63
міндеттелді [12].
Қазақстан аумағында жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану, сақтау және қайта
қалпына келтіру шаралары аса өзекті әрі қиын мәселе болып қала бермек, сондықтан
осы мәселені шешу мақсатында жайылымдық алқаптарда ғылыми зерттеулерді
жүргізудің қажеттігі аса маңызды деп санаймыз, оған қоса, табиғи жайылымдық жер-
лер мал азығының ең арзан көзі болып есептелетінін және мал азығы рационындағы
үлесі шамамен 40%, көк балауса өнімінің 80% қамтамасыз ететінін ескеретін болсақ, мал
шаруашылығы саласының дамуына жайылымдық жерлердің жоғары маңызға ие екені
анық.
Ақмола облысы бойынша шамамен 6 475,8 мың га. жайылымдық жерлер бар, соның
ішінде 1 265,9 мың.га немесе 19,5% жақсартылған жайылымдық жерлер, суландырылған
жайылымдар 2 567,3 мың.га немесе 39,6% және шалғайдағы жайылымдық жерлер
918,5 мың. га немесе 14,2%. Ерейментау ауданы мал шаруашылығын дамыту бойынша
облыстың маңызды аудандардың бірі болып табылады және табиғи мал азықтық жерлері
1 750,0 мың га құрайды. Оның ішінде маусымдық жайылымдар 1 412,8 мың. га құрайды,
соның ішінде ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жер құрамында 944,8
мың.га, елді мекен жерінде 228,4 мың. га, өнеркәсіптік, қорғаныс, байланыс және өзге де
ауылшаруашылық мақсатта қолданылмайтын жерлерде 6,6 мың га, ерекше қорғаудағы
жерлерде 50,7 мың. га, орман қорындағы жерлерде 3,8 мың. га, су ресурстары жерлерінде
2,6 мың. га, жалға берілмеген жерлер құрамында 175,7 мың. га [13, 14]. Аудан бойынша
ірі қара мал 38,9 мың бас, ұсақ қара мал 71,3 мың бас, жылқы 21,5 мың бас тіркелген,
сондықтан осы ауданда оңтайлы жайылымдық мал жүктемесін мен мал азығына
мұқтаждығын анықтау үшін жайылымдарының қазіргі жай-күйінің аналитикалық
зерттеулерін жүргізу аса өзекті болып отыр.
Жасалған шолуды қорытындылай келе, Ерейментау ауданында жайылым аумағындағы
мал басының тиімді санын анықтау, мал басы санына негізіделе отырып жайылым
айналымының кескіндерін жасау, шаруашылықтардың жайылымдық жерлерін түгендеу
бойынша мәселелердің жеткілікті дәрежеде зерттелмегенін көрсетеді.
Осыған байланысты, 2018 жылы осы бағытта С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ
ұжымының ғалымдары Ақмола облысы Ерейментау ауданына қарасты асыл тұқымды
етті бағыттағы қара малдарды өсіретін шаруашылықта ғылыми зерттеу жұмыстарын
жүргізуді бастады. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты шаруашылықтағы ірі қара мал
басының жайылымдардағы тиімді жүктемесін анықтап, жайылым айналымын кескінін
жасау және геоақпараттық технологияларды қолдана отырып, цифрлі карталар жасау бо-
лып табылады. Зерттеу нәтижелері цифрлық технология элементтерін пайдалану арқылы
жайылымдық жерлерді бағалауға, жайылымдағы мал жүктемесін анықтап, оңтайландыру
шаралары мен жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану бойынша іс-шаралар мен
ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: