Международной научно-теоретической конференции сейфуллинские чтения



Pdf көрінісі
бет94/180
Дата10.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#190798
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   180
Байланысты:
sf16-1-1-3

список использованных источников
1. Zh.Kurzhykayev, K.Syzdykov, A.Assylbekova, D.Sabdinova, V.Fefelov Actual status of 
fishing reserves of the Yesil River /ZOOLOGIA 36: e30437 https://doi.org/10.3897/zoologia.36.
e30437 October 3, 2019 p.1-9 JSR-0,8.
2. Определитель пресноводных беспозвоночных в Европейской части СССР. – Л.: Ги-
дрометеоиздат, 1977. – 510 с.
3. Руководство по методам гидробиологического анализа поверхностных вод и дон-
ных отложений. – Л.: Гидрометеоиздат, 1983. – 239 с.


221
BABESIA BOVIS аныҚтау Үшін əзіРленген птР тест-ЖҮйесінің 
аРнайылығын бағалау.
Р.Махамед, ВжМШТ кафедрасының 1 курс докторанты
Нұр-Сұлтан қ., ҚазАТУ
М.А.Куйбагаров, ветеринария ғылымдарының кандидаты
Нұр-Сұлтан қ., Ұлттық биотехнология орталығы
А.Б.Шевцов,биология ғылымдарының кандидаты
Нұр-Сұлтан қ., Ұлттық биотехнология орталығы
Бабезиоз – қоздырғыштары Babesia түріне жататын протозойлы қанпаразиттерінен 
туындайтын жануарлардың облигатты-трансмиссивті ауруы. Қоздырғыштардың 
биологиялық тасымалдаушылары қансорғыш буынаяқтылар – иксодты кенелер болып 
табылады[1]. Бабезияның әрбір түріне өздерінің ерекше биологиялық тасымалдаушы-
лары тән, сондықтан бұл аурулардың таралу аймағы кенелердің жекелеген түрлерінің 
таралуына тығыз байланысты. Бабезиоздармен ірі қара мал, қой, жылқы, шошқа, иттер, 
мысықтар ауырады [2].Ірі қара мал бабезиозының қоздырғышы – Babesia bovis. Олар 
эритроциттерде жинақталады, кейде лейкоциттер мен қан плазмасында да кездестіруге 
болады [3]. Жануардағы бабезиоздың ауырлығы қоздырғыштың патогендігіне, ағзаның 
резистенттілігіне, паразиттік кенелердің санына және басқа да факторларға байланысты 
[4].Бабезиоз ауруы Еуропаның көптеген елдерінде таралған. Ресейде ауру ірі қара мал-
дарда солтүстік-батыс аймағында, Ресейдің орталығында, сирек – Солтүстік Кавказда 
және Кавказда байқалады [5].Қазақстандағы ірі қара малдың бабезия қоздырғыштарын 
жұқтыруы оңтүстік аймақтарда 5,8% құрайды[6].
Әдетте, гемопаразиттердің диагностикасы қан жағындысын талдауға негізделген [7]. 
Алайда, диагностиканың бұл әдісі арнайы емес және кейбір техникалық қиындықтармен 
қатар жүреді, кейбір жағдайларда паразитемияның төмен деңгейіне байланысты оны 
жүргізу мүмкін емес [8]. Полимеразды тізбекті реакция (ПТР) және иммунологиялық 
талдаулар сияқты молекулалық әдістер әлдеқайда сезімтал және инфекцияларды түр 
мен түр асты деңгейлерінде саралауға мүмкіндік береді [9]. ПТР-ның диагностикалық 
құндылығы классикалық микроскопиядан бірнеше есе асып түседі. Себебі ПТРқан 
паразиттерін клиникалық сатыда және тасымалдау сатысында анықтауға мүмкіндік 
береді. Ал, микроскопиялық зерттеулер болса тек қан паразиттерін аурудың клиникалық 
кезеңінде ғана анықтайды [10].
Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы бабезиоздың эндемиясы қанпаразитарлы ау-
руларды бақылаумен жануарлардың еркін орын ауыстыруы жағдайында жаңа ошақтардың 
пайда болуы және эндемиялық аймақтарда жағдайдың ушығуы қаупін туғызады [6]. 
Осыған байланысты диагностика жүргізу эпизоотологиялық мониторинг және аурумен 
күресте қажетті элемент болып табылады.
Зерттеу материалдары ретінде 2019 жылы мамыр айында Жамбыл және Түркістан 
облыстарының жеке аулаларында ұсталатын әр түрлі сиырлардан жиналған 109 қан сы-
намалары қолданылды.Babesia bovis үшін таңдалынған праймерлер үшін қолданылған 
амплификация хаттамасының есептік шарттары: реакциялық қоспада 15 pmol тура және 
кері праймерлер,10 mM Tris-HCl (25°c кезінде pH 8.8), 50mm KCl, 0.08% (v/V) Nonidet P40, 
2.5 mM MgCl2, 200 мкмоль әрбір dNTP, 2 бірлік Taq DNA полимеразасы (Alpha ferment, 
Russia); ПЦР бағдарламасы: бастапқы денатурация 95°С - 3 минут; 95°с - 30 секундта де-
натурация және 42 цикл: 60°с-40 секунд праймерлер байланысуы, 72°с - 50 секунд ішінде 
элонгация, 72°с-5 финалдық элонгация.ДНҚ амплифицирленген мақсатты фрагменттерін 
талдау бромды этидий қатысымен 1,5% агарозды гельде жүргізілді. Электродты буфер 


222
ретінде 1х ТАЕ-буфер қолданылды. Алынған нәтижелерді құжаттау QuantityOne (Bio-
Rad) бағдарламалық қамтамасыз етуін және Gel Doc (Bio-Rad) гельдерінің құжаттама 
жүйесін пайдалана отырып жүргізілді.
Әзірленген тест-жүйені пайдалану арқылы 109 ДНҚ коллекциялық үлгілерін тестілеу 
нәтижесінде келесі нәтижелер анықталды: 9 үлгіде Babesia bovisүшін спецификалық 
амплификация өнімдері анықталды.Осылайша, жүргізілген зерттеулер нәтижесінде 
Қазақстанның Жамбыл және Түркістан облыстарындағы бірнеше жеке адамдар 
қожалығындағыірі қара малданжинақталғансынамаларға тейлериоз бойынша жал-
пы жағдай нақтыланды. Бабезиозды жұқтыру деңгейі 8%-ды құрады. Әзірленген тест-
жүйені пайдалана отырып алынған нәтижелер Г.С. Шабдарбаева мен оның әріптестері 
жүргізген Қызылорда облысындағы бұрынғы нәтижелеріменсәйкестік көрсетті, ол зер-
теулерде бабезиозды жұқтыру 5,8%-ды құраған болатын. Біздің зерттеу жұмысындағы 
сәл байқалатын артық көрсеткіш (2,2%-ға) Г.С. Шабдарбаева жүргізген микроскопиялық 
әдістермен салыстырғанда ПТР әдісінің сезімталдығымен байланысты болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   180




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет