«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған



бет112/200
Дата24.09.2023
өлшемі1,16 Mb.
#182238
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   200
Байланысты:
«Мейіргерлік істегі психология ж не коммуникация негіздері» п ні

Мiнез түрлерi мен типтерi.
Мiнез түрi өзiнiң құрамындағы бiтiстердiң жалпы сипатына тəуелдi келедi, ал бiтiстер негiзгi немесе жетекшi жəне қосалқы болып бөлiнедi. Негiзгiлерi адамның бағытбағдарын айқындауға ықпалын тигiзiп, яғни адамның тұрақты мiнезiнiң сипатын бередi де, қосалқылары мiнез қырларын толықтыра түседi. Мысалы, батылсыздық, қорқақтық жəне альтруистiк бiтiстердiң алғашқы екеуi жетекшi мəнге ие болса, онда адам секемшiл мiнездi келiп, бiреуге жақсылық, яғни альтруистiк қадамында жалтақшыл, күдiктi болуынан көздеген iсiне бара алмайды. Керiсiнше, альтуристiк қасиет басым келсе, алғы екi жағымсыз бiтiстердi қаймықпай басып, қайырымдылық iсiнде батыл мiнездi қадам жасайды.
Адам мiнезiнiң белгiлi түрде қалыптасуы оның қоршаған дүниеге қатынасына байланысты. Бұл қатынастардың мəнi адам араласып, байланысқа келген өмiрлiк объекттердiң маңызымен анықталады:

  1. Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл өтiрiкшi, əдептi дөрекi т.б.).

  2. Орындалатын iс қызметiне орай (еңбеккер — ерiншек т.б.)

  3. Өз басына болған қатынасына байланысты (сыншылөзiмшiл т.б.).

Заттарға қатынасынан (сақи ашкөз, ұқыпты — салақ т.б.).
Аталған қатынастардың бəрiнiң де мiнез түрiнiң қалыптасуында үлкен маңызға ие екенi сөзсiз, дегенмен тұрақты, нақты мiнездiң орнығуы ең алдымен адамның адаммен, қоғамға араласып, қатынасу дəрежесiне тəуелдi. Ұжымнан тыс тұлғаның жолдастық, достық, махаббат, т.б. формаларда көрiнетiн iзгi ниеттерiнен бөлек мiнез түрi болмайды. Адамдар өзара ұзақ қатынасқа келе отырып, бiрi екiншiсiнiң мiнезiне таңбасын салады, осыдан кей адамдар əрекетқылығында өзара ұқсастыққа келедi немесе қарамақарсы, бiрақ бiрiнiң кемшiлiгiн екiншiсi толықтыратын бiтiстердi игередi. Алайда, еңбек, iсəрекет қатынастарында қалыптасқан мiнез бiтiстерi мəндiрек келiп, мiнез түрiнiң басқаларынан ажыралуына себепшi болады.
Мiнез типiн анықтауда нақты адамдар мiнезiнiң жалпы да мəндi, өмiрлiк қажеттi тараптары ескерiледi.
Осыған орай мiнез келесi типтерге бөлiнедi:
1.Үйлесімді(гармонический) мiнез типi қоршаған ортаға икемдiлiгiмен ерекшеленедi. Мұндай мiнездi адамда iшкi қарамақарсылықтар болмайды, ойлаған ойы мен iстеген iс бiрбiрiне сай келедi. Көпшiл, ерiк күшi мол, қайсар, бiр сөздi. Өмiрдiң барша қиын жағдайларында таңдаған бағытбағдарынан қайтпайды, көзқарас, талғамын ауыстырмайды. Мақсатмұраттары мен принциптерi үшiн күреске дайын. Бұл адамдардың өмiр сүру тəсiлi жағдайға бағыну емес, оны өз қалауына орай өзгерту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет