Мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту



бет6/21
Дата06.02.2022
өлшемі120,88 Kb.
#80807
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
моторика (2)

Орамжапырақ

Орамжапырақты аламыз (саусақтарын сәл бүгіп, беттестіреді)
Пышақпенен тураймыз (қолдың қырымен турайды)
Оны қатты қысып ап, (қолдарын сәл бүгіп, қысады)
Дәміне қарай тұздаймыз.(тұз себеді)
Суын әбден сығамыз (жұдырықта ашып, жұмады)

  1. Тасбақа

Асықпайтын тасбақа (жұдырықты үстел үстімен жайлап жылжытады)
Тас ішінде тұрады
Басын жайлап шығарып, (сұқ саусағын шығарып, қайтадан жасырады)
Қайтадан оны тығады. (бірнеше рет қайталайды)

  1. Найзағай

Жерге түскен тамшыдан (әр қолдың екі саусағымен жаңбыр жауғызады)
Өрмекші қатты қорықты (саусақтарын сәл бүгіп, өрмекші секілді қозғалтады)
Нөсерлеткен жаңбырдан (жаңбырды қаттырақ жауғызады)
Торғайлар келіп тығылды (саусақтарын жазып, екі қолын айқастыра, қанат қағады)
Шелектеп құйған жаңбырдан (барлық саусақтарымен қаттырақ жаңбыр жауғызады)
Балалар үйге жүгірді (ортаң,ы және сұқ саусақпен жүгіреді)
Найзағай қатты жарқырап (ауада найзағайды бейнелейді)
Күркілдеді көк аспан (жұдырықпен үстелді тырсылдатып, алақандарын соғады)
Кенет бұлтты ысырып (қолдарымен жан жаққа сырады)
Шықты күн де жайнаған («күн» жасайды).

  1. Жаңбыр

Таң атқаннан тоқтамастан
Жаңбыр жауды себелеп (барлық саусақтарымен жайлап «жаңбыр жауғызады»)
Сондықтан да жасыл желек (саусақтарын түрлі бағытта қозғайды)
Суға қанды, не керек? (саусақтарын жазып, алақандарын жаяды)

  1. Қайық

Алақанды беттестіріп, (сөздерге сай қимылдайды)
Әдемі қайық жасадым.
Алақанды қайығым
Жүйткиді алға қарай.

  1. Қонақта

Әдемі мына үйшікте (үйшік жасайды)
Құйтақандар тұрады.
Қонаққа бірге барайық (саусақтарымен жүреді)
Есікте жайлап қағайық (үстелді қағады)
Құйтақанның үйінде
Ағаш еден төселген (алақандарын үстелге қояды)
Биік орындық қасында (сол қолды вертикаль бағытында қойып, оны оң қолдың жұдырығымен беттестіру)
Емен үстел үстінде (сол қолмен жұдырық жасап үстелге қойып, оң қолдың алақанымен жабады)
Тастабақ пен шанышқы (оң алақанды сәл бүгіп, сол қолмен шанышқы жасайды)
Үсті толы тамақты
Жемеуге енді бола ма?

  1. Гүл

Әдемі қызыл гүлімнің
Жапырағы ашылды.(алақандарымен ашылған гүл жасайды)
Жел кеп оны тербетіп, (қолдарын тербетеді)
Жапырағын жабады. (жапырақтарын жабады)
Ұйқыға кетер майжырап,
Жапырағын шайқалтып.(гүлдің басын шайқайды).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет