Международной научно-теоретической конференции сейфуллинские чтения



Pdf көрінісі
бет56/180
Дата10.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#190798
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   180
Байланысты:
sf16-1-1-3

пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Оразғалиұлы, А. Жерді қадірлей білейік/ А. Оразғалиұлы, // Қазақстанның жер ре-
сурстары, 2015 - №4 - 12-15 б.
2 Тайжанов Ш.Т. Топырақтану. Павлодар 2004.
3 http://www.turkystan.kz Автор: Анар Лепесова.
4 Прянишников Д.Н. Агрохимия. М.: Изд-во с.-х. Лит-ры, 1952. С.93-97.
5 Иванова Т.И. Прогназирование эффективности удобрений с использованием ма-
тематических моделей. М.: Агропромиздат, 1989. С.55-94. Журнал «Агрохимия», 2003г 
№9. С.42.
6 Рылушкин В.И. Плодородие почв Северного Казахстана. В кн.: Плодородие почв 
Северного Казахстана и эффективностьудобрений.-Алма-Ата: Кайнар, 1977, с. 6-36.
7 Wu G. Responses of higher plants to abiotic stresses and agricultural sustainable devel-
opment / G. Wu, C. Zhang, L. Chu and H. Shao // Journal of Plant Interactions. 2007. №2. P. 
135–147.
8 Ошақбаева Ж.О. , Джаланкузов Т.Д. Современное состояние черноземов Север-но-
го Казахстана. Алматы: Тетис,2001. – с. 46-50.
9 Уланкина А.В. Сравнительная характеристика фульвокислот выделенных методом 
Тюрина и Форсита // Автореферат. Москва. 2002. -24 с.
10 Рюбензам Э., Рауэ К. Земледелие. Перев.с нем.- М.: Колос, 1969.—520с.
топыРаҚ зиякестеРі Жəне олаРға пестициДтеРДің əсеРі 
Ж. Исатаева, магистрант
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Нұр-Сұлтан қ.
Таза топырақ - азық түлік жүйесінің іргетасы. Біздің топырағымыз ауыл шаруашылығы 
үшін және тамақ өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын, барлық өсімдіктер өсетін орта 
үшін негіз болып табылады. Бұдан басқа, топырақтың сапасы азық түлік сапасы мен са-
нына тікелей байланысты.
Энтомологтардың айтуы бойынша, зиянды бөжектердің 90% - дан астамы топырақпен 
тығыз байланысты. Топырақ көптеген жануарлардың (нематодалар, бөжектер, кенелер) 
мекендейтін ортасы ретінде олардың тіршілік әрекеті мен санына үлкен әсер етеді.
Топырақ зиянкестерінің таралуы және олардың ошақтарының қалыптасуы топырақ 
жағдайларына байланысты, олардың негізгілеріне – топырақтың ылғалдылығы, тем-
пературасы, аэрациясы және қышқылдығы жатады. Олар, өз кезегінде, топырақтың 
механикалық құрамына байланысты. Демек, топырақта тіршілік ететін бөжектердің 
таралуына осы топырақтың құрылымы мен олардың механикалық құрамы әсер етеді. 
Бөжектер тығыз немесе жеңіл топырақтарды да мекендей алады. Саз балшықты ауыр 
топырақтарда зиянкестер жеңіл құмды және құмайт топыраққа қарағанда аз қоныстанады. 
Жеңіл топырақта бөжектер фаунасы әртүрлі және көп кездеседі. Олардың орналасуы 
топырақтың температурасына, ылғалдылығына және аэрациясына байланысты [1].
Көптеген зерттеу нәтижесінде топырақ зиянкестеріне буынаяқтылар (Arthropoda) және 
сақиналы құрттар (Annelida) типтеріне жататын омыртқасыз жануарларды жатқызуға 
болады. Буынаяқтыларға: өрмекші тәріздестер (Arachnida), көпаяқтылар (Myriapoda) 
және бөжектерді (Insecta) жатқызуға болады. Бөжектерге теңқанаттылар (Homoptera), 
жартылайқаттықанаттылар (Hemiptera), жарғаққанаттылар (Hymenoptera), екіқанаттылар 
(Diptera) және қаттықанаттылар (Coleoptera) топтары кіреді. Қаттықанаттылар тобы: 
Барылдауықтар (Carabidae), Стафилинидтер, (Staphylinidae), шыртылдақ қоңыздар 


131
(Elateridae), бізтұмсықтар (Curculionidae) және тақтамұрттылар (Scarabaeidae) туыста-
старын қамтиды[2].
Топырақ зиянкестері - сымқұрттар, жалғансымқұрттар, тақтамұрттылардың 
дернәсілдері, бұзаубас және кейбір бізтұмсықтардың түрлері, жер бетіне шықпастан өсіп 
кележатқан тұқымдарды, тамыржүйесін, сабақтардың жер асты бөлігін, топырақтағы та-
мыр және түйнекжемістерді зақымдайды.
Дәнді дақылдарға топырақ мекендейтін зиянкестердің рөлі шектеулі. Өсімдіктердің 
жерасты бөліктерімен жүгері үшін жоғары қауіп төндіретін, бірақ басқа астық 
дақылдарына аз мөлшерде зиян келтіретін шыртылдақ қоңыз дернәсілдері және қара 
денелілер (сымқұрттар мен жалғансымқұрттар)кездеседі. 
Топырақ зиянкестерінен сымқұрттардардан басқа дәндідақылдарға, астықтың 
барылдауық қоңыздары мен көбелектер үлкен зиян келтіреді [3].
Шыртылдақ қоңыздар (Elateridae). Қаттықанаттылар тобының дербес бір туыстасы. 
Қоңыздардың өздері зиян келтірмейді. Бірақ олардың топырақ қыртысының әртүрлі 
тереңдігінде тіршілік ететін «сымқұрт» деп аталатын дернәсілдері әралуан өсімдіктермен 
қоректенетіндіктен ауылшаруашылығы дақылдарының еңбасты зиянкестерінің 
қатарына жатады. Олар әртүрлі жастағы дернәсіл және ересек қоңыз фазаларында 
топырақ қыртысының әртүрлі тереңдігінде қыстайды. Аздаған түрлері, солардың ішінде 
қарашыртылдақ пен дала шыртылдағы тек дернәсіл фазасында қыстайды.
Сымқұрттар ауылшаруашылық дақылдарының жерастылық мүшелерімен қоректеніп, 
көп зиян келтіреді. Дәнді дақылдардың жаңадан себілген тұқымдарын жартылай не-
месе түгелдей кеміріп қояды, сөйтіп егінкөгін сиретеді. Сонымен қатар олар өсімдік 
сабағының жерастылық бөлімін және түптену түйінін де зақымдайды. Дернәсілдері 
ауылшаруашылық дақылдардың өсіп кележатқан тұқымымен, олардың тамырлары-
мен қоректенеді. Топырақ құрғап кеткенде өсімдіктердің шырынды бөліктеріне кіріп
қоректенеді. 
Сымқұрттардың ең көбірек ұнататын өсімдіктері бидай, арпа, жүгері, картоп, қызылша, 
темекі. Көп тараған түрлері: Agriotes - туысына жататын егістік шыртылдақ қоңызы 
(A. sputator), жолақты шыртылдақ қоңыз (A.lineatus L.), далалық шыртылдақ қоңыз (A. 
gurgistanus Fald.) және Selatosomus - туысына жататын жалпақмұртты шыртылдақ қоңыз 
(S. latus F.) [4].
Қараденелілер - (Tenebrionidae). Барлық жерде таралған. Баяужұретін, түстеріқара, 
ірілі-кішілі қоңыздар. Көп түрлері қанаттары бірігіп кеткендіктен ұша алмайды. 
Қоңыздары – денесі қара, тығыз, қатты хитинделген жамылғысы бар, жоғары бөлігі 
жұмсақ тегіс, бірең-сараң күрең түсті түктері бар.
Дернәсілдері сымқұрттарға ұқсайды, оларды жалған сымқұрттар деп атайды. 
Денесінің түсі қою сары, күңгірт қоңыр болады. Ұзындығы 12-40 мм. Дернәсілдердің 
алдыңғы жұп аяқтары үлкен, бастары доға тәрізді, жалған сымқұрттар деп атайды. Олар 
жылдам өсіп жетіледі.
Ересек қоңыздар өсімдіктердің, жерүстілік мүшелерімен қоректенеді. Ал жалған 
сымқұрттар себілген тұқыммен, өсімідіктердің тамыр жүйесімен және басқа жер астылық 
мүшелерімен қоректеніп ауылшаруашылығына едәуір зиян келтіреді.
Тақтамұрттылар – (Selatosomus). Денелері ұзын, не қысқа. Мұрттары жалпақ. 
Дернәсілдері жуан, етті. Түркістандық жүгері қоңызы (PentodondubiusBall.) көп 
өсімдіктердің тамырларының етті ұлпаларын зақымдайды, ал түйнек тамыржемістілер 
үшін өте қауіпті. Дернәсілдері өсіп кележатқан тұқыммен қоректенеді. Олардың 
дернәсілдері топырақта 2-3 жыл өмір сүріп мәдени өсімдіктердің жерастындағы 
мүшелерімен қоректенеді [5].
Химиялық өнім - пестицидтер қазіргі уақытта өте кең қолданылады. Оларға 
арамшөптермен 
күресу 
үшін 
қолданылатын 
гербицидтер, 
фитопатогенді 
саңырауқұлақтардан өсімдіктерді қорғайтын фунгицидтер, зиянды бөжектерден қорғау 


132
құралдары инсектицидтер, нематодаларға қарсы препараттар нематоциттер және т. б. 
кіреді.
Көптеген мәліметтер бойынша химиялық пестицидтердің топырақ биотасына жойқын 
әсері белгілі. Орташа климат аймағында токсиканттардың негізгі саны көп жағдайда 
0-30 см қабатта жинақталады. Бұл қабатта топырақ омыртқасыздарының негізгі масса-
сы шоғырланған. Инсектицидтердің теріс әсері- бұл, олардың санын реттеу объектісіне 
ғана емес, сондай - ақ басқа да тірі организмдерге де әсер етеді - уыттылығы жоғары, 
санын төмендетеді және энтомофаунаның түрлік құрамын төмендетеді, фитофагтарда 
резистенттілік пайда болуына әкеледі және тірі табиғатқа ұзақ уақыт әсер ету қаупін 
туғызады.
Пестицидтердің топырақ организмдерімен өзара әрекеттесуі екі негізгі процесс 
түрінде көрсетіледі: 1) уытты әсер ету ксенобиотиктер, микрофлораға физиологиялық 
белсенді қосылыстар ретінде, ферменттер синтезі механизмінің бұзылуында, 
метаболизмнің бәсеңдеуі мен тоқтауында, өсу мен дамудың тежелуінде пайда болады; 2) 
ксенобиотиктердің микробиологиялық өзгеруі және ыдырауы. 
Топырақ құнарлылығын сақтау топырақ омыртқасыздарынсыз мүмкін емес. Бұны 
бүкіл әлем мойындайды, сондықтан топырақта мекендейтін омыртқасыз жануарлар 
экологиясының мәселелері әлемнің көптеген елдерінде ғалымдардың талқылауына 
түседі.
Пестицидтердің топырақтағы өзгеруін қарастыра отырып, оған химиялық және 
физикалық факторлар, топырақ бөлшектерінің сорбциясы және т.б. әсер ететінін атап 
өткен жөн. Олардың тыныс- тіршілігі әдетте тәжірибеде қолданылатын пестицидтердің 
дозаларымен айтарлықтай бәсеңдемейді.
Тәжірибеде қолданылатын пестицидтердің мөлшерлеу, топыраққа әсер етпейді. Де-
генмен, кейде нитрификация процесінде баяулауы байқалады, өйткені нитрификатор-
лар әртүрлі күшті факторларға өте сезімтал болып келеді. Кейбір зерттеуші ғалымдар 
азот бактериясы мен түйнек бактерияларының басқа сапрофитті микроорганизмдерімен 
салыстырғанда үлкен сезімталдыққа ие екенін атап көрсеткен [6].
Топырақтың температурасы пестицидтердің ыдырау жылдамдығына, олардың 
ұшуына айтарлықтай әсер етеді. Пестицидтердің ыдырау қарқындылығы белгілі агро-
техникада биологиялық және химиялық факторлардың әсерімен байланысты.
Пестицидтердің топырақта түсуі мен жиналуы топырақ микрофлорасы құрамының 
өзгеруіне әкеледі. Бұл ретте пестицидтердің топырақ микроорганизмдеріне әсері 
осы заттардың қасиеттерімен, олардың топырақта болуына, топырақ типіне, 
микроорганизмдердің түрлік тұрақтылығына, температурасына, ылғалдылығына және 
сыртқы ортаның басқа да факторларына байланысты.
Әдетте гербицидтерді топыраққа аз мөлшерде енгізеді -бірнеше килограмм/1 гектарға. 
Суда еритін препараттар енгізілген жерлерінде көптеген микроорганизмдер үшін уытты 
концентрациялар құрмайды. Ұнтақтар мен эмульсияларды (атразин, монурон және т.б. ) 
тозаңдату кезінде пестицидті ыдырататын микрофлора селекцияланатын микроаймақтар 
пайда болады, бірақ топырақтың негізгі микромекендеушілеріне әсері болмайды.
Топырақта тіршілік ететін зиянкестермен күрестің негізгі шаралары– тұқымдарды 
себу алдында ГХЦГ (гексахлорциклогексан) немесе гептахлор инсектицидтермен 
өңдейді. Немесе жанаспалы және фумигациялық әсерлі гексахлоран, ГХЦГ гамма-
изомері инсектицидтерді топыраққа енгізеді [7].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   180




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет