Мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту



бет5/21
Дата06.02.2022
өлшемі120,88 Kb.
#80807
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
моторика (2)

Саусақты демалту

Саусағымыз шаршады, (қолдарын үстел үстіне қояды)
Демалуды қалады.(ары бері қозғайды)
Саусақтарды жазайық, (қолдарын көтеріп, саусақтарын жазады)
Бір, екі, үш, демалтып бір алайық.( саусақтарын жазып, қайтадан жұмады)

  1. Бас бармағым қайдасың?

Бас бармағым қайда болдың? (екі қолдың бас бармақтарын көрсетеді)
Мына ағаммен тауға бардым, (саусақтарын кезекпен бас бармаққа қосады)
Мына ағаммен отын жардым
Мына ағаммен ән салып,
Ал ініммен тойға бардым.

  1. Серуен

Бір, екі, үш, төрт, бес (бас бармақтан бастап санайды)
Серуенге шықты саусақтар (үстел үстінде саусақтармен жүреді)
Бір, екі, үш, төрт, бес (шынашақтан бастап санайды)
Үйге қайта тығылды (жұмырықтарын түйеді).

  1. Салат

Сәбізді алып тазалаймыз (оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)
Үккішпен үгіп майдалаймыз (екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)
Қантты сеуіп дәмдейміз (саусақтардың ұшымен қант себеді)
Қаймақ құйып сәндейміз (қолды жұдырыққа түйген күйі қаймақ құйған сияқты) қол білегін жоғары-төмен қозғайды)
Міне, дайын нәр тағам- (екі қолын алдына жайып көрсетеді)
Дәруменге байыған (алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын білдіреді.

  1. Бақшада

Күректерді алайық, (екі қолмен күрек алғандай қимылдайды)
Жерді қазып, дайындап, (қолменен жер қазады)
Тыңайтқышты шашайық. (саусақ ұштарымен себеді)
Тырнауышты алайық, (саусақтарын жартылай бүгіп, араларын ашады)
Бақшаға жер дайындап, (үстел үстін тырмалайды)
Дәнді сеуіп тастайық. (саусақ ұштарымен себеді)
Шелекпен су құяйық,(жұдырықтарын түйіп, су құйғандай білезіктерін қимылдатады)
Арамшөбін жұлайық, (саусақтарын жинап, шөп жұлады)
Күн астында бақшамыз,(алақандарын жаяды)
Жылдамдатып өссін деп,
Қарап, қарап қояйық. (қолдарын қабақтарына апарып, айналаны қарайды)

  1. Компот

Жемістерді жинаймыз, (қолдарымен жемістерді жинайды)
Алманы ірі тураймыз, (қолдарының қырымен турайды)
Алмұртты алып ұсақтап,
Алхораны жуамыз. (жуғандай әрекет етеді)
Лимонды алып сығамыз, (жұдырық түйіп, сығады)
Қантын мол қып қосармыз.(саусақ ұштарымен қант себеді)
Суын құйып қайнатып,
Қонақтарға тосамыз.(алақандарын жайып, ұсынады)



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет