартаминпигментібар.Бұлпигменттіңерекшелігі - судасарытүске, алспиртте - 
қызылтүскебоялады[1].Орта Азия елдерінде мақсары ертеде белгілі болған. Бұл өңірде 
мақта шаруашылығына дейін жергілікті тұрғындар мақсары дәнінің майын тағамдық 
майға және пілте шамға пайдаланған.Алғашқыда мақсарыны бояғыш зат ретінде 
қолданған, кейіннен химиялық жолмен арзан және жоғары сапалы бояулардың алынуы-
на орай, дақылдың бояу ретіндегі өндірістік маңызы жойылып, оны өсімдік майын алуға, 
дәрі - дәрмек жасауға және мал азығына өсірген [3, 4].
Мақсары, осы өсімдіктің дәнінен алынатын тағамдық майды өндіру үшін кеңінен 
өсіріледі. Онда көп мөлшерде Е дәрумені кездеседі, қанықпаған линолді қышқылы (70 
%) және линоленді қышқыл (10 %) құрайды. Мақсары пигменттер (картамон) лигнан-
дар, полисахаридтер, эфир майлары, майлы заттар (арахидон қышқыл, линолді қышқыл, 
линолендік қышқыл, пальмитиндік қышқыл, стеариндік қышқыл). Шеткі гүлдер кар-
тамин, изокартиамин, иокартамидин және бірнеше флавоноидтың құрамы белгілі: 
6-гидроксикемпферол-3-O-глюкозид, 6- гидроксикемпферол-7-O-глюкозид, кемпферол-
3-O-рутинозид және кверцетин 3-O-глюкозид кездеседі. Мақсарыдың картамині суда аз 
ериді және диэтилді эфирде мүлдем ерімейді, бірақ сол уақытта спирт пен сілтіде жеңіл 
ериді. Сонымен қатар өсімдікте осыған ұқсас түстер диапазонында кездеседі. Жалпы 
санағандасегіз флаваноид кверцетин-7-O-(6’’-O-ацетил)-β-D-глюкуронозид және жеті 
белгілі флаваноид - лютеолин, кверцетин, лютеолин- 7-O-β-D- глюкуронозид, лютеолин-
7-O-(6’’-O-ацетил)-β-D- глюкуронозид, кверцетин-7-O-β-D глюкуронозид, акацетин-
7-O- β-D-глюкуронид және апигенин-6-C-D-глюкуронозил-8-C-β-D глюкуронозид, 
бұлар мақсары жапырақтарынан шығарылған да спектроскопиялық және химиялық 
зерттеулердің негізінде теңестіріліп сипатталған [1, 7, 12].
Мақсары тұқымшасындағы жалпы май мөлшері 25-37%, ал ядросына 50-56% 
дейін ақшыл сары түсті бағалы сұйық майы болады. Өсімдік майының дәмділігі және 
жұғымдылығы күнбағыс майына пара-пар, ал тек қана ядросынан сығылған майдың са-
пасы зәйтүн майынан кем түспейді.Тамаққа және маргарин жасау үшін қолданылады. 
Күнжарасы – құнарлы мал азығы, 10 кг күнжарасында 55 мал азықтық өлшем бар. 
Ауыл шаруашылығында тыңайтқыш және отын ретінде де қолдануға болады. Мақсары 
сүрлемге қосылады, дәні құстарға жақсы азық болып табылады. Дәні пісіп жетілгенде 
комбайнмен жиналады. Қатты әрі көп тікенекті болып келетіндіктен мақсарыны кейде 
егістік алқапқа мал түспес үшін айналдыра 10 - 15 м жерге қорғаныс алқабы ретінде егіп 
отырады [3, 8].
Мақсары майының қолданылуы, олеинді қышқыл мен Е дәруменіне бай мақсары 
дәнінен суық сығу жолымен алынған мақсары майының теріні тыныштандыратын әсерімен 
белгілі. Гүлдерін жібекке сары-алқызыл түс беру үшін және кондитерлік өнеркәсібінде де 
қолданады. Мақсары майының басқа майлардан бірнеше айрмашылықтары бар. Олардың 
ішіндегі ең маңызыдысы жүрек-қантамыр аурулары мен семіздікті және жүйке аурула-
рын емдеу үшін қолданылатын линолен қышқылдың көптігі. Мақсары гүлдерімендәндері 
әлемдік фармацевтикалық практикада қолданылатыны белгілі. Сондай-ақ, шетелдер-
де мақсары (Carthamus tinctorius L.) құрғақ шикізаты мен дән майларынан жасалған 
тұнбалар қолданылады. Дәрілік өсімдік құралы ретінде мақсары кепкен және жас гүлдері 
және дәндары қолданылады. Қазіргі кезде мақсары майлы дақыл ретінде Үндістанда, 
Қытайда, АҚШ, Австралия, Ауғанстан, Иран, Африка, Ирак мемлекеттерінде өсіреді. 


335
ТМД мемлекеттерінде Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан республикаларында және 
Қазақстанның Оңтүстік өңірлерінде өсіріледі. Мақсарыэкологиялықжағынандалалы
жәнешөлейтаймақтарғабейімделгенөсімдік.Егержауын-шашынұзақмерзімдежауса, 
ондамақсарытұқымшатүзбейді.Мақсарыұзақпісетіндақылболғандықтаноныңфотопери
одтықреакциясыныңмаңызызор.Гүлдеуүшіноғанкүнніңұзақтығытәулігіне 12-14 сағатт
анболыпалтемператураосыкездері 15-200С-тан төменболмауыкерек.Осы кездегі жарық 
мөлшерінің де маңызы зор, ол 1800-2000 люкстен кем соқпауы шарт.Құрамында Е 
дәруменінің көптігіне байланысты, мақсары майыкосметология индустриясында белсенді 
қоспа ретінде қартаюға қарсы заттардың, құрғақ теріге арналған жақпалардың және шаш-
ты күтуге арналған заттардың құрамына кіреді. Мақсары майы жасушаларды ылғалмен 
қанықтыратын таптырмас компоненті. Ол эпидермисті жұмсартып, нәрлендіреді, терінің 
майлы функцияларын жақсартады. Мақсары майы қалпына келтіретін және жараны 
жазатын қасиеті ие. Капиллярлардың жіңішкеруін алдын-алу және теріні тегістеу үшін 
қолданады. Оны қолдану барысында тері майының бөлінуі қалпына келеді. Халықтық 
медицинада мақсары жапырақтары, гүлдері және майынан әр түрлі дәрі дәрмектер жа-
салады, сонымен қатар, өсімдік майын сыр-бояу, линолеум, сұйық сабын өндірісінде 
т.б. техникалық мақсаттарда пайдаланады. Мақсары дәні құстардың азығы, әсіресе оны 
тауыққа берсе, қыс айларында жұмыртқалағыштық мүмкіндігі артады. Дәнін құрама 
жемге қосып сауын сиырларды азықтандырса, онда сүттің майлылығы жоғарылайды. 
Қабығы аршылған мақсары дәнінен алынған күнжарасы – бағалы мал азығы. Қабықта 
және ядросының жұқа пергамент қабықшасында ащы заттардың болуы қабығын аршы-
май сығылған май күнжарасының сапасын төмендететін ащы дәм береді, бірақта оны 
басқа азық түрлеріне қосып, малдарды азықтандыруға болады. Мақсары күнжарасы 
құрамында орта есеппен 20,4% протеин бар, 1 кг күнжарасының қоректілігі 0,75 
азықтық өлшемге тең. Мақсары мал азықтық дақыл ретінде қолданады. Себебі, оның 
көк балаусасының пішенінің және сүрлемінің қоректік қасиеттері жоғары. Мақсарының 
100кг жасыл балаусасында 22,7 азықтық өлшем және 2,91 кг қорытылатын протеин бол-
са, осындай мөлшерлі сүрлемінде олар тиісінше 15 а.ө. және 1,3 кг. С.Н. Прянишников 
(1963) деректері бойынша, мақсары пішенінің құрамында 16,5% шикі протеин және 48-
50 азықтық өлшем болады[8].
Мақсары – жылу сүйгіш, қуаңшылыққа төзімді, қысқа күннің өсімдігі және құрғақ 
континентальді климатқа жақсы бейімделген. Жылуға талабы ерекше, әсіресе гүлдену 
және дәнының пісуі кезеңдерінде оны өте қажетсінеді. Құрғақшылыққа қарағанда осы 
кезеңдердегі жауынды күндерді қаламайды, өйткені жауынды күндері өсімдік нашар 
тозаңданады және шіру қаупі туындайды. Мақсары дәны +1-2°C өне бастайды, +4-5°C 
жеткенде толығымен өнеді. Егер топырақтың дән сіңіру қабатындағы температура +5 
°C болса, онда өскін – 16 тәулікте, 9°C – 9 тәулікте, ал 15°C – 4 тәулікте пайда бола-
ды. Мақсарының өсіп жетілуі үшін қажетті 5°C жоғары температура жиынтығы – 2000-
2900°C, ал 15°C жоғары – 1500-2400°C. Мақсары өніп- өсу барысында дән жарнағын жер 
бетіне шығарады. Өскіні пайда болғаннан кейін 60-70 тәуліктен кейін гүлдейді, гүлдену 
кезеңі 25-30 күнге созылады. Алдымен негізгі сабақтағы орталық тостағаншалар гүлдей 
бастайды, содан кейін бұтақтағы тостағаншалар гүлдейді. Гүлдену дәнінің пісуі кезең 
аралық ұзақтығы 30-40 күндер құрайды.Мақсарының вегетациялық кезеңінің ұзақтығы 
себу мерзіміне және өсіру жағдайына байланысты кең ауқымда өзгереді. Дақылдың 
көктемгі егісінде вегетация кезеңі 110-115 күнге созылса, ал күзде себілген мақсары 
200 күнде піседі. Қазақстанның оңтүстігінде дақылдың вегетация кезеңінің ұзақтығы 
109-116 тәулікке тең[5].Жарықтың жақсы түсуі дақыл тамырының тереңге бойлау-
ына, жапырағының мол болуына, ерте гүлденуіне септігін тигізеді және тозаңдануы 
жақсарады.Мақсары қуаңшылыққа төзімділігі жоғары бола тұра, ылғалды да қажетсінеді. 
Дақыл дәні топырақтан өз массасынан 30-40%-дан ылғал сіңіргеннен кейін өне бастай-
ды. Ылғалға барынша қажетсіну кезеңі шашақтану гүлдену, осы кезеңде ылғалдың 


336
молдығы өсімдік қуаттылығы мен өнімділігін арттырады, ал аз болуы бұтақтануды азай-
тады, жапырақ көлемін кішірейтеді және өнімділікті төмендетеді. Мақсары топырақ 
талғамайды, құнарлылығы төмен жерлерде де тәп тәуір өнім қалыптастырады.Мақсары 
дәні ас тұзының әртүрлі концентрацияларында сыналған (NаCL - 0,25-1,0%) тұз 
мөлшерінің жоғарлауына қарамастан зертханалық өнгіштік 60-70% - дан төмендемеген. 
Тұзға төзімділік жергілікті жағдайға бейімделіп өскен дәндерде сырттан әкелінгенге 
қарағанда 10-15% жоғары болған [6].Мақсарының жақсы өсіп дамуы үшін топырақ ре-
акциясы рН 5-8 аралығында болғаны дұрыс.Мақсарының топырақтан сіңіретін қоректік 
заттарының мөлшері дақылдың сортына, вегетация кезеңінің ұзақтығына, жапырағының 
ассимиляциялық белсенділігіне, топырақ және ауа – райы жағдайына, ылғал қабылдау 
мүмкіндігіне, топырақ құнарлығына және өсіру технологиясына байланысты өзгереді. 
Жұмыстың жаңалығы мақсары майын алу үшін сығу алдында мақсары дәндерін 
қыздыру үдерісін жоғары жиіліктегі токтардың электромагниттік өрісінің әсерінен 
жүргізу. Мақсары дәнінің электрофизикалық параметрлерін есептеу әдісін математикалық 
тұжырымдау. Ұсынылған әдістің тиімділігін эксперименталды негіздеу. Қыздыру 
үдерісінің кинетикасының заңдылықтарын анықтау. Жоғары жиілікті токтардың электр 
магнитті өрісінде мақсарыдәндерін қыздыру үдерісін жүргізудің тиімді технологиялық 
режимдерін негіздеу. Мақсарыдәндерін қыздыру үдерісінің кинетикасын теориялық 
және эксперименттік зерттеулер негізінде әзірлеу.
Зерттеудің мақсаты сығуға дайындау кезінде мақсарыдәндерінің жоғары жиіліктегі 
токтардың электромагниттік өрісінде біркелкі алдын ала қызуын қамтамасыз ету 
жолымен дайын мақсары майының сапасын жақсарту. Заманауи аналитикалық 
және эксперименттік зерттеулер негізінде мақсарыдәндарының электрофизикалық 
параметрлерін кешенді зерттеу. Мақсары дәндін қыздыру үдерісінің кинетикасы мен 
динамикасының зертханалық және өндірістік жағдайларында зерттеу. Дәндерді қыздыру 
үдерістерінің ұтымды технологиялық режимдерін ғылыми негіздеу және тәжірибелік 
іске асыру. 
Мақсарыдәндерінің құрылымдық-механикалық, электрофизикалық қасиеттерін зерт-
теу; сығу алдында мақсарыдәндерін алдын ала тазалау және қыздыру тәсілдерін зерттеу; 
мақсарыдәндерін жоғары жиіліктегі токтардың электоромагниттік өрісінде алдын ала 
қыздыруды зерттеу; мақсарыдәндерін қыздырудың оңтайлы режимдік технологиялық 
параметрлерін табу сығу алдында мақсарыдәндерін қыздыру үдерісінің жаңа 
технологиялық сұлбасын жасау; жоғары жиілікті токтардың электромагниттік өрісінде 
қыздыру үдерісінде мақсары майы мен күнжара сапасының көрсеткіштерін жақсарту. 
Мақсары майын алу үшін сығу алдында мақсары дәндерін жоғары жиіліктегі токтар-
мен қыздыру үдерісін жетілдіру. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері мақсарыдәндерін 
қыздыру үдерістерін жүргізу үшін бірқатар технологиялық режимдерді әзірлеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   180




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет