Мектеп жасына дейінгі балалардың таным белсенділігін арттыруда көрнекі құралдарды қолданудың тиімділігі


Топта көрнекі құралдардың 2 түрі болуы қажет



бет15/17
Дата08.02.2022
өлшемі376 Kb.
#120065
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Мектеп жасына дейінгі балаларды таным белсенділігін арттыруда к

Топта көрнекі құралдардың 2 түрі болуы қажет: 1) үлкен (барлық топқа көрсету үшін);
2) үлестірмелі(үстел үстінде балалардың жеке-дара тапсырманы орындауы үшін).
Демонстрациялық көрнекі құрал 60˟90, 60˟30 см.кенеп матадан немесе қатты қағаздан жасалуы қажет, ал үлестірмелі көрнекі құралдар кішкентай топтарда 21˟8, мектепалды даярлық тобында 30˟10 см.көлеміндегі карточкалар болуы қажет.
Оқу процесіне жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар, видеомагнитофондар, проэкторлар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі – жеке тұлғалар қолданатын компьютерлерге ерекше көңіл бөлініп, балабақшада компьютерлік кабинеттерін құру міндеті шешілуде, оқу процесіне белгілі бір жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді енгізу міндеті де қолға алынуда. Компьютерлер, көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді.
Мультипликационды фильмдер көрсеткенде, теледидар көлемі 59˟69 см.болуы қажет. Орнатылған биіктігі 1-1,3 м.болуы шарт. Теледидарға дейінгі орнатылған балалар орындықтарының аралығы 2 м, ал соңғы қатар 5 м болуы қажет. Балаларды отырғызған кезде бой ұзындықтарын ескеру керек, қатар аралығы 0,5-0,6 м. Мектепалды даярлық тобында көрсетілу ұзақтығы- 30 минут.
Көрнекілік ұстанымы ең басты дидактикалық ұстанымдардың басыңғысы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет