Мектеп жасына дейінгі балаларға математика элементтерін оқыту ерекшеліктері Балаларды оқыту және дамыту



бет4/8
Дата26.03.2020
өлшемі224,36 Kb.
#60838
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қарапайым математикалы ұғымдарды қалыптастыру.docx (1)


І кезең «іс жүзінде лайықтап өлшеуден» басталады, мұның өзі айнала қоршаған обьектілерді санақ системасының бас нүктемен реалды ара қатысын өрнектейді.

ІІ кезеңде бастапқы нүктеден қандай да бір қашықтықта жатқан обьектілердің өзара орналасу қалпын көріп баға бере бастайды. Мұндайда қозғалыс анализаторының ролі аса зор, мұның қатысы кеңістік айыруда біртіндеп өзгереді.

Бастапқы кезде кеңістік-қозғалыс байланыстарынң бүкіл комплексі тым жайылыңқы көрінеді. Мысалы, бала нәрсеге арқасымен сүйеніп тұрады, тек осыдан кейін ғана барып ол нәрсе арт жағында тұрғанын айтады; бір жақ жанында тұрған нәрсені қолымен сипап көреді, тек содан кейін ғана олобьектінің оның оң немесе сол жағында тұрғанын айтады т.с.с. Басқаша айтқанда, бала обьектілердің түйсіктік санақ системасымен арақатысын іс жүзінде байқап біледі, бұл оның оның өз денесінің түрлі жағы болып табылады.

Обьектімен тікелей жақын болуы үшін оған жылжып келіп жүрсе, кейінірек ьүкіл тұлғасын бұратын болады, ал одан кейін сұқ қолымен бағытты нұсқап көрсететін болады. Бұдан әрі нұсқау қимылының орнына қолымен білінер-білінбес қимыл жасайды. Нұсқау қимылының орнына, енді басын сәл ғана қимылдатып, ақырында анықталатын нәрсе жаққа қарай тек көз қиығын ғана тастайтын болады. Сонымен кеңістік бағдарлаудың әрекеттік тәсілінен бала енді басқа тәсілге көшеді, мұның негізіне алынатын нәрселердің бір-біріне және оларды анықтауыш субьектіге қарағанда кеңістік орналасуын көріп жасалатын баға. Кеңістікті бұлайша қабылдау негізіне, И.П. Павлов жазғандай, сол кеңістікте тікелей қозғалу тәжірбиесі алынып отыр. Тек қозғалыс тітіркеністері арқылы және де олармен байланыса отырып көру сезімдері өзінің өмірлік немесе сигналдық мәнісіне ие болады. Сөйтіп кеңістік бағдарлау тәжірбиесін игергеннен кейін балаларда сырттай байқалатын қозғалыс реакциялардың интеллектенуі пайда болады. Оларды бара-бара тұжырып тастап, оймен іс-әрекет жасау жағында көшу процесі материалданған, практикалық іс-әрекеттен ақыл-ой іс-әрекетіне өтуді дамытудың жалпы тенденциясының көрінісі. Кеңістік бағдарлануының дамуымен бірге қабылданатын кеңістіктің бейнелену сипаты да жетіле түседі. Сыртқы дүниені қабылдау кеңістікте жіктеліп бөлінген деп көрсетті И.М. Сеченов. Осылайша жіктелу кеңістіктің обьективті қасиеті – оның үш өлшемді болуы себепті біздің қабылдауымызға «жүктеліп» отыр. Кеңістікте орналасқан нәрселерді адам өз денесінің түрлі жағына қатысты алғанда, оны негізгі бағыттар бойынша мүшелеп бөлетін сияқты, яғни айнала қоршаған кеңістікті сәйкес әр түрлі зонаға бөлінген орын деп қабылдайды, ол зоналар: алдыңғы жағы, сол жағы, оң жағы мен артқы жағы, мұнда дда оң жақ жанымен сол жақ жаны. Алайда бала осылайша қабылдауға және түсінуге қалай келеді? Мектеп жасына деййінгі балалардың мүмкіндіктері қалай?

Алғашқы кезде бала өзінің алдыңғы жағында, артқы жағында, оң жағында сол жағында орналасқан обьект деп оның өз денесіне тиіп тұрған немесе аса жақын тұрғандарды айтады. Олай болса, балабағдарланатын алаң бас кезінде тым шектеулі болады. Бағдарланудың өзі де бұл жағдайда тым шағын аралықта, яғни тура мағынасында айтсақ, өзіне қарай және өзінен былай деген мағынада жүзеге асылырады.

Үш жасар балаларда обьектілердің бастапқы санақ нүктесіне қарағандағы тұрған орнын көріп бағалау мүмкіндігі біліне бастайды. Бейнеленетін кеңістік шекаралары баланың өзінен көп кейін шегінеті сияқты, алайда алдыңғы жақта, арт жақта, оң жақта не сол жақта орналасқан обьектілерді анықтау сагитталь және фронталь түзулермен тікелей жанасып жататын кеңістіктің тым тар учаскесі жөніндегі түсінікпен байланысты келеді. Мұнымыз санақ нүктесі делінетін субьектінің әр қабырғасына перпендикуляр болып келетін жер бетіндегі түзулер сияқты. Алдыңғы оң жақта, мысалы, зонаға 30-45 бұрышпен орналасқан обьектіні бала не алдыңғы жақта, не оң жақта орналасқан деп түсінбейді. «Бұл алдыңғы жақта емес, бір жақта», -дейді ондай жағдайда балалар, немесе: «Бұл жақта емес, шамалы алға қарай» т.с.с. Алғашқы кезде балалар кеңістікті жайылыңқы түрде қабылдаған болса, енді оны учаскелерге бөліп қабылдайтын сияқты.

Бес жаста баланың бөлген учаскелерінің аудандары: алдыңғы, артқы, оң жақ және сол жақ біртіндеп артады. Олардың қай түзу (сагитталь не фронталь) бойымен болмасын алыстау дәрежесі артып отырады. Енді тіпті алыстағы обьектілерді бала өзінен алдыңғы жақта не артқы жақта, оң жақта не сол жақта орналасқан деп айтады. Сагитталь не фронталь түзулерден бөліп алынған учаскелердің ауданы да біртіндеп артады, олар өзара жақындайтын сияқты. Біртіндеп балалар тұрған жердің бетін бөлінбейтін біртұтас деп түсіне бастайды. Әрбір учаске немесе зона әлі де абсолюттенеді және тек алдыңғы, артқы, оң жақтағы немесе сол жақтағы деп қана анықталады, бастапқы кезде бұлар бір-бірінен ажыратып бөлінген деп түсініледі. Бір-біріне ауысу мүмкіндігі әзір жоқ.

Кейінірек бала негізінен зона екіге зонаны бөліп алады: не оң жақ пен сол жақ, не алдыңғы мен артқы жақ. Бұлардың әрқайсысын тағы да екі учаскеге бөледі: алдыңғы, мысалы, зонада – алдыңғы оң жақтажәне алдыңғы сол жақта орналасқан учаске; артқы зонада – артқы оң жақта және артқы сол жақта орналасқан учаске. Егер де оң жақ пен сол жақ зоналар болып бөлінген болса, онда оның учаскелері мынадай болмақ: оң жақтан алда және оң жақтан артта; бұл да солай – сол дақтан алда және сол жақтан артта. Кеңістіктің аралық нүктелерін енді бала айқын бейнелеп айта алады: бқл алдыңғы оң жақта және алдыңғы сол жақта т.с.с. Бұл жастағы бала қабылдап отырған біртұтас кеңістік бағыттар бойынша жіктелуін мағыналы түрде түсінеді. Олардың әрқайсының ішінен әр түрлі зоналарды және учаскелерді бөліп алады, сонда өзара ауысып жатуы және олардың шекараларын біршама қозғап та қочтын болады. Мектеп жасына дейінгі балалрды оқытуға дейінгі даму жолын зерттегенде кейбір алты-жеті жасар балалардың ғана жоғары нәтижеге қолы жеткенін көріп отырмыз. Алайда оқытқан жағдайда алты жасар балалардың оған қолы жеткен көрінеді.

Кеңістікте өзіне қарай, өзінен әрмен және обьектілерден әрмен бағдарлау кезеңдері бірін-бірі алмастырмайды, тек қана күрделі диалектикалық өзара қарым-қатынасқа ене отырып, өтіп жатады. Өзіне қарай бағдарлау белгілі басқыш ғана емес, сонымен бірге нәрселердің өзінен бастап, сондай-ақ обьектіден бастап орналасуына бағдарланғанда да міндетті шар болмақ. Нәрселердің орнын анықтағанда адам айнала қоршаған нәрселедің ылғи да өзінің координаталарымен арақатысын табады. Мұны әсіресе баланың ісінен анық көреміз: қарсы тұрған адамның оң жағында не сол жағында тұрғандығын білу үшін бала, ең алдымен сол жақтарды өзінен табады, одан кейін ойша 180 бұрыщқа бұрылады, сосын қарсы тұрған адамның орнына өзін қойып, оның оң не сол жағын табады. Тек осыдан кейін ғана бала басқа адамның оң жағында және сол жағында кеңістікте орналасқанын айыра алады. Олай болса, өзіне қарай бағдарлау бастапқы болып табылады.

Өзінен әрмен бағдарлағанда системамен пайдалану үшін санақ системасының басы субьектінің өзі болуыкерек. Ал обьектіден әрмен бағдарлағанда онымен салыстырғанда басқа нәрселердің кеңістік орналасуы анақталатындай санақ басы сол обьектінің өзі болуы тиіс. Бұл үшін осы обьектінің әр түрлі жақтарын бөліп көрсете білу керек, олар: алдыңғы, артқы, сол жақ, оң жақ, жоғарғы, төменгі жақтары.

Нәрселердің өзіне қарай, өзінен әрмен, басқа обьектіден бастап орналасуы жөнінен кеңістік бағдарлауын дамыту мектепке дейінгі дәуірде өтеді. Оның балаларда даму көрсеткіші деп санақ басы (басқа обьектілерле жатқан) еркін қозғалатын системаға біртіндеп ауысуды айтуға болады.

Балалардың мектепке дейінгі жасында нәрселер арсындағы кеңістік қатынастарының бейнесі мен қабылдау қалайша дамиды? І кезеңде әлі де болса кеңістік қатынастарды бала жеке бөле алмайды. Айнала қоршаған нәрселерді бала «жекеленген» түрінде қабылдайды. Олардың арасындағы кеңістік қатынастарды әлі түсіне бермейді.егерде балалардың алғашқы кезде кеңістік туралы түсінігі аморфты, жіктеліп бөлінбеген болса мектепке дейінгі жаста бейнелетін кеңістік дискретті болады. Мәселен, 3-5 жасар балалардың көпшілігі әр түрлі нәрселердің кеңістік топтарын оған енетіндердің ортақ белгісіне ғана қарап адекват ретінде анықтайды. Мысалы, екі карточкада бір-біріне қарағанда әр түрлі болып орналасқан бірдей үш нәрсе кескінделген. «Карточкалар бірдей,-дейді бала,,-мында қоншық, мында да қонжық, ал мында қоян, ал мында қуыршақ, ал мынау да қуыршақ...» Бала бірдей нәрселер көреді, ал нәрселердің орналасу қалпындағы кеңістік қатынастарды ескермейтін сияқты, сондықтан да карточкаларды бір-бірінен айырмашылығын көрсетпейді.

Жоғарыда, жиындарды беттестіру жолымен қайыра шығарып алғанда балалар нәрселердің арасындағы кеңістік, қатынастарды ескермей, олардың кескінін ғана көріп қабылдау ерекшелігін ғана атап өткен едік; сондықтан бір жиын элементтерін екіншісіне тұтастыру балаларға ауыр тиген еді.



ІІ кезеңде кеңістік қатынастарын қабылдамақ болып алғашқы қозғалыстар жасалады. Кеңістік қабылдаудың дискретті сипаты қабылдаудың кеңістік қатынастарын бейнелеуге айырықта түрде көшеді. Алайда, бұл қатынастарды бағалау дәлдігі әлі де салыстырмалы ғана.

ІІІ кезеңде нәрселердің кеңістікте орналасу қалпын қабылдау ары қарай жетілн түседі. Нәрселер арасындағы қатынастарды дұрыс бағалауда сөздің атқарар ролі зор, сөз арқылы олардың дифференциясын дәлірек орындауға болады. Кеңістік жалғаулары мен үстеулердің мәнісін балалр ұғынғанда обьектілердің орналасу қалпы мен олардың арақатынастарын дәлірек түсініп әрі дұрыс бағалайтын болады.

Зерттеулер мен іс жүзінде өткізілген тәжірибеге қарағанда кеңістік жалғаулар мен үстеулерді пайдалана отырып, балалар кеңістік қатынастарын тани білу және басқалардың арасына тығыз қойылған нәрселердің орын қалпын өздігінен белгілей алуын дамыту мүмкіндіктері бар.

Нәрселер арасындағы кеңістікқатынастарын абстракциялау үшін күрделі прцесс болып табылады, ол тіпті мектепке дейінгі аралықта сақталмайды да, мектепте оқып жүріп жетіле бермек.

Жалпы қорытынды: баланың «өз денесінің схемасын» танып білуі сөздік санақ системасын негізгі кеңістік бағыттар бойынша игеру негізі болмақ. Осының өзі кеңістік қатынастарын анықтағанда бастапқы кезеңдерде субьект пен обьект арасында тікелей контакт жасауын және жақын орналастыруын түсіндіріп береді. Бала «өз денесінің схемасын» қозғалмайтын санақ нүктесі делінетін обьект орнына ауыстырып қояды. Сондықтан да баланы нәрсенің жақтарын (алдыңғы, артқы, екі жаны т.б) айыра білуге үйрету аса маңызды.

Балалардың кеңістік бағдарын дамытуда қозғалыс анализаторының атқарар ролі зор. Практикалық қолғалыс байланыстар комплексіне сүйену деген біртіндеп кемиді. Балада обьектілердің кеңістік орналасу қалпын дистанттық, көріп бағалау дами бастайды. Ал мұның өзі нәрсенің орны-қалпын және нәрсенің оның өзіне және Жер бетінің кез келген нүктесінде тұрған басқа да нәрселерше қатысын дәліріек анықтауға мүмкіндік береді.

Кеңістікте бағдарлану процесі және оның бейнеленуі балаларда жалпы түрде былай дамиды: алдымен – аралас күйде қабылдау, өйткенде нәрселер арасындағы кеңістік қатынастарынан тысқары кейбір обьектілер ғана бөлініп шығады, әрі қарай негізгі кеңістік бағыттар жөніндегі түсініктерге сүйене отырып, сол негізгі бағыттар – вертикаль, фронтель және сагитталь бойынша бөлшектеп қабылданатын сияқты, со-

нымен бірге бұл түзулердің бойында орналасқан нүктелер (алдыңғы жақта не артқы жақта, оң жақта не сол жақта орналасқан сияқты болып көрсетілген) баладан біртіндеп алыстай береді. Бөліп алынған учаскелер ұзынынан және енінен артқан сайын, олар ұштаса бастайды, сөйтіп жер беті жөнінде бөлінбейтін тұтас сияқтанып жалпы түсінік қалыптасады, ал енді дифференциацияланған кеңістік түсінігі пайда болады. Енді осы жер бетіндегі әрбір нүкте дәл шектеледі әрі алдыңғы жақта, немесе оң жақ алдында, не сол жақ алдында т.с.сс орналасқан болып анықталады. Бала кеңістікті оның шексіздігімен және дискреттігімен қоса біртұтас ретінде қабылдауға жақын келеді. (Т.А.Мусейибова)

Көріп отырғанымыздай, баланың кеңістікті танып білуі және онла бағдарлануы күрделі де ұзақ процесс, ал кеңістік түсініктелі балаларда дамыту үшін арнайы оқыту керек болады, методика мұны ескеріп те отыр.

Бұлайша оұыту негізі дегеніміз ең алдымен айнала қоршаған нәрселер туралы, олардың кеңістік қатынастарымен қоса алғандағы, түйсіктік білімдер жиынтығы болмақ.

Кеңістік айырып жіктеудің екінші сигналдық реттеу механизмін қалыптастыру үшін сөздікпен істелетін жұмыстың және әр түрлі сабақтарда (математика, тілді жетілдіру, өнер саласында) тіл мәдениетін қабылдаудың балалардығ ойындарында да, олардың күнделікті өмірлерінде де маңызы зор.



МЕКТЕПКЕ ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ УАҚЫТТЫ ҚАБЫЛДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Уақыттты обьекті түрде ,біздің санамыздан тыс және әрі одан тәуелсіз түрде бар болады.Оны қабылдау әрі танып білу –нақты уақыттың біздің санамызда бейнелеуі ғана.Уақыттың сипаты ерекшеліктері болып табылатындар:1. Оның озып өтуі;2.оның қайтымсыздығы; 3.көрнекі формаларың болмауы ол көрінбейді де, естілмейді де.

Орыс тілінде время уақыт ежелгі орыстың веремя деген сөзінен шыққан,ол айналу деген мағынаны береді. Өткен ,келер және осы шақтар;олар алмаса алмайтындай болып,өзара байланысқан. Уақыттың қайтымсыз болу қасиеті,уақыттың бір бағытпен өтуі табиғат пен қоғамның жоңары өрлеу сызығы бойыменмәңгі даму,ескіден жаңаға өту белгісі.Туйсіктің қабылдау деген уақытты қабылдаудың негізі болмақ.Алуан турлі анализаторлар комплексі уақыттың бачу өтетіндігі туйсікпен қабылдауға септігін тигізеді,алайда И.М. Сеченов есіту және бұлшық еттер туйсіктеріне ерекше мән берген.»Тек дыбыс пен бұлшық еттер туйсігі ғана адамға уақыт жөніндегі туйсік береді, онымен бірге өзінің бір мән – мағынасымен емес ,бір жағынан ғана ,дыбыстың созылыңқы және бұлшық еттер туйсігінің баяулығыарқылы барып сезінеді».Сондықтан есіту мен бұлшық еттер туйсігіннің И.М.Сеченов уақыт пен кеңістіктің жарым-жартылай анализаторы деп атаған.

И.П.Павлов уақыт санағы нерв жуйесінің әр бір элементіне ,әр бір клеткасына тән деп көрсетті және де ол анализатордың қай –қайсына «уақытты санай» алатындығын эксперимент жузінде дәлелдеп берген.И.П.Павлов уақыт қабылдаудың физиологиялық негізі болып табылатын қозу мен тежелудің алмасып отыруы,осының өзі «уақыт санауға» мумкіндік береді де дегенді.Бұл пікір бірқатар зерттеумен дәлелденген;екінші сигналдық системада салыстырмалы турде қозғыш процесі басымырақ болғанда уакыт кемдеу бағаланады да тежелу процесі басымырық болғанда артығымен бағаланады.Сөйтіп ,уакыт аралықтарын дәл бағалаусайып келгенде қозу мен тежелу процесі динамикасымен анықталады.Ал уакыт аралықтарын дифференциялау уакытқа деген шартты рефлекстер нәтижесі болып табылады.

Адам уақытты қабылдаудан бұрын жануарлар дуниесінің букіл даму жолын өтіп отыр. Алайда тіпті сол психологиялық жоғары сатыдағы жануарлардың уақытты қабылдауы –уақытты адамның қабылдауынан сана жағынан өзгеше таза биологиялық құбылыс.Адамның уакытты саналы турде қабылдауы әлуметтік –өндіріс практика жүзінде қалыптасқан.Уақыт өлшеудің алуан турлі құрал-жабдықтары,эмоция,уақытұғымдары ,қондырғылармұның бәрі жануарларда болмайды т.б.Уақыт жөнін адам бағдарлағанда уақыт бейнесінің өзара бірін-бірі толықтыратын турлі екі формасы болады.Олардың бірі-уақыт ұзақтығы тікелей туйсіну ,бұл висцераль сезумен шаттасып жатады,мұның негізінде шартты рефлекстер пайда болады.Екіншісі –уақытттың өзін қабылдау,анағұрлым курделі әрі жетілген бейнелеу формасы бұл болса,жалпылама органикалық негізінде дами келе екінші сигналдық системаның қортындылау фунгциясымен тығыз байланыстаболады.Уақыт ұзаұтығын тікелей қабылдау болса ,ол біздің оны сезіну қабілетіміз ,ешқандай көмекшіқұралсыз-ақ уақыттыбойынша бағдарлау және тікелей бағалау арқылы білінеді.Осы қабілет «уақыттты сезу « деп аталады.

Алуан түрлі іс-әрекеттерде «уақытты сезу»не темпті сезу ретінде,не ритмді сезу ретінде,не жылдамдықты сезу ретінде білінеді.Осы сезімді қалыптастыруда көптегенанализатор әрекеті негізінде уақытты диференциялау тәжірбиесі белгілі бір роль атқарады.Мәселен,«уақытты сезу» дегенге сезіп қабылдаумен қатар логикалық компоненттерде енеді,олар:уақыт өлеуіштерін білу.Сонымен,«уақытты сезу» деген біріншіжәне екінші сигналдық системалардың өзара әрекеттесіненегізделеді.

«Уақытты сезу»әр түрлі даму басқышындаболуы мүмкін.Ерте кезде уақыт эталондарын білмейтұрып та бай сезім тәжірбиесіне сүйеніпқалыптасады.Нәресте дыбыс береді,өйткені тамақтанатын мерзім жетті.Нәресте тойында-ол тыныш,жымиып жата береді,ұйықтайды.Оның әзір«уақытта сезу» дегені жоқ,ондайсезім нақтылы әрекетпенбайланысты ғана қалыптасқан,яғни оның қолданылу сферасы аса тар.Уақытбірліктерін игергеннен кейін және оларды қолдана келе,«уақытты сезу»кеңіннен пайдаланылатын болды.

«Уақытты сезу» адамның практикалық іс-әрекетінде арнайы ұйымдастырылған жаттығулар және де уақытты бағалау әдістерін игеру нәтижесінде дамиды әрі жетіледі.Мұндай жағдайда ол іс-әрекетті реттеуші ролін атқара бастайды.

Сонымен,уақытты қабылдау,бір жағыннан,сезім негіне келіп тірелсе,ал екінші жағыннан-уақытты бағдарлаудың көпшілік қабылдаған этолондарын игеруге келіп тіреледі.Уақытты сезіп қабылдауға септігін тигізетіндер өміріміздің қатаң периоты болып келетін барлық негізгі процесі болмақ (демалыс ритімі, жүрек соғысы т.б) Адамның күнделікті өмірінің ритімі де дәл сол сияқты уақытқа деген шартырефлекстер тәрбиелеуге себін тигізеді.

Психологиялық зерреулердің көрсетуінше, екінші сигналдық система уақыт жөнінде түсінік қалыптастыруда, уақыт аралықтарын бақылауда зор рол атқарады. Ал сөзбен қабылданғанөлшеу бірліктері есебімен әр түрлі уақыт мөлшерін айтамыз,процестердің темпін,ритмін,олардың алмасуын және периодтылығын өрнектепайтамыз.

Уақытты қабылдау негізгі деп,басқада қабылдау сияқты ,бейне түзетін перспективтік амалдар системасын айтады (Б.Г.Ананьев .Уақыт болса,осы процестердің ритм мен темп бойынша,реті бойынша т.с.с.ерекшеөту сипаты іспетті,ал бұл-көпшілік қабылданған этолондар көмегімен өлшенеді.

Уақыт аралықтарын өлшеуді және қайыра бейнелеуді бағалау ерекшеліктері қандай?

Зерттеулердің айтуынша уақыт аралығын сөзбен бағалау ең аз дәлдікпен сипатталады.Уақытты ең дәл қабылдау уақытты қайыра бейнелегенде байқалады.Мұның себебі сол,егер қабылданатын уақыт аралығы қабылдағанда және өлшегенде есте сақтағанда белгілі эталонмен іштей салыстыру қажет болса демострациялап уақыт аралығын қайыра бейнелегенде оны эталонмен іштей салыстырумен қатар ,ол аралылықты іс жүзінде демострцияланған эталонмен салыстыру керек болады.Аталған уақыт аралығын өлшегенде туатын қиындық сол,ол аралықты бағалау керек,одан кейін өлшеуге көшеді,мұның өзі бір қатар анализаторлар көмегімен орындалады –сөз қозғалыстары ,қозғалыс,көру –барлығы байланысқан турінде, ө йткенібарлығынан да тәуір саналатын уақыт анализаторы жоқ.Уақыттың алуан түрлі қасиеттері анализаторлар комплексі жәрдемімен білінді.Сонымен, психологиялық зерттеулердің барлығы да сөздің ерекше ролін және де уақыттың әр жағын қабылдауда әрі бағалауда қоғамда қалыптасып қалған этолондардың ролін ерекше атапкөрсетеді.

Мектепке дейінгі Физалогиялық зерттеулердің көрсетуінше, ерте жастағы балаларды балалардың уақытқа деген шартты рефлекстерді тәрбиелеу жылдамдығы әр түрліуақыт бойыншамектеп жасына дейнгі балаларды үлкен қиындықпен келеді және аса бағдарлауын тұрақсыз да дамыту міндеттері: Уақыттың созылмалы өтіп жататынын, оның қайтымсыздығын және периодтығын балалардың қабылдауы аса киын,өйткені көрнекі формалар жоқ. Балалар үшін уақыт қатынастарын белгілейтін сөздің мәнін түсіну де күрделі, өйткені ол салыстырмалы сипаты:мысалы,енді- қазір немесе бүгін-кеше-ертең т.б.Сөздер нені білдіреді, айырмашылығы неде.«Бұл уақыт белгілеулердің мәні теңбе- тең болғанда реалды нақты момент, олардың көрсетіп отырғаны,үздіксіз жылжып отырады. Бұл баланың бірден игере алмайтын қиындығы»,-деп жазды С.Л.Рубинштейн.Сондықтан мектепке дейнгі балалар ересек адамдардан:«Бүгін деген ертең бе, ал енді бүгін бе?», «Жел деген айналып тұратыны рас па?: жаз еді, өтіп кетті, тағы орала ма?» дегендерді жиі сұрайды.

Ерте даму кезеңдер де бала уақыт жөнінен уақыттан тыс, сапалық белгілер негізінде бағдарлайды. Бұдан біз балалардың уақыт қатынастарынаерте қызығатынын байқаймыз.Балдырғандар арнаулы уақыт термендерін қиындық пен игерсе де,олардың сөз қорының дамуына қарай қазіргі, өткен және келер шақ етістіктің уақытқа байланысты айырмашылығын орынды пайдаланатын болады.

Кіші топтың балалары сапалық белгілері бар оқиғаларды уақыт жағыннан айқын шектей біледі.Олар тәуелдік бөліктерін,тұсында атқарылатын әдепкі әректтермен байланыстырып, айыра біледі, өзддеріне жақсы таныс және де өздерінің эмотция жағына қызықтыратын кейбір уақиғаларды белгілі бір уақыт мерзімімен байланыстырады.« Елка – қыс түскенде»,« жаз келгенде барамыз»т.с.с . Төрт – бес жасар балалар мазмұны жөнінен өзінің жеке тәжірбиесін мен белгілі бір түсініге бар кішігірім уақыт аралықтарын әжептеур дәл анықтайды, мысалы олар демалыс күніннен кейін музыка сабағы несанау болса сабақ өтетінін беледі. Оны күтіп жүреді, оған дайындалады, тәрбиешіден оны сұрап қояды. Алайда ол сабақтардың ұзақтығы туралытүсінігі дәл емес,тәрбиешісабақтың ақырына дейін бір минут қалғанына дейін бірнеше рет ескетіп тездертіңдер деседе, бұны олар елең қылмайды, өйткені минуттың ұзақтығын олар білмейді, минут деген сөз оларда сезімдік қабылдаумен байланыспаған. Ал ұзағырақ уақыт аралықтары жөніндегі түснікке келсек ересек балалар да олар дәл емес.Аса өне заман жөніндегі олардың түсінігі тіптіде бұлдыр.Солай болатұрса да, ертеде өткендерге қызығады алайда әр бала уақыт тұрғысыннан әр түрлі шектейді, бұның бәріересекбалалардың уақыт қатынастарымен таныстырама,балаға белгілі уақиғаларды уақыт тұрғысыннан шектеу жөнінде әңгімелесе ме,соған байланысты, байқасақ ,дұрыс басшылық берілсе, бала көптеген нәрсені игере алады екен.

Осы сияқтымысалдарға қарағанда мектеп жасына дейінгі балалар ересек топтығы балалар кейбір ескілікті тарихи оқиғаларды белгілі бірдәрежеде түсіне біледі.

«Балалар бақшасында тәрбиелеу програмасы »ересек тобтағы балалардың кейбір тарихи оқиғалармен таныстырады,осы жастан бастап-ақ балаларда уақыт жөнінен бағдарлай білуі қалыптастыру қажет.

Уақиғаларды уақыт бойынша өту ретін дәлірек шектеу және түсіну қабілетін дамыта келе,осы уақиғалардың себептік тәуелдіктерін сана мен түсіну мүмкін болады,ал негізгісі сол алуан уақыт эталондары мен пайдалана білу іскерлігін дамыту,мұның өзі уақыт қатынастарының көрсеткіштері жағынан өрнектеп көрсетуге мүмкіндік береді.

С.Л.Рубинштейін былай жазады;« уақыт жөніндегі түсінік балаларда әдетте кеш дамитын болған мен (әсіресе оны тәрбиелеуге жеткілікті көңіл бөлмеген жағдайда),оған баланың ой-жотасы жете бермейді деп қорқуға болмайды.»

Уақыт жөніндегі түсінік қалыптастыруда сөздің атқарар ролі үлкен ; ұзақтығы әр түрлі уақыт аралықтары сөз арқылы абстракцияланады және қортындалады; секунт,минут,сағат,апта,ай,жыл т.б.Осы атаулардың балалардың пайдалану дәлдігі уақыт эталондарының әрқайсысының нақты мазмұны қандай,ол қандай негізгі белгілермен сипатталады-соған байланысты.Алайда қандай уақыт аралықтары болса да сипатталатын нақтылы белгілер аса шкетеулі келеді,өйткені олар адам өмірінің тұрмыстық,экономикалық және географиялық талаптары мен айқындалады.Күн дегенде-ол әр уақытта да ,қай жерлерде жарық және халықтың еңбек етуі деп,ал түн болса –қараңғы және халық ұйықтайдыдеп сипаттала бермейді .Сондықтан ,тәуліктердің жыл мезгілдерінің т.с.с. алмасу тәуелділігін айырып көрсететіндей ,көрнекі құралдарды табу аса маңызды .Қай эталонды болсын түсіну ушін ортақ белгілерді табу қажет .Мәселен,кеше,бүгін,ертең т.б сөздердің мәнісін айқындау ушін ,ең алдымен тәуліктердің өтіп жататынын және алмасып отыратынын түсіну қажет.Әдетте бір тәуліктің екінші мен алмасу белгісі деп кішкене балалар москва куранттарының соғысын біледі.«Тәулік айналып тұрады» дейді төрт-бес жастағы балалар .«Тәулік» эталонын оның құрамын (ертегілік, күн ,кешкілік,түн),олардың ұзақтығы және алмасуын үш-төрт жасар балалар ересек адамдар дұрыс басшылық беріп отыруын түсіну оқушыларды уақыттың басқа эталондарының (апта күндері айлар мен маусымдар,жылдар т.б.) мәнісін таныстырғанда негізге алынады,бұлардың әрқайсысы балалар өзінше бірнақтылы белгілермен байланыстырады.

Мәселен , уақытты балалар реал өмірлік процестердің сипаты ретінде түсінеді ; ол процестердің ұзақтығын, шапшаңдығын,өту ретін,темпін мен ритімін сипаттайды.

Мектепке жасына дейінгі және төменгі кластардағы балалар уақыт категориясынн іс-жүзінде қалайша айтады екен?Зерттеулердің көрсетуінше,алты-жеті жасар балалар уақыт үстеулерін орынды қолданатын көрінеді.Бірақ уақыт категорияларының бәрін бірдей бірден саналы түрде түсіндірмейді әрі дұрыс айта да бермейді. Уақиғаларды уақыт жөнінен шектейтін және шапшаңдығын өрнетейтін үстеу сөздерді баяу игереді. Алайда балалар қиын ұғынатын уақыт үстеулерін ашып түсіндіру жөнінен бірнеше сабақ өткізсе,олардың түсінігін нықтай түсер еді. Бұдан шығатын қортынды:алты-сегіз жасар балалардың уақыт ұғымдары сөйлну процессінің үздіксіз өсу стадиясында болады.Бұлайша даму балалардың алты-жеті жасар аралығында. Егер ол процесті біреу басұарып отырса, әсіресе қаулап өседі.Алайда уақыт қатынастырының мектеп жасына дейін аса нәзік диференциясы аса баяу қалыптасады және де жалпылама баланың ақыл ой сөйлеу қабәлетәне тәкелей байланысты. Баланы оқыту мен тәрбилеу –оларды басқарудың құдәретті құралдарының бірі.

Қайсы бір:тәрбиешілер:«балалар сағат, минут дегеннің ұзақтығы не екенін тіпті білмейді,не артық-сағат па не минутпа,күн бе не апта ма дегенге жауап та қайтара алмайды;тіпті ересек балалардың өздері де сағат пен календардың т.б. мәнісін түсіне алмайды деп ренжиді.» Балалардың басым көпшілігі сағат тілдерінің қозғалысын түсінбейді,ал қол сағатын ересек адамдар сәндікке тағады деп түсінеді.Алты жасар балалардың көпшілігі апта күндерін ,ай атауын ретімен атай білмейді ,өздеріне таныс мейрам даталарын олармен байланыстыра алмайды, сондай-ақ олар жыл мезгілдері мен айларды д а байланыстыра алмайды,жыл мезгілдерін себептік байланыстарын да білмейді .Балалар қандай болмасын режимдік моменттердің ұзақтығын ,сабақтардың ұзақтығын т.б. түсінбейді де.

Мұның себебі ауық-ауық өтілетін сабақтар (көбінесе олар айтып отырып жүргізіледі),онда балаларды тәулік (ертеңгілік ,күн кешкілік,түн) маусым бөліктерінің белгілері мен таныстырады; апта күндерін, ай аттарын реті мен жаттайды-таза формалды сипаты; олар балаларды уақыт жөніндегі негізгі ұғымдар қалыптастырмайды-оның өтіп жататынын,қайтымсыздығы, ритімі мен темпі жайында ,уақыттың периодтылығы мен алмасатыны жайында.Балалардың кейбір уақытбелгілері жөнінде алған мағұлматтарды бала сапасына тыс қала береді,уақыт қатынастарының байыбына бармайды.

Психология мен физиология балаларда «уақыт сезімін дамыту қажеттігін атап айтады(Н.И.Красногорский т.б.).Уақыт ұзақтығын бағалауға үш фактор әсер етеді деп көрсеткен; Әрекет мазмұны ,оған қызығушылық және баланың жасы.Көптеген қызғылықты уақиғаларға толы уақыт мазмұны жағынан бай да, әдетте білінбей өте береді және оның ұзақтығына берілетін баға ақиғаттан кемдеу келеді.Және керісін ше,уақыт бір қалыпты өтетін болса,оның мазмұны да жадау болады, «созылыңқы» болыпкөрінеді және оған берілітін баға да ақиқаттан артықтау келеді (С.Л.Рубинштейін)

Бұдан шығатын сол,екінші фактор –әрекеттің осы аталған түріне қызығушылық дәрежесі ,уақытқа берілетін баға ға,сөз жоқ, әсер етеді.Балаға қызықты көрінетін әрекет,тезірек өтеді, оның ұзақтығын байқалмайтын сияқты,нақты ұзақтығына берілген баға кемиді. Және керсінше ,жағымды әсерлер қоздырмайтын әрекет , ақиқатпен салыстырғанда ,ұзақ тау болып қабылданады ; бала одан құтылғанша асығады.Бір минуттың ұзақтығы туралы баланың түсінігін зерттей келе ,ылғи да қайталанатын ескертулерді олар түсінбейтінін көреміз; «Ең болмаса бір минут тыныш отыршы» ,т.б. Балалар осыншама аз уақыт аралығында не тындыра қойылатынын білмейді ,бір минут деген сөзден сенсорлық тәжірибесі жоқ.Солай бола тұра , өз жұмысының ұзақтығын бағалау қажет және оның қажеттігі айқын.«Балалар , жабыстырып аяқтаңдар , не бәрі бір минут қалды» ,-деген тәрбиеші ескертуі сабақ үстінде аз естілмейді.Алайда «бір ,екі минут» деген сөздердің мағынасын олар сезбейді,сондықтан түсінілмей қала береді.Кейбір алты –жеті жасар балалар өз әрекеттерін өздері бағаламақ болады,алайда, жоғары да көрсетілгендей-ақ олардың берер бағасы субьективті, баланың жұмысқа қызығушылығына, оның мазмұнының байлығына және әр түрлілігіне байланысты.Қызығы сол ,әр жастағы бес ,алты, және жеті жасар балаларда минут ұзақтығын бағалауда білінерліктей айырмашылық болмайды.Бұдан шығатын қорытынды сол ,бұл сияқты тоқырау педагогикалық жұмыстың жетіспеушілік салдарынан болады.

Есте болары сол, мектепке дейінгі тәрбие системаларының кейбіреулерін де,оның ішінде Ю.И.Фаусек те ,уақыт сезімін дамыту сезіміне « тыныштық сабақтарына » арнайы көңіл бөліп келді( балаларңа бір минут бойы көздерін жұмып тыныш отыруды ұсынды, ал тәрбиеші саңатына қарап бақылап отырды ).

Педагогикалық эксперимент пен балалар бақшасының көптеген тәрбиешілердің айтуына қараған да ,балалар сенсорлық тәжірибемен қатар уақыт аралықтарының ұзақтығын құм сағат арқылы анықтау тәсілі мен танысқанда оларда 1,5,10,15,минуттық уақыт аралықтарының ұзақтығын ақиқат бағалау қалыптасады екен .Уақытты осылай бағалауды өз әрекеттерінде және қылықтарын да бірдей пайдалана бастайды.Балаларда « уақыт сезімі » дами бастайды, біртіндеп уақытқадеген нұсқау қалыптасады,(кешіктеу, айтылған уақытта жату т.б.Уақытқа дегени нұсқау баланың көңілін жұмылдырады,тапсырманы ритм мен орындауды қамтамасыз етеді; балалар қажетті материалды шапшаң сұрыптап алып,әдетегіше теңселіп жүре бермей ,бірден жұмысқа кірісіп кетеді.(Т.Д.Рихтерман)

Соны мен, ересек балалар тобында өз әрекетін уақыт жөнінен реттей білуді қалыптастыру әбден мүмкін болатындықтан ,оларда «уақыт сезімін» тәрбиелеу қажет ,ол үшін кейбір уақыт аралықтарына делінген сенсорлық тәжірибені уақыт сезімі мен байланыстыру керек,сонда сқз,арнаулы приборлар қолданады (құм сағат,жарға ілінетін сағат, қол сағаты) .

«Уақыт сезімін» дамыту мен қатар балаларда уақыттың өтетіндігі ,қайтымсыздығы және периодтығы жайында түсінік береді,сонда тәулік бөліктері жайлы( ертеңгілік, күн, кешкілік, түн) ,тәуліктердің алмасуы ретінде апта күндері жайлы, жыл мезгілдері жайлы,олардың реті, алмасуын т.б. жайлы түсінік беріп отыру керек.

Бір қатар авторлардың аяқтаған зерттеулеріне қараған да ,балалар әр түрлі уақыт түсініктерін және ұғымдарын,олардың қалыптасу долдарын игере алады екен, бұл методика да ескеріліп отыр және мұның өзі педагогикалық жұмыста жаңа ,биіктеу дәрежеге көтеруге мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет