1. Алақанды ашып, саусақтарды біріктіру. Қайтадан жайлап жұму. Екі қолмен кезекпен қайталау.
|
|
2. Қолды үстел бетіне қойып, саусақарды ретімен бүгу. Екі қолмен кезекпен қайталау.
|
|
3. Саусақтарды жазып, оларды кезекпен біріктіру: аты жоқ пен шынашақты, сұқ саусақ пен ортаңғыны.
|
|
4. Жұдырықты түйіп, білекті түрлі бағытта айналдыру. Алғашқыда кезекпен, кейін екі қолмен қатар.
|
|
5. Алақанды жоғары қаратып қойып, әр саусақты кезекпен көтеру. Кері ретпен қайталау.
|
|
6. Алақандарды үстел үстіне қойып, саусақтарды бірге ретімен көтеру. Шынашақтан бастап.
|
|
7. Ортаңғы және сұқ саусақпен қарындашты алу. Саусақтарды ашу, бүгу.
|
|
8. Он, он бес қарындашты үстел үстіне қойып, бір қолмен жинату. Екінші қолмен көмектеспей, қарындаштарды біреуден жинау керек. Қарындаштардың орнына санауғыштарды, басқа да ұсақ заттарды пайдалануға болады.
|
|
9. Ортаңғы және сұқ саусақпен қарындашты алып, «жүгіру» жаттығуын жасау.
|
|
10. Екі кішкентай допты не грек жаңғағын алып, алақан арасына салып айналдыру (саусақтар түзу тұру керек).
Енді бір қолмен түрлі бағытта айналдыру керек.
|
|
11. Барлық саусақтың бастарын бас бармаққа қосу керек. Оң қолда сұқ саусақпен бас бармақты қосудан бастаса, сол қолда бас бармақ пен шынашақты қосудан бастайды. Жаттығуды екі қолмен қатар істейді.
|
|
12. Сіз жасаған саусақ қимылдарын қайталайды:
|
а) қолды жоғары көтеріп, саусақтарды жазып, сұқ саусақ пен ортаңғы саусақта айқастыру.
|
|
б) енді аты жоқ пен шынашақты айқастырады;
|
|
в) барлық саусақты кезекпен бас бармаққа қосу арқылы сақиналар жасау;
|
|
г) тез арада бірден онға дейінгі бір санды атау, бала сәйкес саусағын көрсетуі керек;
|
|
13. сұқ саусақ пен бас бармақ арқылы сақина жасап, оның арасынан саусақтарды өткізіп, сақиналар жасау. Осылайша әр саусақпен кезектестіріп орындау.
|
|